ОБЛАСТНОЕ СОГЛАШЕНИЕ между акиматом Кызылординской области, областными объединениями (ассоциациями, союзами) работодателей и Профсоюзным центром Кызылординской области на 2024-2026 годы

Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы

2024-2026 жылдарға арналған

ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ

 

 

 

ОБЛАСТНОЕ СОГЛАШЕНИЕ

между акиматом Кызылординской области, областными объединениями (ассоциациями, союзами) работодателей и

Профсоюзным центром Кызылординской области

на 2024-2026 годы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда қ. / г.Кызылорда

2024 жыл/год

Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы

2024-2026 жылдарға арналған

ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ

 

 

ОБЛАСТНОЕ СОГЛАШЕНИЕ

между акиматом Кызылординской области, областными объединениями (ассоциациями, союзами) работодателей и

Профсоюзным центром Кызылординской области

на 2024-2026 годы

 

Бұдан әрі Тараптар, ал жеке алғанда Тарап деп аталатын өңірлік деңгейдегі әлеуметтік әріптестік тараптарының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қатаң сақталуын мойындай отырып, паритеттік өкілдік қағидаттарын және Тараптардың теңдігін, әрбір Тараптың өзара құрмет пен қабылданған міндеттемелердің орындалуына жауапкершілігін және сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған осы Облыстық келісімді (бұдан әрі – Облыстық келісім) жасасты.

Облыстық келісім Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес:

- өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамыту;

- аймақтың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау;

- жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шаралар қабылдау;

- лайықты еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету;

- әлеуметтік-еңбек саласындағы даулардың, жанжалдардың және ереуілдердің алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар,

- оның орындалуын бақылау тәртібі;

- өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тараптардың жауапкершілігі;

- оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережелерді қамтиды.

 

 

1. ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ДИАЛОГ

 

Облыстық келісім шеңберінде Тараптар өңірдегі әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамыту бойынша келесі міндеттемелерді қабылдады:

1.1. жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің), жұмыс берушілердің (жұмыс берушілер өкілдерінің), мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдау;

1.2. әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның (бұдан әрі - өңірлік үшжақты комиссия) рөлін күшейту жөніндегі бірлескен жұмыс жасау.

Өңірлік үшжақты комиссияның отырыстарында Тараптардың кеңестері мен келіссөздерін тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындау;

1.3. кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;

1.4. кәсіпорындар мен ұйымдарда қалалық, аудандық және салалық келісімдер, ұжымдық шарттар жасау және ондағы міндеттемелерді іске асыру бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету:

1.5. ұжымдық шарттарды жасауды мониторингілеу және қорытындысын ұжымдық жиналыстарда қарау;

1.6. басқарудың барлық деңгейінде әлеуметтік әріптестік пен диалогты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу;

1.7. 2024 жылы Өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) үшжақты комиссия туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) жаңа редакцияда әзірлеу және қабылдау.

 

2. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

 

Облыстық келісім шеңберінде Тараптар аймақтың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау бойынша келесі міндеттемелерді қабылдады:

2.1. өңірдегі кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға, өңірлерді орнықты дамытуға бағытталған стратегиялық құжаттарда белгіленген экономика салаларындағы негізгі реформаларды іске асыруда бірлескен күш-жігерді біріктіру;

2.2. жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдерінің әлеуметтік, еңбек және басқа да байланысты қатынастарды қозғайтын өңірдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асырудың тиімділігін, нормативтік және нақты әсерін дайындауға, сараптауға, іске асыруға және бағалауға қатысуына ықпал ету;

Тараптар әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның қарауына өз ұсыныстарын шығара отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалық және стратегиялық жоспарларын /құжаттарын әзірлеуге қатысуға келісті.

Тараптар сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды талдауға қатысады, қажет болған жағдайда тиісті құжаттарды нақтылау жөнінде ұсыныстар береді (өңір халқының жұмыспен қамтылуын және табысын қалпына келтіруді, экономиканың өсуін және өңір экономикасындағы ұзақ мерзімді құрылымдық өзгерістерді, өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын, жергілікті атқарушы орган қызметінің негізгі бағыттарын, жергілікті атқарушы билік органдары қызметінің жоспарларын және басқа да құжаттарды қоса алғанда);

2.3. стратегиялық жоспарлау құжаттарын ескере отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамының негізгі параметрлерін қарауға қатысу;

2.4. өңірді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру;

2.5. жергілікті атқарушы органдар күштерімен мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуметтік қолдауын күшейту және олардың қоғамға кірігуі үшін жағдай жасау бойынша пәрменді шараларды іске асыруға жәрдемдесу.

 

3. ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

 

Облыстық келісім шеңберінде өңірде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықты азайту үшін Тараптар келесі міндеттемелерді қабылдады:

3.1. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде сапалы жұмыс орындары үшін жағдай жасау және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті еңбек нарығын құру.

Жұмыс берушілер бос орындар болған жағдайда ақпараттық деректер банкін құру үшін Мансап орталықтарына кадр қажеттілігі туралы мәліметтерді беруге міндеттеледі;

3.2. мамандықтар бойынша облыс экономикасының кадрларға жылдық болжамды сұранысын анықтау; кәсіптік бағдар беру жүйесін дамыту; ішкі оқытуды дамыту, тәлімгерлік институтын дамыту және танымал ету;

3.3. жұмыс күшінің ұтқырлығын және көші-қонын ынталандыру, еңбек қатынастарын ресімдеу және стандартты емес жұмыспен қамтудың барлық түрлері бойынша әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту; жұмыс берушiлердiң шетелдiк жұмыс күшiн заңсыз тарту жағдайларына жол бермеу, еңбек жағдайларын сақтамау фактiлерiн, бiлiктiлiгi бiрдей жұмыс үшiн жалақыдағы диспропорцияларды болдырмау;

3.4. еңбек шарттарын электронды форматқа көшіруге жәрдемдесу;

3.5. қаржылық, экономикалық және басқа да дағдарыстардың салдарымен байланысты төтенше жағдайларды қоспағанда, жұмысшылардың жаппай жұмыстан босатылуын болдырмау (жұмысшылардың жалпы санының 10%-дан астамы).

3.6. жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді өндіріс ішілік оқытуды және озыңқы кәсіптік оқытуды дамыту;

Жұмысшыларды жаппай босату қаупі төнген жағдайда (жұмыс істейтіндер санының 10% - дан астамы) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аумақтық уәкілетті мемлекеттік органды, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды және кәсіподақты хабардар етсін.

Өзара консультациялар негізінде тараптар қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп қаржыландыру көздерін айқындай отырып, қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру жөніндегі шұғыл іс-шаралар бағдарламасын әзірлейтін болады;

3.7. облыстың барлық деңгейдегі оқу орындарының (жоғары оқу орындарының, колледждердің) студенттердің практикалық сабақтары туралы келісімдер жасасуына ықпал ету;

3.8. жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, оның ішінде «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орын», «Ұрпақтар келісім-шарты» жобалары аясында уақытша жұмыспен қамтуға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жеңілдетілген несие мен гранттар беру арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету;

3.9. жыл сайын Өңірлік жұмыспен қамту картасын әзірлеу жұмыстарына қатысу және карта шеңберінде іске асырылатын жобалар аясында құрылатын тұрақты жұмыс орындарының үлесін арттыру;

3.10. бұқаралық ақпарат құралдарын және заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жұмысшы кәсіптерді насихаттау және еңбек адамдарының беделін арттыру, оның ішінде «Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңін өткізу.

 

4. ЛАЙЫҚТЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

 

Облыстық келісім шеңберінде Тараптар қолайлы, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, гендерлік теңдікке, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға, жұмыскерлердің еңбек әлеуетін дамытуға, оның ішінде жұмыскерлердің өндірістік шешімдер қабылдауға қатысуы арқылы дамытуға бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

4.1. мемлекеттік еңбек инспекторларының профилактикалық жұмысқа және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталатын қызметін белсендіру;

4.2. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға мониторинг жүргізу;

4.3. жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдесу;

4.4. жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал ету;

4.5. жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шараларын қабылдау, оның ішінде:

өндірістік жарақаттанудың алдын алу;

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге арнаулы әлеуметтік төлемдер алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы төлеу, сондай-ақ оларды мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу;

міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды мерзімінде және заңмен белгіленген мөлшерде аударылуы бойынша шаралар қабылдау;

4.6. жалақының уақтылы төленуін және жалақы бойынша берешекті болдырмауды қамтамасыз ету;

4.7. жұмыскерлердің табыс деңгейін арттыру мақсатында жұмыс берушілерде экономикалық (қаржылық) мүмкіндіктер мен көрсеткіштер болған жағдайда жыл сайын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы айқындаған инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде жалақыны индекстеуді қарастыру;

4.8. еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға ықпал жасау;

4.9. өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың функцияларын орындайтын жұмыскерге ынталандыру мақсатында өңірлік деңгейдегі салалық келісімдерде, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде жұмыс берушілерде экономикалық (қаржылық) мүмкіндіктер болған жағдайда жалақыға қосымша ақы мөлшерін белгілеу туралы шараларды қабылдау;

4.10. кәсіпорындар мен ұйымдарда барлық жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіпорын есебінен міндетті оқытуды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдеріне тексеру жүргізу.

4.11. жұмыс берушілер өнім (жұмыс) өндірісінің көлемі қысқарған кезде кәсіподақпен (жұмыскерлердің өкілдерімен) келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуді қоса алғанда, жұмыс орындарын сақтау жөніндегі барлық мүмкіндіктерді қарау;

4.12. жұмыс берушілер кәсіподақпен бірлесіп тоқсанына бір рет өндірістік объектілердегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды тексеру және жанжалды жағдайды қалыптастырудың алғышарттарын жою бойынша шаралар қабылдау.

 

5. ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ЖАНЖАЛДАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕУІЛДЕР

 

Облыстық келісім шеңберінде еңбек дауларын реттеу, әлеуметтік-еңбек жанжалдары мен ереуілдердің алдын алу үшін Тараптар өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдады:

5.1. еңбек даулары мен жанжалдарын шешуге жәрдемдесу, ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту және өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында кәсіпорындардың проблемалық мәселелерін қарау;

Жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсiподақтар жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау кезiнде келiсу комиссиясына және еңбек арбитражына қатысу арқылы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен мүдделерiн бiлдiредi.

Тараптар еңбек қатынастары саласындағы жағдайды талдауға және бақылауға, түйткілді мәселелерді шешуде келісілген ұстанымды әзірлеуге, мемлекеттік органдардың қатысуымен өңірлік үшжақты комиссия отырыстарында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жүйелі түрде қарауға келісті.

Жанжал туындаған жағдайда Тараптар наразылық болған жерге баруды ұйымдастырады, себептерін анықтайды, жанжалды шешу жолдарын анықтайды, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

5.2. ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, сондай-ақ ұйымдарда әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамыту;

5.3. жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында бір келісімге қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу;

5.4. жұмыс беруші ұйымның экономикалық дәрменсіздігі (банкроттығы) жағдайында қызметкерлердің материалдық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы консультациялар өткізу;

5.5. еңбекақы төлеудің дәстүрлі емес түрлеріне жол бермеу;

5.6. әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуге, оның ішінде кәсіпорын басшыларын гендерлік саясат және кемсітушілікке қарсы шаралар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар нысандарын жою арқылы жәрдемдесу;

5.7. еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау мониторингі жүйесін дамыту бойынша, оның ішінде өңірлік үшжақты комиссия отырыстарында өңірдегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік сырқаттанушылықтың жай-күйі туралы ақпаратты қарау.

5.8. еңбек қатынастары саласында бар және анықталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша практикалық, ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы келісілген ұсыныстарды әзірлеу.

5.9. әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің даулы жағдайдың туындау ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарымен жұмыс кездесулерін өткізу.

 

6. КЕЛІСІМНІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ ТӘРТІБІ

 

6.1. Әкімдік уәкілетті құрылымдық бөлімше атынан өзінің ресми сайтында «Әлеуметтік әріптестік» бөлімінде әлеуметтік әріптестікке байланысты барлық құжаттарды, оның ішінде Облыстық келісімді, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, ол бойынша мерзімді есептілікті (жылына кемінде 2 рет) орналастыруды қамтамасыз етеді;

6.2. Тараптар осы Облыстық келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде өзіне қабылданған міндеттемелерді орындау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуге және нақты мерзімдер мен орындауға жауапты тараптарды көрсете отырып, өңірлік келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қалыптастыруға және оны өңірлік үшжақты комиссияда одан әрі қарау және бекіту үшін Қызылорда облысының әкімдігіне жіберуге міндетті.

6.3. Облыстық келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингілеу Ережеде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Облыстық келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және мониторингтеу қорытындылары бойынша өңірлік үшжақты комиссия Тараптардың орындауына міндетті шешімдер қабылдайды. Өңірлік үшжақты комиссияның шешімдері осы Облыстық келісімді іске асыру нысаны болып табылады.

6.4. Өңірлік үшжақты комиссияның қызметін және өңірлік Келісімнің іске асырылу барысын жария ету мақсатында Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамытуға және өңірдегі әлеуметтік-еңбек қатынастары проблемаларына арналған материалдарды өздерінің ресми интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялауды қамтамасыз етеді.

 

7. ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

 

7.1. Тараптар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданатын, Облыстық келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымша келісімдермен ресімделетін және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енетін осы Облыстық келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастама жасауға құқылы.

Өзгерістер және (немесе) толықтырулар Өңірлік үшжақты комиссия отырыстарында қаралып, хаттамамен ресімделеді.

7.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген және (немесе) Облыстық келісімнің кез келген тарапының міндеттемелерін орындауға тікелей ықпал ететін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, Тараптар оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселені қарауға міндетті.

7.3. Облыстық келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге қол қойылғаннан күннен бастап, ол жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен өзгертілген редакциямен Облыстық келісімнің мәтінімен бірге ресми жариялануға тиіс.

7.4. Облыстық келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі.

 

8. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

 

8.1. Тараптар Облыстық келісім бойынша өз міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ Облыстық келісімнің орындалуын бақылау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға, Келісімге өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөніндегі келіссөздерге қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар айқындайтын мерзімдерде өңірлік үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз етуге жауапты.

8.2. Тараптар бір-бірінің қызметіне заңсыз араласуға, сондай-ақ кәсіподақтар мен олардың бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын), жұмыс берушілер бірлестіктерін (қауымдастықтарын, одақтарын) қалыптастыру, олардың жұмыс істеуі мен қызметі үшін кедергі жасауға және (немесе) шектейтін жағдайларды жасауға жол бермейді.

8.3. Облыстық келісімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұғымдар пайдаланылады.

8.4. Облыстық келісім мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жұмыс берушілерге, облыста тиісті түрде уәкілеттік берілген қызметкерлерге және олардың өкілдеріне қолданылады.

8.5. Облыстық келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және келесі кезеңге Облыстық келісім күшіне енгенге дейін қолданылады.

8.6. Облыстық келісім Қызылорда қаласында « __ » __________ 2024 жылы Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар, мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ данада жасалды.

 

Полномочные представители сторон социального партнерства на региональном уровне, именуемые в дальнейшем Стороны, а по отдельности Сторона, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, признавая его неукоснительное соблюдение, руководствуясь принципами паритетного представительства и равноправия Сторон, взаимного уважения и  ответственности каждой Стороны за выполнение принятых обязательств и конструктивного взаимодействия, заключили настоящее Областное соглашение между акиматом Кызылординской области, областными объединениями (ассоциациями, союзами) работодателей и Профсоюзным центром Кызылординской области на 2024-2026 годы (далее – Областное соглашение).

Областное соглашение в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан включает положения о (об):

- развитии социального партнерства и диалога в регионе;

- рассмотрении программных и стратегических документов региона;

- принятии мер, направленных на обеспечение занятости и сокращение уровня безработицы;

- обеспечении достойных условий и охраны труда;

- мероприятиях по предупреждению и предотвращению споров, конфликтов и забастовок в социально-трудовой сфере;

- порядке контроля за его исполнением;

- ответственности сторон в случае невыполнения взятых на себя обязательств;

- порядке внесения изменений и дополнений в него.

 

1. СоциальноЕ партнерствО и диалог

 

В рамках Областного соглашения для развития социального партнерства и диалога в регионе Стороны приняли на себя следующие обязательства:

1.1. Стороны договорились принять меры, направленные на обеспечение согласования интересов работников (представителей работников), работодателей (представителей работодателей), государственных органов по вопросам регулирования трудовых отношений и иных, непосредственно связанных с трудовыми отношениями, а также социально-экономических отношений.

1.2. по совместной работе по усилению роли региональной трехсторонней комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений (далее - региональная трехсторонняя комиссия).

Стороны обязуются регулярно проводить совместные консультации и переговоры на заседаниях региональной трехсторонней комиссии, а также полное, своевременное и качественное исполнение её решений по вопросам регулирования трудовых отношений, и иных, непосредственно связанных с трудовыми отношениями, а также социально-экономических отношений.

1.3. по повышению роли объединений (ассоциаций, союзов) профессиональных союзов и объединений (ассоциаций, союзов) работодателей по представлению и защите трудовых и социально-экономических прав и интересов своих членов;

1.4. по оказанию практической и методической помощи предприятиям и организациям в создании городских, районных и отраслевых договоров, коллективных договоров и выполнении указанных в них обязательств.

1.5. по мониторингу заключения коллективных договоров и рассмотрению результатов на коллективных собраниях;

1.6. по проведению совместных мероприятий, направленных на развитие социального партнерства и диалога в регионе на всех уровнях управления;

1.7. по разработке и принятию в 2024 году Положения о Региональной (областной, городской, районной) трехсторонней комиссии (далее - Положение) в новой редакции.

 

2. ПРОГРАММНЫЕ И СТРАТЕГИЧЕСКИЕ ДОКУМЕНТЫ

 

В рамках Областного соглашения Стороны приняли на себя следующие обязательства по рассмотрению программных и стратегических документов региона:

2.1. по объединению совместных усилий в реализации основных реформ в отраслях экономики, обозначенных в стратегических документах, направленных на улучшение предпринимательского климата в регионе, устойчивому развитию регионов;

2.2. по содействию участия представителей работодателей и профсоюзов в подготовке, экспертизе, реализации и оценке эффективности, нормативного и фактического воздействия реализации стратегических и программных документов региона, затрагивающих социальные, трудовые и другие связанные с ними отношения.

Стороны договорились принять участие в разработке программных и стратегических планов/документов социально-экономического развития региона с вынесением своих предложений на рассмотрение региональной трехсторонней комиссии по социальному партнёрству.

Стороны будут также принимать участие в анализе реализации стратегических и программных документов социально-экономического развития региона, при необходимости дают предложения по уточнению соответствующих документов (включая план действий, обеспечивающих восстановление занятости и доходов населения региона, рост экономики и долгосрочные структурные изменения в экономике региона, программные и стратегические документы региона, основные направления деятельности местного исполнительного органа, планы деятельности местных органов исполнительной власти и другие документы);

2.3. по участию в рассмотрении основных параметров среднесрочного и долгосрочного прогноза социально-экономического развития региона с учетом документов стратегического планирования;

2.4. по осуществлению совместных действий по реализации Плана развития региона;

2.5. по содействию местным исполнительным органам в реализации действенных мер по улучшению качества жизни лиц с инвалидностью, усилению их социальной поддержки и созданию условий для их интеграции в общество.

 

3. РЫНОК ТРУДА В РЕГИОНЕ И ЗанятостЬ НАСЕЛЕНИЯ

 

В рамках Областного соглашения для обеспечения занятости и сокращения уровня безработицы в регионе Стороны приняли на себя следующие обязательства:

3.1. по созданию условий для качественных рабочих мест и расширению возможностей трудоустройства для безработных, формированию инклюзивного рынка труда в рамках реализации Концепции развития рынка труда Республики Казахстан на 2024-2029 годы;

Работодатели, при наличии вакансий, обязуются предоставлять данные о потребности в кадрах в Карьерные центры для создания информационного банка данных;

3.2. по определению ежегодной прогнозной потребности экономики региона в кадрах в разрезе специальностей; развитию системы профессиональной ориентации; развитию внутрипроизводственного обучения, развитию и популяризации института наставничества;

3.3. по стимулированию трудовой мобильности и миграции, формализации трудовых отношений и расширению социальных гарантий во всех видах нестандартной занятости; предотвращению случаев нелегального привлечения работодателями иностранной рабочей силы, недопущению фактов несоблюдения условий труда, диспропорции в оплате труда за равный труд при одинаковой квалификации;

3.4. по содействию в переводе трудовых договоров на электронный формат;

3.5. не допущению массового высвобождения работников (более 10% от общего числа работников), за исключением экстренных ситуаций, связанных с последствиями финансово-экономических и иных кризисов;

3.6. проводить внутрипроизводственное и профессиональное обучение высвобождаемых работников;

В условиях угрозы массового высвобождения работающих (более 10 % от числа работающих) информировать территориальный уполномоченный государственный орган по вопросам занятости населения, местный орган по инспекции труда и профсоюз.

На основе взаимных консультаций, Стороны совместно с акиматами городов и районов будут разрабатывать программу экстренных мероприятий по переподготовке сокращаемых работников и их дальнейшему трудоустройству, с определением источников финансирования;

3.7. по содействию заключения учебными заведениями региона всех уровней (вузы, колледжи) договоров о прохождении студентами производственной практики;

3.8. по снижению безработицы среди молодежи, в том числе содействию временной занятости в рамках проектов «Молодежная практика», «Первое рабочее место», «Контракт поколений», поддержке молодежных предпринимательских инициатив путем предоставления льготных кредитов и грантов в рамках государственных программ;

3.9. по участию в ежегодной разработке Региональной карты занятости и увеличению доли постоянных рабочих мест в рамках проектов, реализуемых в рамках Карты;

3.10. по пропаганде рабочих профессий и повышению престижа трудовых людей с использованием средств массовой информации и современных информационных технологий, в том числе проведению регионального этапа республиканского конкурса «Еңбек жолы».

 

4. ДОСТОЙНЫЕ УСЛОВИЯ И ОХРАНА ТРУДА

 

Стороны договорились принять меры, направленные на создание благоприятных, безопасных и здоровых условий труда, гендерного равенства, социальной защиты работников, развитие трудового потенциала работников, в том числе путем участия работников в принятии производственных решений и принимают на себя следующие обязательства:

4.1. по активизации деятельности государственных инспекторов труда, направленной на профилактическую работу и предупреждение нарушения трудового законодательства;

4.2. по проведению мониторинга состояния условий и охраны труда;

4.3. по содействию соблюдению работодателями на предприятиях правил, норм и стандартов в области безопасности и охраны труда и выделению работодателями необходимых ресурсов (материальных, кадровых, технических и т.п.);

4.4. по созданию работодателями условий для реализации основных прав и гарантий женщин, молодёжи и лиц с инвалидностью, в том числе в рамках соглашений и коллективных договоров;

4.5. по принятию превентивных мер по сохранению жизни и здоровья работников, включая:

меры профилактики производственного травматизма;

своевременную выплату обязательных профессиональных пенсионных взносов в целях обеспечения права на получение специальных социальных выплат работникам, занятым на тяжелых работах, работах с вредными и (или) опасными условиями труда, а также проведение периодических медицинских осмотров и обследований данных работников;

принятие мер по перечислению обязательных пенсионных и социальных отчислений в сроках и в размерах, установленных законом;

4.6. по обеспечению своевременной выплаты заработной платы и недопущения задолженности по заработной плате;

4.7. по рассмотрению ежегодной индексации заработной платы в размере не ниже уровня инфляции, установленным уполномоченным государственным органом Республики Казахстан в целях повышения уровня доходов работников при наличии у работодателей экономических (финансовых) возможностей и показателей;

4.8. по содействию созданию Производственных советов по безопасности и охране труда в организациях в целях обеспечения совместных действий, направленных на обеспечение безопасности труда, предупреждение производственного травматизма и профессиональных заболеваний;

4.9. по определению размера доплаты к заработной плате работника, выполняющего функции технического инспектора по безопасности труда на промышленных предприятиях в отраслевых соглашениях регионального уровня, коллективных договорах или актах работодателя, в целях стимулирования, при наличии у работодателей экономических (финансовых) возможностей;

4.10. по обеспечению проведения обязательного обучения всех работников предприятий и организаций по вопросам безопасности и охраны труда за счет средств предприятия и проверки их знаний по вопросам безопасности и охраны труда;

4.11. по рассмотрению работодателями всех возможностей сохранения рабочих мест, в том числе введения неполного рабочего времени по согласованию с профсоюзом (представителями работников) при сокращении объемов производства (работ);

4.12. по проведению предприятиями совместно с профсоюзами раз в квартал проверки социально-бытовых условий на производственных объектах и принятию мер по устранению предпосылок для создания конфликтной ситуации.

 

5. социально-трудовыЕ конфликтЫ и забастовкИ

 

В рамках Областного соглашения для урегулирования трудовых споров, предупреждения и предотвращения социально-трудовых конфликтов и забастовок, Стороны приняли на себя следующие обязательства:

5.1. по содействию в разрешении трудовых споров и конфликтов, развитию практики коллективно-договорного регулирования и по рассмотрению на заседаниях региональных трехсторонних комиссий проблемных вопросов предприятий.

Объединения (ассоциации, союзы) работодателей и профсоюзы представляют права и интересы работников и работодателей через механизмы социального партнерства путем участия в составе согласительной комиссии при рассмотрении индивидуальных трудовых споров, примирительной комиссии и трудового арбитража при рассмотрении коллективных трудовых споров.

Стороны договорились об совместном участии в проведении анализа и мониторинга ситуации в сфере трудовых отношений, выработке согласованной позиции в решении проблемных вопросов, регулярном рассмотрении результатов проделанной работы на заседаниях региональных трехсторонних комиссий с участием государственных органов.

В случае возникновения конфликта, Стороны организуют выезд к месту акции протеста, выясняют причины, определяют пути урегулирования конфликта, проводят разъяснительную работу в коллективе.

5.2. по совершенствованию действующего порядка разрешения трудовых споров и конфликтов, коллективно-договорного регулирования в социально-трудовой сфере;

5.3. по проведению совместных семинаров и тренингов для работников, работодателей по разъяснению основ трудового законодательства, развитию навыков ведения переговоров и достижению консенсуса в трудовых конфликтах, по вопросам безопасного труда;

5.4. по проведению консультаций о мерах по защите материальных прав работников в случае экономической несостоятельности (банкротства) организации работодателя;

5.5. по недопущению нетрадиционных форм оплаты труда;

5.6. по содействию в решении гендерных проблем в сфере социально-трудовых отношений, в том числе путем организации обучения руководителей предприятий по вопросам гендерной политики и антидискриминационным мерам, а также искоренению наихудших форм детского труда;

5.7. по развитию системы мониторинга условий и охраны труда, в том числе по рассмотрению на заседаниях региональной трехсторонней комиссии информации о состоянии безопасности и охраны труда, производственного травматизма, профессиональной заболеваемости в регионе;

5.8. по разработке согласованных предложений практического, организационного и законодательного характера по решению существующих и выявленных проблемных вопросов в сфере трудовых отношений;

5.9. по проведению рабочих встреч представителей сторон социального партнерства с коллективами предприятий, где высока вероятность возникновения конфликтных ситуаций.

 

6. ПОРЯДОК КОНТРОЛЯ ЗА ИСПОЛНЕНИЕМ СОГЛАШЕНИЯ

 

6.1. Акимат, в лице уполномоченного структурного подразделения, обеспечит размещение на своем официальном сайте в разделе «Социальное партнерство» всех документов, связанных с социальным партнерством, в том числе Областное соглашение, план мероприятий по его реализации, периодическую отчетность по нему (не реже 2 раз в год).

6.2. Стороны, в месячный срок со дня подписания настоящего Областного соглашения, обязаны разработать комплекс мер по выполнению принятых на себя обязательств и направить в акимат Кызылординской области для формирования проекта Плана мероприятий по реализации Областного соглашения с указанием конкретных сроков и ответственных за исполнение Сторон и дальнейшего его рассмотрения и утверждения на региональной трехсторонней комиссии.

6.3. Контроль и мониторинг исполнения Плана мероприятий по реализации Регионального соглашения осуществляется в порядке, определённом Положением.

По итогам контроля и мониторинга исполнения Плана мероприятий по реализации Областного соглашения, региональной трехсторонней комиссией принимаются решения, обязательные к исполнению Сторонами. Решения региональной трехсторонней комиссии являются формой реализации настоящего Областного соглашения.

6.4. В целях освещения деятельности региональной трехсторонней комиссии и хода реализации регионального соглашения стороны обеспечивают постоянное освещение на своих официальных интернет-ресурсах и других средствах массовой информации материалов, посвященных развитию социального партнерства и проблемам социально-трудовых отношений в регионе.

 

7. ПОРЯДОК ВНЕСЕНИЯ ИЗМЕНЕНИЙ И ДОПОЛНЕНИЙ

 

7.1. Стороны вправе инициировать внесение изменений и (или) дополнений в настоящее Областное соглашение, которые принимаются по взаимному согласию всех Сторон, оформляются отдельными дополнительными соглашениями, являющимися неотъемлемой частью Областного соглашения, и вступают в силу со дня их подписания.

Изменения и дополнения оформляются отдельными протоколами и вступают в силу со дня их подписания.

7.2. В случае изменения законодательства Республики Казахстан и (или) возникновения иных обстоятельств, непосредственно оказывающих влияние на исполнение обязательств любой Стороны Областного соглашения, Стороны обязаны рассмотреть вопрос о внесении изменений и (или) дополнений в него.

7.3. После подписания дополнительного соглашения о внесении изменений и (или) дополнений в Областное соглашение, оно подлежит официальному опубликованию вместе с текстом Областного соглашения с изменённой редакцией в общеустановленном порядке.

7.4. План мероприятий по реализации Областного соглашения приводится в соответствие с внесёнными изменениями и (или) дополнениями в месячный срок со дня их подписания.

 

8. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СТОРОН

 

8.1. Стороны несут ответственность за выполнение взятых на себя обязательств в рамках Областного соглашения, а также предоставление информации, необходимой для осуществления контроля за выполнением Областного соглашения, участие в переговорах по изменению или дополнению Соглашения в соответствии со сроками проведения указанных переговоров, а также за обеспечение работы региональной трехсторонней комиссии в сроки, определенные Сторонами, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

8.2. Стороны не допускают незаконное вмешательство в деятельность друг друга, а также воспрепятствование и (или) создание ограничивающих условий для формирования, функционирования и деятельности профсоюзов и их объединений (ассоциаций, союзов), а также объединений (ассоциаций, союзов) работодателей.

8.3. В Областном соглашении используются понятия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

8.4. Действие Областного соглашения распространяется на государственные органы, работодателей независимо от форм собственности, работников и их представителей, уполномоченных в установленном порядке находящихся в регионе.

8.5. Областное соглашение вступает в силу с момента его подписания и действует до вступления в силу Областного соглашения на последующий период.

8.6. Областное соглашение заключено в городе Кызылорда                          « __ » ___________ 2024 года в ____ экземплярах для каждой из Сторон на государственном и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу.

 

 

 

Осы Облыстық келісімге қол қойды:

Настоящее Областное соглашение подписали:

 

Қызылорда облысының әкімдігі атынан /

От акимата Кызылординской области:

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары /

Первый заместитель акима области

Д.Е. Жаналинов

 

 

 

 

 

 

______________________

Қызылорда облысының кәсіподақтар бірлестіктері атынан / От областных объединений профессиональных союзов:

 

«Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы / Председатель территориального объединения профсоюзов «Профсоюзный центр Кызылординской области»

М.Ы. Налибаев

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

 

 

Қызылорда облысының жұмыс берушілердің бірлестіктерінің атынан / От областных объединений работодателей:

 

«Парыз» Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілер Ұлттық Конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы / Представитель Объединения юридических лиц «Национальная Конфедерация работодателей (предпринимателей) Республики Казахстан «PARYZ» по Кызылординской области, председатель филиала Объединения индивидуальных предпринимателей и юридических лиц в форме Ассоциации «Ассоциация фермеров Казахстана» по Кызылординской области

Б.А. Богетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________

«Қызылорда облысының қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету саласы қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер бірлестігінің төрағасы / Председатель объединения индивидуальных предпринимателей «Ассоциация общественного питания и сферы услуг Кызылординской области»

А.М. Абдразакова

 

 

 

 

 

 

____________________

 

«Қызылорда облысының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының халықтық қауымдастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы / Председатель Ассоциация юридических лиц и индивидуальных предпринимателей «Народная ассоциация предприятий легкой промышленности Кызылординской области»

Д.О. Махатова

 

 

 

 

 

 

______________________

 

Дата публикации
02 мая 2024