Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік әріптестік бөлімі туралы Е Р Е Ж Е
Жалпы ережелер
- Әлеуметтік әріптестік бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылыды.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік әріптестік бөлімі туралы Е Р Е Ж ЕДата публикации
20 августа 2020