Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

                            Жалпы ережелер

  1. Құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құқықтық қамтамасыз ету және персоналды басқару бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
18 марта 2020