«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың Мансап орталығының басшысы енгізілетін болады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет порталындағы сілтеме:
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15262648
Құру күні: 30.10.2024 жыл.
Қоғамдық талқылау мерзімі: 13.11.2024 жыл.