«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда Учаскелік комиссиялар туралы Ереже бекітілетін болады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15262635
Құру күні: 30.10.2024 жыл.
Қоғамдық талқылау мерзімі: 13.11.2024 жыл.