ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 2023 жылы түзетілген бюджетпен барлығы 19089784,1 мың теңге қаралған, игерілгені 19084938,0 мың теңге немесе 100 %, игерілмегені 4846,1 мың теңге. Атап айтқанда:
1) 001 015 «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасына барлығы 244663,9 мың теңге қаралып, 244614,6 мың теңгесі (100%) игерілген. Атқарылмаған қаржы 49,3 мың теңгені (48,9 мың теңге - 1 (бір) мемлекеттік қызметкердің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз болуынан үнемделген, 0,4 мың теңге ағымдағы шығыстардың қалдығынан қалыптасқан) құрады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 24 бірлік мемлекеттік әкімшілік қызметші мен 16 бірлік штаттан тыс қызметкерді ұстап, аппараттың үздіксіз жұмыс жасауы қамтамасыз етілді.
Бюджеттiк бағдарламаның тікелей нәтижесіне 100 %-ға қол жеткізілді.
2) 007 015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша басқарманы материалдық-техникалық жабдықтандыру мақсатында барлығы 36 (отыз алты) дана негізгі құралдар (18 дана салқындатқыш, 6 дана компьютер жиынтығы, 1 дана түрлі-түсті принтер, 1 дана сервер кабинетінде орнатылған серверлер мен желілік коммутаторлардың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге арналған үздіксіз қуат көзі (УПС), 8 дана ID телефон, 2 дана бейнебақылау камерасы) сатып алуға берілген 6482,7 мың теңгенің 6482,6 мың теңгесі (100 %) игерілген. Атқарылмаған 0,1 мың теңге ағымдағы шығыстардың қалдығынан қалыптасқан қаржы.
Бюджеттiк бағдарламаның тікелей және түпкiлiктi нәтижелеріне 100%-ға қол жеткізілді.
3) 002 015 «Жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, оларды тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету және ұстау шығындарына (171,5 шт.бірлік), медицина қызметкерлерінің жалақысы көбеюіне байланысты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қайта есептеу арқылы жалақы төлеуді қамтамасыз етуге 642390,1 мың теңге қаралып, 642389,2 мың теңге (100%) игерілген. Ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен қалыптасқан қаржы - 0,9 мың теңге.
280 орынға арналған № 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы арқылы стационар жағдайында 204 адамға (жоспар - 180), жартылай стационар жағдайында 486 адамға (жоспар - 100), барлығы жыл көлемінде 690 қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
2024 жылдың 1 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаждардың саны 5846 адамды, нақты қамтылғандар саны 5844 адамды құрап, бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижесі 100 %-ға орындалса, тікелей нәтижесінің көрсеткіші 246,4 %-ға артығымен орындалды.
4) 013 015 «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсете отырып, оларға үй жағдайына жақын тұрмыстық жағдайлар жасау және орталықты ұстау шығындарына ((№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – 380,5 шт.бірлік, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – 114 шт.бірлік), қызмет алушылардың ғимараттың іші мен сыртындағы қозғалысын бақылау, қауіпсіздігін қадағалау мақсатында 135 дана бейнебақылау камераларын орнатуға, медицина қызметкерлерінің жалақысы көбеюіне байланысты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қайта есептеу арқылы жалақы төлеуді қамтамасыз етуге 2064198,4 мың теңге (№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы - 1570514,4 мың теңге, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы - 493684,0 мың теңге) қаралып, 2064197,2 мың теңге (№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы - 1570513,9 мың теңге, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы - 493683,3 мың теңге) игерілген (100 %). 1,2 мың теңге (№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы - 0,5 мың теңге, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы - 0,7 мың теңге) - ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен қалыптасқан қаржы.
Жыл көлемінде барлығы 592 мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 440 орынға арналған №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы арқылы стационар жағдайында 443 адамға (жоспар - 420), жартылай стационар жағдайында 44 адамға (жоспар - 20) және 101 орынға арналған Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы арқылы стационар жағдайында 105 адамға (жоспар - 101) қызмет көрсетілді.
2024 жылдың 1 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаждардың саны 5846 адамды, нақты қамтылғандар саны 5844 адамды құрап, бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижесі 100 %-ға орындалса, тікелей нәтижесінің көрсеткіші 109,4 %-ға артығымен орындалды.
5) 014 «Оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту шараларын жүргізу, орталықты ұстау шығындарына (166 шт.бірлік) және медицина қызметкерлерінің жалақысы көбеюіне байланысты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қайта есептеу арқылы жалақы төлеуді қамтамасыз етуге 844690,9 мың теңге қаралып, 844684,0 мың теңгесі немесе 100%-ға игерілді. Ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен қалыптасқан қаржы - 6,9 мың теңге.
Жыл көлемінде 150 орынға арналған Мүгедектерге арналған оңалту орталығы арқылы 1054 мүгедектігі бар адамдарға (жоспар - 150) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
2024 жылдың 1 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаждардың саны 5846 адамды, нақты қамтылғандар саны 5844 адамды құрап, бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижесі 100 %-ға орындалса, тікелей нәтижесінің көрсеткіші 702,7 %-ға артығымен орындалды.
6) 015 «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (ұйымдарда), арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында психоневрологиялық патологиялары бар мүгедектігі бар балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүйкесі бұзылған мүгедектігі бар балалар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсете отырып, оларға үй жағдайына жақын тұрмыстық жағдайлар жасау және орталықты ұстау шығындарына (217 шт.бірлік), медицина қызметкерлерінің жалақысы көбеюіне байланысты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қайта есептеу арқылы жалақы төлеуді қамтамасыз етуге 901847,1 мың теңге қаралып, 901840,5 мың теңге (100%) игерілген. Ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен үнемделген қаржы – 6,6 мың теңге.
Жыл көлемінде 130 орынға арналған Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы арқылы стационар жағдайында 68 балаға (жоспар - 60), жартылай стационар жағдайда 118 балаға (жоспар - 70), барлығы 186 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
2024 жылдың 1 қаңтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаждардың саны 5846 адамды, нақты қамтылғандар саны 5844 адамды құрап, бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижесі 100 %-ға орындалса, тікелей нәтижесінің көрсеткіші 143,1 %-ға артығымен орындалды.
7) 003 «Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 1657513,2 мың теңге бөлініп, 1655529,6 мың теңге немесе 99,9 %-ы игерілген. Игерілмеген қаржы көлемі – 1983,6 мың теңге (1961,3 мың теңге - өнім берушінің кепілдендірілген сомадан төмен баға ұсынуы және мүгедектігі бар адамдардың 14 күн толық ем алмауы, 22,2 мың теңге - өнім берушінің кепілдендірілген сомадан төмен баға ұсынуы есебінен).
Жоспарланған 12586 мүгедектігі бар адам арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық жолдамамен, протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етіліп, түпкiлiктi нәтижеге 100% -ға қол жеткізілді. Атап айтқанда:
102 «Мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасына бөлінген 670443,0 мың теңгенің 668481,7 мың теңгесі (99,7%) игеріліп, 1961,3 мың теңге - өнім берушінің кепілдендірілген сомадан төмен баға ұсынуы және мүгедектігі бар адамдардың 14 күн толық ем алмауы есебінен үнемделді.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар балалардың санаторлық-курорттық емделуін қамтамасыз ету бойынша жоспарланған 2814 адам толығымен қамтылып, тікелей нәтиже көрсеткіші 100 %-ға орындалды.
103 «Мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша қаралған 660621,1 мың теңгенің 660616,3 мың теңгесі (100%) игеріліп, 4,8 мың теңге өнім берушінің кепілдендірілген сомадан төмен баға ұсынуы есебінен үнемделді.
Жыл көлемінде барлығы 6817 мүгедектігі бар адамдар техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдарымен және арнаулы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз етілді, оның ішінде 566 дана сурдотехникалық құралдар (5 есту қабілеті төмендеуінің 2-3-дәрежесі кезінде ересектерге және балаларға арналған есту аппараты, 167 есту қабілеті төмендеуінің 3-4-дәрежесі кезінде ересектерге және балаларға арналған есту аппараты, 110 Мәтiндiк хабар беретін және хабарды қабылдайтын мобильді телефон, 95 саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағат, 94 көп функциялы сигнал жүйесі, 95 веб-камерасы бар ноутбук), 2046 дана тифлотехникалық құралдар (401 тифлотаяқ, 468 дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар мобильді телефон, 421 дыбыс жазбасын шығаруға арналған плееер, 207 нашар көретіндерге арналған жарық, үлкен, оңай оқылатын сандар мен көрсеткілері бар сағат, 232 Сөз шығаратын сағаттар, 2 Брайль қарпі бар сағат, 14 Брайль жүйесі бойынша жазу құралы, 17 Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi, 40 Брайль рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз, 1 алмалы-салмалы Брайль әліппесі, 143 сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук, 98 оқу машиналары, 2 Брайль қарпімен ақпаратты енгізу/шығарудың кіріктірілген сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютер), 3079 дана протездік-ортопедиялық құралдар (475 ересектерге арналған қолтық асты балдағы, 154 ересектерге арналған көп тіреулі шынтақ балдағы, 445 ересектерге арналған бір тіреулі шынтақ балдағы, 20 балаларға арналған қолтық асты балдағы, 2 балаларға арналған көп тіреулі шынтақ балдағы, 20 балаларға арналған бір тіреулі шынтақ балдағы, 1617 бір тіреулі таяқ, 29 көп тіреулі таяқ, 149 ересектерге арналған жетек арба, 19 балаларға арналған жетек арба, 11 қадамсыз жетек арба, 20 қадамдық жетек арба, 11 дөңгелекті жетек арба, 39 қосымша тірегі бар ересектерге арналған жетек арба, 68 қосымша тірегі бар балаларға арналған жетек арба), 1126 дана арнаулы жүріп-тұру құралдары (5 рычагты жетегі бар серуендеуге арналған, 9 электр жетегі бар әмбебап, 6 ересектерге арналған белсенді типтегі әмбебап, 62 ересектерге арналған көпфункционалды әмбебеп, 50 Балаларға арналған көпфункционалды әмбебап, 52 сырғытқы, 358 қол жетегі бар бөлмеде жүріп-тұруға арналған базалық (ересектерге арналған), 11 қол жетегі бар бөлмеде жүріп-тұруға арналған базалық (жасөспірімдерге арналған), 33 қол жетегі бар бөлмеде жүріп-тұруға арналған базалық (балаларға арналған), 430 қол жетегі бар серуендеуге арналған базалық (ересектерге арналған), 23 қол жетегі бар серуендеуге арналған базалық (жасөспірімдергее арналған), 87 қол жетегі бар серуендеуге арналған базалық (балаларға арналған) кресло-арбалар).
Кіші бағдарламаның тікелей нәтижесіне 100%-ға қол жеткізілді.
106 «Протездеу, үйрету жөнінде медициналық қызметтер көрсету протездік-ортопедиялық құралдарымен және оларды пайдалануды қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша 326449,1 мың теңге қаралып, 326431,7 мың теңгесі игерілді (100%), өнім берушінің кепілдендірілген сомадан төмен баға ұсынуы есебінен 17,4 мың теңге үнемделді.
Жыл көлемінде 2955 мүгедектігі бар адамдарға протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсетіліп, кіші бағдарламаның тікелей нәтижесі 100%-ға орындалды.
8) 018 015 «Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 6 әлеуметтік жобаны іске асыруға қаралған 131962,1 мың теңгенің 131961,4 мың теңгесі (100 %) игерілген. Игерілмеген қаржы көлемі - 0,7 мың теңге (0,6 мың теңге - мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен, 0,1 ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен).
Жеке сектор субъектілерінде (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдарда) 352 адамға (жоспар - 57) (тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандары) арнаулы әлеуметтік қызметтер, 1798 адамға (жоспар - 1748) (ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатындар мен босатылғандар және пробация қызметінде есепте тұратындар) оңалту шаралары көрсетіліп, қамтылған адамдардың үлес салмағы 119,1 пайызға артығымен орындалды.
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесіне 100 %-ға және түпкілікті нәтижесіне 119,1 %-ға қол жеткізілді.
9) 046 015 «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту» бюджеттік бағдарламасы бойынша 8273,6 мың теңге бөлініп, 8027,9 мың теңге (97,0%) игерілді. 245,7 мың теңге - өнім берушілердің Әлеуметтік қызметтер порталында кепілдендірілген бағадан төмен баға ұсынуы себебінен үнемделген қаржы.
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысында мүгедектігі бар адамдар 290 дана (31 сөз шығаратын термометр, 102 сөз шығаратын тонометр, 39 тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр, 5 дауыс шығаратын аппарат, 11 жейде киюге арналған құрылғы, 20 колготки киюге арналған құрылғы, 19 шұлық киюге арналған құрылғы, 13 түйме тағуға арналған құрылғы, 38 белсенді ұстағыш, 9 ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш, 3 қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етілді.
Бюджеттік бағдарламаның тікелей және түпкілікті нәтижесіне 100 %-ға қол жеткізілді.
10) 053 015 «Кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және келтіру бойынша қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 17 кохлеарлық импланттарға (оның ішінде балалар – 13, ересектер - 4) қызмет көрсетуге берілген 102260,0 мың теңге толығымен игеріліп, 17 кохлеарлық импланттарға дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйге келтіру бойынша қызметтер көрсетілді.
Кохлеарлық импланттарды дәлдеп сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйге келтіру қызметімен қамтылған кохлеарлы имплантты мүгедектігі бар адамдардың үлес салмағы (қызмет көрсетуге хабарласқан кохлеарлық имплантты мүгедектігі бар адамдар) - 100 %-ға орындалып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге 100 % қол жеткізілді.
11) 063 «Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» бюджеттік бағдарламасының 013 «Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 457 жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несиелер беруге бөлінген 2285000,0 мың тенге толығымен игеріліп, 492 жасқа шағын несиелер берілді. Өтінім берушілердің тарапынан ұсынылған бизнес-жобалардың сомасына сәйкес жоспар 35 адамға немесе тікелей нәтиже көрсеткіші 107,7 пайызға артығымен орындалды.
Ұлттық жоба шеңберінде 21002 жастар әртүрлі шаралармен қамтылып, 1373-і онлайн курстарды және 4268-і «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсын оқыды (оның 3038 жобасын қорғады, 36 адам несие және 587-і мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсіптерін ашты, 14 адам тұрақты жұмысқа орналасты), бұған қоса, 14774-і жұмыспен қамтылды, 7205 жастар еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарға, 7569 жұмыссыз жастар субсидияланған жұмыс орындарына жолданды (әлеуметтік жұмыс - 222, жастар тәжірибесі - 3443, қоғамдық жұмыс - 3578, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына - 29, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 297). Сонымен қатар, «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 12916 жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың 121,3 пайызы (жоспар - 10651). Ашылған жұмыс орындардың 8577-і немесе 66,4 пайызы жастарға тиесілі. Нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық болжамды 3,9 пайыздан 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен 3,5 пайызға төмендеп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді.
12) 064 «Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында аудандар мен Байқоңыр, Қызылорда қалаларында құрылған мансап орталықтары мен Еңбек мобильділігі орталығын ұстау шығындарына барлығы 487420,1 мың теңге қаралып, 487415,6 мың теңгесі (100%) игерілді. Ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен игерілмеген қаржы 4,5 мың теңгені құрады. Оның ішінде:
011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінде облыстық құрылымдық бөлімше болып табылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Еңбек мобильділігі орталықтарын құру жөніндегі тапсырмасына орай жұмысын бастаған «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ (құрылымы 26 шт.бірлік) ұстау шығындарына республикалық бюджеттен бөлінген 59657,0 мың теңгенің 59656,2 мың теңгесі игеріліп, ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен игерілмеген қаржы 0,8 мың теңгені құрады.
015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы аудандар мен Байқоңыр, Қызылорда қалаларында құрылған мансап орталықтарын (189 шт.бірлік) ұстау шығындарына қаралған 427763,1 мың теңгенің 427759,4 мың теңгесі игеріліп, ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен игерілмеген қаржы 3,7 мың теңгені құрады.
Еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша қызметін қамтамасыз етуге берілген қаржылар 100 пайызға мақсатты жұмсалынып, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді.
13) 2023 жылы республикалық бюджеттен берілген 2285000,0 мың тенге кредиттер есебінен 492 жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несиелер берілді.
Өтінім берушілердің тарапынан ұсынылған бизнес-жобалардың сомасына сәйкес жоспар 35 адамға немесе тікелей нәтиже көрсеткіші 107,7 пайызға артығымен орындалды.
«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығында микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы беріледі және сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады делінген. Осыған орай, 066 «Сенім білдірілген агентке жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жастардың кәсіпкерлік бастамаларына жәрдемдесу үшін берілетін бюджеттік кредиттер бойынша сенім білдірілген агенттің қызметіне ақы төлеуге жергілікті бюджеттен берілген 19600,0 мың теңге (100%) толығымен игерілді.
Ұлттық жоба шеңберінде 21002 жастар әртүрлі шаралармен қамтылып, 1373-і онлайн курстарды және 4268-і «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсын оқыды (оның 3038 жобасын қорғады, 36 адам несие және 587-і мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсіптерін ашты, 14 адам тұрақты жұмысқа орналасты), бұған қоса, 14774-і жұмыспен қамтылды, 7205 жастар еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарға, 7569 жұмыссыз жастар субсидияланған жұмыс орындарына жолданды (әлеуметтік жұмыс - 222, жастар тәжірибесі - 3443, қоғамдық жұмыс - 3578, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына - 29, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 297). Сонымен қатар, «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 12916 жұмыс орны құрылды немесе жылдық жоспардың 121,3 пайызы (жоспар - 10651). Ашылған жұмыс орындардың 8577-і немесе 66,4 пайызы жастарға тиесілі. Нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық болжамды 3,9 пайыздан 2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен 3,5 пайызға төмендеп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді.
14) 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді жүктелген қызметтерін тиімді әрі сапалы орындау үшін материалдық-техникалық жабдықтандыруға барлығы 148030,7 мың теңге қаралып, 148029,2 мың теңгесі игерілді. Ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен игерілмеген қаржы 1,5 мың теңгені құрады. Оның ішінде:
011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 251 дана негізгі құралдар (26 дана монитор, 26 дана жүйелі блок (системный блок), 26 дана пернетақта, 26 дана компьютерлік тышқан, 26 дана телефон аппараты,1 дана сейф, 11 дана принтер, 1 дана директордың креслосы, 1 дана келісім үстелі, 46 дана орындықтар, 26 дана құжаттарға арналған шкаф, 25 дана қызметкерлерге арналған үстел, 10 дана сырт киімдерді ілуге арналған шкаф) сатып алуға республикалық бюджеттен берілген 13787,0 мың теңгенің 13786,9 мың теңгесі игеріліп, ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен 0,1 мың теңге қалыптасты.
Үнемделген қаржының есебінен 3 дана принтер, 2 директордың орынбасары кабинеттеріне кеңсе жиһаздары сатып алынып, тікелей көрсеткіш 5 данаға немесе 102,0% пайызға артығымен орындалды.
Еңбек мобильділігі орталығын материалдық-техникалық жабдықтандыруға берілген қаржыға толығымен кеңсе жиһаздары мен компьютерлер сатып алынып, түпкілікті нәтижеге 100%-ға қол жеткізілді.
015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша қаралған 134243,7 мың теңгенің 134242,3 мың теңгесі игеріліп, ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен 1,4 мың теңге қалыптасты.
Жоспар бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге 523 дана негізгі құралдар сатып алу жоспарланса, нақты 669 дана сатып алынды. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген қаржы есебінен қосымша 146 дана (3 дана блендер, 1 дана мұздатқыш, 1 дана бұрағыш құрал, 1 дана перфоратор, 3 дана қол арбасы, 1 дана тегістеу машинасы, 5 дана принтер, 1 дана түрлі-түсті принтер, 3 дана пернетақта, 3 дана кір жуу машинасы, 5 дана шаңсорғыш, 10 дана цифрлық антенна, 1 дана «Алмак» медициналық аппараты, 3 дана лазерлік терапиялық аппарат, 1 дана сәулелендіргіш, 3 дана велотренажер, 2 дана жүгіру жолы тренажеры, 1 дана күшке арналған тренажер, 2 дана таразы, 6 дана үтік, 5 дана сорғы, 2 дана су есептегіш құрал, 1 дана дәнекерлеу аппараты, 1 дана су айдағыш сорғы, 2 дана электроқозғалтқыш, 40 дана орындық, 12 дана кір кептіргіш, 6 дана үтіктеу тақтасы, 2 дана шөп шабатын машина, 1 дана 3 секциялы ыдыс жууға арналған раковина, 1 дана микрофон, 1 дана термотүрлендіргіш, 1 дана қуаттағыш көзі, 2 дана шығындарды өлшейтін құрал, 3 дана ҚР Елтаңбасы, 10 дана ҚР Туы) негізгі құралдар алынып, тікелей көрсеткіш 127,9% пайызға артығымен орындалды.
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтандыру мақсатында қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылып, бағдарламаның түпкілікті нәтижесі 119,5%-ға орындалды.
15) 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әлеуметтік Кодексі күшіне енуіне орай Халықты жұмыспен қамту орталықтары бір мезгілде таратыла отырып, барлық 7 ауданда және 2 қалада (Қызылорда, Байқоңыр қаласын қоса алғанда) мансап орталықтары мен облыстық Еңбек мобильділігі орталығы құрылды. Осы уақытқа дейін халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру, қаржыландыру жұмыстары қала, аудан деңгейінде жүргізіліп келген болса, қазіргі уақытта орталықтандырылған қаржыландыру жүйесі енгізілуіне байланысты Еңбек мобильділігі орталығы арқылы жүргізіліп келеді.
Осыған орай, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен қала, аудан бюджеттеріне Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға берілген және жұмыспен қамту орталықтарын ұстау шығындарына аудандық бюджеттен бөлінген қаржының 01.07.2023 жылға қалған қалдығы бойынша 8295756,2 мың теңгеге бюджеттік алым жасалынды. Облыстық бюджетке қайтарылған қаржылар шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді іс-шаралары бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында 068 «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бюджеттік бағдарламасымен қаралған 7869728,2 мың теңгенің 7869728,1 мың теңгесі игерілді, нақты шығыстардың қалдығы - 0,1 мың теңгені құрады. Оның ішінде:
100 «Қоғамдық жұмыстар» кіші бағдарламасы бойынша 8792 жұмыссызды қоғамдық жұмыстарға тартуға бөлінген 4038574,1 мың теңге (100%) толығымен игеріліп, 9533 адам қамтылды.
Қоғамдық жұмыстарға жолданған бағдарлама қатысушыларының қатысу күндерінің есебінен және түрлі себептермен келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты орнына басқа адамды жолдау себебінен жоспар 741 адамға артығымен немесе тікелей нәтиже көрсеткіші 108,4 %-ға орындалды.
101 «Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау» кіші бағдарламасы бойынша 25 Бағдарлама қатысушыларын еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға бөлінген 4133,9 мың теңге (100%) толығымен игеріліп, 25 адам оқытылды. Тікелей нәтиже көрсеткіші 100 %-ға орындалды.
102 «Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» кіші бағдарламасы бойынша 7136 жұмыссыз азаматтарды жастар практикасына, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» жобаларына, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жаңа бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар беру арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыруға бөлінген 3827020,2 мың теңге (100%) толығымен игеріліп, 7575 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Атап айтқанда:
4378 Бағдарлама қатысушыларын жастар практикасынан өткізуге қаралған 1952100,4 мың теңге (100%) толығымен игеріліп, нақты 4691 адам жастар практикасынан өтті.
Жастар практикасына жолданған бағдарлама қатысушыларының қатысу күндерінің есебінен және түрлі себептермен (тұрақты жұмысқа орналасу, өз арызына сәйкес бас тарту, т.б.) келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты орнына басқа адамды жолдау себебінен жоспар 313 адамға артығымен орындалды.
335 бағдарлама қатысушыларын «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатыстыруға қаралған 193253,2 мың теңге (100%) толығымен игеріліп, жобаға нақты 411 адам қатысты.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына жолданған бағдарлама қатысушыларының қатысу күндерінің есебінен және түрлі себептермен (тұрақты жұмысқа орналасу, өз арызына сәйкес бас тарту, т.б.) келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты орнына басқа адамды жолдау себебінен адам саны 76 адамға артығымен орындалды.
31 бағдарлама қатысушыларын «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасына қатыстыруға бөлінген 11720,1 мың теңге (100%) толығымен игеріліп, жобаға нақты 29 адам қатысты.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс берушілерден өтінім түспеуіне байланысты жоспар 2 адамға кем орындалды.
550 бағдарлама қатысушыларын жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға 123499,4 мың теңге қаралып, 123499,3 мың теңгеге (100%) 550 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Нақты шығыстардың қалдығы есебінен игерілмеген қаржы 0,1 мың теңгені құрады.
1037 адамды «Күміс жас» жобасына қатыстыру үшін бөлінген 436212,0 мың теңге (100%) толығымен игеріліп, 1087 адам жобаға қатыстырылды.
«Күміс жас» жобасына жолданған бағдарлама қатысушыларының қатысу күндерінің есебінен және түрлі себептермен (тұрақты жұмысқа орналасу, өз арызына сәйкес бас тарту, т.б.) келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты орнына басқа адамды жолдау себебінен адам саны 50 адамға артығымен орындалды.
Жаңа бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлап жатқан 805 бағдарлама қатысушыларына қайтарымсыз негізде 400 АЕК дейінгі мөлшерінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беруге қаралған 1110235,1 мың теңге толығымен игеріліп, 807 адамға гранттар берілді.
Грант алуға өтініш бергендер тарапынан ұсынылған бизнес-жобалардың сомасына сәйкес жоспар 2 адамға артығымен орындалды.
Бюджеттік кіші бағдарламаның тікелей нәтиже көрсеткіші 106,2%-ға артығымен орындалса, түпкілікті нәтижеге келесідей қол жеткізілді.
ҚР ҰЭМ Статистика Комитетінің мәліметіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2023 жылдың 3-тоқсанымен қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,8 %-ды құрады (жоспар- 4,8%).
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін (жолданғаны 16137 адам, аяқтағаны 12282 адам) тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған (7842 адам) адамдардың үлесі 2023 жылы 63,8%-ды (жоспар- 60%) құрады (7842/12282=63,8%).
16) 113 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасына бөлінген 1660723,1 мың теңге аудандар мен Қызылорда қаласы бюджеттеріне толығымен аударылған трансферттер 1658178,1 мың теңгеге немесе 99,8 %-ға орындалды.
015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 1655094,1 мың теңге қаралып, 1652549,4 мың теңге игерілген (99,8%). Игерілмеген қаржы көлемі – 2544,7 мың теңге. Оның ішінде:
Өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге 454 адамға 375585,8 мың теңге жоспарланып, нақты 458 студентке 374942,8 мың теңге (99,8%) төленді.
Белгілі себептермен (мемлекеттік грантқа ауысу, оқудан шығарылу) 2 студенттің (Қазалы ауданы, Қызылорда қ.) білім алуды тоқтатуына және 6 студенттің оқу мерзімінің ұзақтығы 5 жыл болуына орай оқу орнымен келісім-шарт мерзімінің ұзартылуына (Сырдария ауданы) байланысты жоспар 4 адамға артығымен орындалып, 1,0 мың теңге - нақты төленген әлеуметтік көмектен, 642,0 мың теңге - Қызылорда қаласы бойынша 1 (бір) студенттің мемлекеттік грантқа ауысуына байланысты үнемделді.
28082 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бөлінген 899538,0 мың теңгеден 28496 адамға (101,5%) атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 898188,9 мың теңге (99,9%) игерілді.
АӘК алуға жүгінген отбасылардың өтініштері бойынша нақты тағайындалған көмек есебінен алушылар саны 414 адамға артығымен орындалып, нақты тағайындалып төленген әлеуметтік көмектен 1349,1 мың теңге үнемделді.
І-топтағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін жеке көмекшілердің қызметіне ақы төлеуге 58 адамға (Арал ауданы) бөлінген 16158,0 мың теңге (100%) толығымен игеріліп, нақты 58 адамға қызмет көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жөргектер санының 2-ден 4 данаға дейін көбеюіне байланысты 2565 мүгедектігі бар адамды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге қаралған 232185,1 мың теңгенің 232185,0 мың теңгесі (100%) игеріліп, 2565 адам қамтамасыз етілді. Ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен 0,1 мың теңге үнемделді.
43 санаторлы-курорттық емделу қызметін алатын мүгедектігі бар адамдарға ілесіп жүрушілердің шығындарын өтеу үшін берілетін әлеуметтік көмекке қаралған 6171,2 мың теңгенің 5619,0 мың теңгесі (91,1%) игеріліп, 43 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мүгедектігі бар адамдардың 14 күн толық ем алмауы есебінен 552,2 мың теңге үнемделді.
«Бір терезе» қағидасы бойынша халыққа мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетуді ұйымдастыруға қаралған 125456,0 мың теңгенің 125455,7 мың теңгесі игеріліп, ағымдағы шығыстардың қалдығы есебінен 0,1 мың теңге үнемделді.
Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесі - жекелеген санаттағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті 100%-ға қамтамасыз ету бойынша 31203 жекелеген санаттағы азаматтарға (өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан білім алушы студенттер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, І топтағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін жеке көмекшілер, т.б.) әлеуметтік көмек көрсету жоспарланса, нақты 31621 адамға әлеуметтік көмек төленіп, жоспар 418 адамға немесе 101,3%-ға артығымен орындалды.
011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасы бойынша «Spina Bifida» диагнозымен ауыратын балаларға бір реттік пайдаланылатын майланған катетермен 3 мүгедектігі бар адамды қамтуға республикалық бюджеттен 5629,0 мың теңге қаралып, 4 мүгедектігі бар адамға 5628,7 мың теңге (100%) игерілді. Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы келіп түскен өтінімдерге байланысты жоспар 1 адамға артық орындалды.
Міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген мүгедектігі бар адамдардың (жоспарланған мүгедектігі бар адамдар санынан) үлес салмағы 133,3%-ды құрап, түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді.
17) 103 «Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында қайтыс болған Байқоңыр қаласының тұрғыны Альжанбаев Женисбектің, Қазалы ауданының тұрғыны Тұраров Нұрлыбектің және Арал ауданының тұрғыны Жаңабергенов Ғафур Балболатұлының отбасына біржолғы материалдық көмек беруге қаралған 15000,0 мың теңге толығымен игеріліп, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді.
2024 жылдың 1 қаңтарына басқарма бойынша 2779,8 мың теңге дебиторлық берешек және 1,5 мың теңге қысқа мерзімді кредиторлық берешек қалыптасты. Атап айтқанда,
- 2018 жылдан бері берешекті өтеу жөніндегі сот шешімдерінің орындалмауына байланысты 256 014 015 бюджеттік бағдарламасы бойынша (144 ерекшелік) - 1702,2 мың теңге, 256 013 015 бағдарлама бойынша (144 ерекшелік) – 681,9 мың теңге;
- жүргізілген қате аударымдардың есебінен 256 064 011 бюджеттік бағдарламасы бойынша 2023 жылы «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкері Ш. Нығметовке 98,0 мың теңге еңбекақы (111 ерекшелік) және кәсіподақ ұйымына төленетін жарнаға 111,6 мың теңге;
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ұсынған төлемшотының негізінде 256 066 000 бюджеттік бағдарламасы бойынша (159 ерекшелік) сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуге - 186,1 мың теңге, барлығы 2779,8 мың теңге дебиторлық берешек;
- «Қазақтелеком» АҚ ұсынған төлемшотының негізінде 256 001 015 бюджеттік бағдарламасы бойынша (152 ерекшелік) қызметтік телефондардың абоненттік төлемінен – 1,5 мың теңге кредиторлық берешек қалыптасқан.