«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаулыны әзірлеуші орган болып табылады.
Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі Кодексінің 1-бабының
1-тармағының 12) және 91) тармақшаларына және «Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоба қабылданған жағдайда азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне «Мансап» орталығының ассистенті енгізілетін болады.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет порталындағы сілтеме: