Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ

Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы

2021-2023 жылдарға арналған

ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 2021 жыл

Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы

2021-2023 жылдарға арналған

ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМ

 

I бөлім. Жалпы ережелер

 

  1. Қызылорда облысының әкімдігінің, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктерінің (қауымдастықтары, одақтары) мен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығының өкілетті өкілдері (бұдан әрі – Тараптар), Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып:

Қазақстан Республикасының заңнамаларын мүлтіксіз сақтау;

мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;

әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;

жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып, осы Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы арасындағы   2021 – 2023 жылдарға арналған Облыстық келісімді (бұдан әрі – Келісім) мынадай:

1) әлеуметтік әріптестік;

5) экономикалық саясат;

2) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

3) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;

4) әлеуметтік саясат;

6) Келісімді іске асыру және оның орындалуына бақылау бағыты шеңберінде жасасты.

  1. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

 

II бөлім. Әлеуметтік әріптестік

 

  1. Тараптар жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің), жұмыс берушілердің (жұмыс берушілер өкілдерінің), мемлекеттік органдардың еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты.

 

Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:

1) халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы теңсіздікті азайту, экономиканы дамыту және жұмыспен қамтуды қолдау, азаматтық қоғамды қалыптастыру және Тараптардың мүдделерін қозғайтын басқа да мәселелер бойынша міндеттерді шешу үшін әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын кеңейтуді көздейтін «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заң жобасына ұсыныс енгізу;

2) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;

3) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпыға бірдей танылған нормалар мен қағидаларды сақтау;

4) Облыстық комиссияның отырыстарында Тараптардың кеңестері мен келіссөздерін тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындау;

5) Тараптардың әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ету;

6) еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелерін қарау кезінде Тараптар өкілдерінің Қызылорда облысы әкімдігінің отырыстарына қатысуы;

7) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, сондай-ақ облысымыздың ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу тәжірибесін дамыту;

8) жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында бір келісімге қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу;

9) Кәсіпорындар мен ұйымдарда қалалық, аудандық және салалық келісімдер, ұжымдық шарттар жасау және ондағы міндеттемелерді іске асыру бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

10) Облыстық келісімнің тараптарымен ұжымдық шарттарды жасауды мониторингілеу және қорытындысын ұжымдық жиналыстарда қарау;

11) Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ахуалды тұрақты талдау және мониторингілеу;

12) Еңбек қатынастары саласында бар және анықталған проблемалық мәселелерді шешу бойынша практикалық, ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы келісілген ұсыныстарды әзірлеу

13) Еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөнінде мониторингтік топ құру;

14) Бірлескен іс-шараларды жоспарлау мен іске асыруда тараптарда бар ақпараттық, құқықтық, ғылыми және ұйымдастырушылық ресурстарды пайдалана отырып, еңбек жанжалдарының алдын алу;

15) Әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдерінің даулы жағдайдың туындау ықтималдығы жоғары кәсіпорындар ұжымдарымен тоқсан сайын жұмыс кездесулерін өткізуді көздеу;

16) Еңбек дауы туындаған жағдайда тараптарға наразылық акциясы орнына дереу баруды ұйымдастыру, себептерін анықтау, жанжалды реттеу жолдарын анықтау, ұжымда түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

17) Мемлекеттік органдардың қатысуымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссиялардың және дағдарысқа қарсы штабтың отырыстарында атқарылған жұмыс нәтижелерін тұрақты қарау.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді – Өңірлік үшжақты комиссияның 01.09.2022 жылғы № 05-3/4237-и хаттамасымен

 

 

III бөлім. Экономикалық саясат

 

  1. Тараптар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша орта мерзімді мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономикалық саясатты дамытуға бағытталған шараларды қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Қызылорда облысының әкімдігі:

1) бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру, оның ішінде:

2) инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

3)мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті жүзеге асыру.

 

Тараптар бірлесіп:

1) салықтық әкімшілендіруді жеңілдету жөніндегі ұсыныстар енгізуге;

2) мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге;

3) кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, сапа менеджменті жүйелерін, корпоративтік басқару қағидаттарын және еңбек пен капиталдың өнімділігін арттыратын энергия үнемдеуші озық технологияларды ендіруде жәрдемдесуге уағдаласты.

IV бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету

 

  1. Тараптар еңбек нарығын дамытуға және халық табысының өсуін арттыру үшін халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Қызылорда облысының әкімдігі:

1) жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жағдай жасайды, оның ішінде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жыл сайын 500 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде онлайн режимде;

- жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға жыл сайын 1468 мемлекеттік гранттар беруді қамтамасыз етеді;

2) жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған «2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асырады;

3) халықты жұмыспен қамту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп, жыл сайын 40,0 мың адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуды қамтамасыз етеді;

4) білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттілігіне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бағдарлайды;

5) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;

6) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;

7) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғайды;

8) жұмыс берушілерге мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін            2024 жылға қарай 24 арнайы жұмыс орындарын құруға жұмсалатын шығындарды субсидиялайды.

 

Тиісті қызмет салалары жұмыс берушілерінің облыстық бірлестіктері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін ұжымдық шарттарға және (немесе) салалық, өңірлік келісімдерге енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын  хабардар етеді және жәрдемдеседі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруын қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының стандарттарын сақтай отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;

5) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін мамандықтар бөлінісінде бос орындардың болуы туралы мәліметтерді және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

6) жұмыс берушілердің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері (ұйым ішінде) болып табылатын заңды тұлғаларға (филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге) қысқартылатын жұмыскерлердің ұқсас лауазым, тиісті біліктілік, мамандық немесе кәсіп, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасы бойынша бар бос орындарға ауысуын жұмыс берушілерге қамтамасыз етеді;

7) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттарда «Бірінші жұмыс орны» жобасы шеңберінде жастарды бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерді хабардар етеді және жәрдемдеседі;

8) кандидаттардың біліктілігі тең болған кезде (жұмыскердің білім деңгейін, білімін, іскерлігін, кәсіптік дағдылары мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып) қазақстандық мамандар үшін жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуға басым құқық беруі арқылы шетелдік мамандарды біртіндеп қазақстандық мамандармен ауыстыру жөнінде шаралар қолданады және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру жөнінде шаралар қолданады;

9) жастардың аға буыны жұмыскерлерінің тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін тәлімгерлік бойынша жұмысты күшейтеді;

10) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

11) ұйымдарды қайта құрылымдау процесінде жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жаппай босатуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

 

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын танымал етуді жүзеге асырады;

2) жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының жобасына ұсыныс енгізеді.

 

Тараптар бірлесіп:

1) XXI ғасырдың жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларымен адами капиталды дамыту облыс дамуының жаңа бағытының басым міндетіне айналады;

2) халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы            2023 жылға қарай өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 4,8 %-ға төмендетуге;

3) еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың үлесін                 2023 жылға қарай 27 %-ға жеткізуге;

4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау, еңбек нарығы туралы хабардар ету жүйесін жетілдіруге;

5) еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыруға;

6) жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім берудің білім сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауға;

7) кадрларды даярлау мен қайта даярлау бойынша жұмыстарды жүргізуге;

8) кадрларды кәсіптік бағдарлау бойынша жұмыстарды жүргізеді;

9) жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді өндіріс ішілік оқытуды және озыңқы кәсіптік оқытуды дамытуға;

10) кадрлардың кәсіби ұтқырлығы мәселелері бойынша консультациялар өткізуге.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді – Өңірлік үшжақты комиссияның 01.09.2022 жылғы № 05-3/4237-и хаттамасымен

 

 

V бөлім. Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу

 

  1. Тараптар қолайлы, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға, гендерлік теңдікке, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға, жұмыскерлердің еңбек әлеуетін дамытуға, оның ішінде жұмыскерлердің өндірістік шешімдер қабылдауға қатысуы арқылы дамытуға бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Қызылорда облысының әкімдігі:

1) мемлекеттік еңбек инспекторларының профилактикалық жұмысқа және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталатын қызметін белсендіреді;

2) қашықтықтан жұмыс істеуді реттеуді жетілдіру бойынша еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс енгізеді;

3) жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтауды және талдауды қамтамасыз етеді;

4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға мониторинг жүргізеді.

 

Тиісті салалардың облыстық жұмыс берушілерінің бірлестіктері:

1) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдеседі;

2) жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал етеді;

3) жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шаралары кешенін, оның ішінде:

өндірістік жарақаттанудың алдын алу;

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу.

4) жұмыс берушілердің жалақыға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға арналған қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

5) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеу саласында жұмыс беруші тарапынан кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді;

6) жалақының уақтылы төленуін және жалақы бойынша берешекті болдырмауды қамтамасыз етеді;

7) жұмыскерлердің табыс деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы айқындаған инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде жалақыны индекстеуді қарастырады;

8) еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен іс-қимылдарды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға ықпал жасайды;

9) өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың функцияларын орындайтын жұмыскерге ынталандыру мақсатында келісімде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде жалақыға қосымша ақы мөлшерін белгілеу туралы шараларды қабылдайды;

10) кәсіпорындар мен ұйымдарда барлық жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіпорын есебінен міндетті оқытуды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдеріне тексеру жүргізу.

11) жұмыс берушілер өнім (жұмыс) өндірісінің көлемі қысқарған кезде кәсіподақпен (жұмыскерлердің өкілдерімен) келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуді қоса алғанда, жұмыс орындарын сақтау жөніндегі барлық мүмкіндіктерді қарайды;

12) жұмыскерлерді босатуға байланысты оңтайландыру, қайта құрылымдау, аутсорсинг тәсілін қолдану үдерістері мәселелерін облыс әкімдігімен алдын ала келіседі;

13) жұмыс берушілер қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты алдағы жұмыстан босату мерзімін, босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақы мөлшерін көрсете отырып, кемінде 1 (бір) ай бұрын Әкімдік пен Кәсіподаққа ақпарат ұсынады;

14) жұмыс берушілер өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгерістерге және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты жұмыскерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде 1 (бір) ай бұрын Әкімдік пен Кәсіподаққа ақпарат ұсынады;

15) жұмыс берушілер қызметкерлерді босатуға байланысты кәсіпорынды оңтайландыру, қайта құрылымдау (аутсорсинг әдісін қолдану) процестері туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 1 (бір) ай бұрын Әкімдік пен Кәсіподаққа ақпарат ұсынады;

16) жұмыс берушілер қызметкерлердің қысқартылуына жол бермеу мақсатында уақытша жұмыс орындарын құру, сондай-ақ қызметкерлерді қайта оқыту бойынша шаралар қабылдайды.

17) жұмыс берушілер жаңа өндірістер мен жұмыс орындары пайда болған кезде бұрын жұмыстан босатылған қызметкерлерге біліктілік талаптарға сәйкес келген жағдайда бос лауазымға орналасуға басымдық беруді қарастырады;

18) кәсіпорын Кәсіподақпен бірлесіп тоқсанына бір рет өндірістік объектілердегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды тексереді және жанжалды жағдайды қалыптастырудың алғышарттарын жою бойынша шаралар қабылдайды.

Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді – Өңірлік үшжақты комиссияның 01.09.2022 жылғы № 05-3/4237-и хаттамасымен

 

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы:

1) салалық және өңірлік үшжақты келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандырады;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;

3) ұжымдық-шарттық қатынастарды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда жасалған электрондық еңбек шарттарын тарату жөніндегі ақпараттық науқандарды жүргізеді;

4) еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдамалық баяндамалар дайындау арқылы түсіндіреді.

 

Тараптар бірлесіп:

1) Облыстық комиссияның, оның жұмыс топтарының, салалық және өңірлік комиссиялардың отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелерін қарауға;

2) 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:

әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерін;

ана мен баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік мәселелерді шешуді;

балаларды күтумен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерге тең қолдау көрсетуді;

әйелдер мен ерлердің еңбекақысындағы теңдікті;

басқару функцияларын жүзеге асыратын әйелдердің үлесін кеңейтуді қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға;

3) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша:

еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге;

өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

жастардың оң қоғамдық бастамаларын қолдау және ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

4) балалар еңбегін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және іске асыруға жәрдемдесуге;

5) өндірістік жарақаттану деңгейін жыл сайын азайту және ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын арттыру;

6) кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге;

7) облыстық кәсіпорындарында:

қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды;

еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің қазіргі заманғы стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізуге.

 

 

VI бөлім. Әлеуметтік саясат

 

  1. Тараптар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды олардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасау және мынадай әлеуметтік шешімдер қабылдау және іс-шаралар өткізу жолымен қабылдауға уағдаласты.

 

Тараптар әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:

1) әлеуметтік төлемдерді цифрландыру шеңберінде азаматтың «Әлеуметтік әмияны» цифрлық платформасын енгізуге ықпал жасау;

2) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

3) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасын әзірлеуге белсенді қатысу;

5) мүгедектігі бар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту, сондай-ақ олардың қоғамға кірігуі үшін тең жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;

6) ерікті зейнетақы, медициналық, әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамыту бойынша ұсыныстар енгізу.

 

 

VII бөлім. Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау

 

  1. Тараптар осы Келісім экономика салаларындағы ағымдағы фискалдық саясатты ескере отырып, экономика, еңбек, жұмыспен қамту және жұмыскерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру жөніндегі келісілген іс-қимылдар мен шараларға бағытталған әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты болып табылатынына келісті және оның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:

1) Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде іске асыру және оны одан әрі қарау мен облыстық  комиссияның отырысында бекіту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

2) Тараптардың әрқайсысы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі;

3) Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі облыстық комиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарының бірі болып табылады;

4) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде Облыстық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

5) салалық және өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер осы Келісіммен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс;

  1. Тараптар осы Облыстық келісімнің ережелерін, оның ішінде салалық, өңірлік келісімдердің және (немесе) ұжымдық шарттардың нормаларын орындау арқылы жүзеге асырады.
  2. Келісімнің орындалуын және әлеуметтік әріптестіктің барлық Тараптарының жауапкершілігін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Облыстық келісім қабылданғанға дейін 2024 жылғы наурыз айынан кешіктірілмей жасалуға тиіс келесі кезеңге қолданылады.
  4. Комиссияның жұмыс тобы Келісімнің орындалу барысы туралы ақпарат дайындайды және орындалу барысын жарты жылда бір рет қарайды.
  5. Осы келісімге қол қойылғаннан бастап осыған дейін 2018 жылғы 30 наурызда қабылданған №57 облыстық келісімнің күші жойылды деп танылсын.
  6. Келісім Қызылорда қаласында 2021 жылғы «__» _________ заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде ____ данада жасалды.

 

 

Осы Облыстық келісімге мыналар қол қойды:

 

Қызылорда облысының әкімдігі атынан:

 

Облыс әкімінің орынбасары

Б.Шаменова

 

 

 

______________________

 

Қызылорда облысының кәсіподақтар бірлестігі атынан:

 

Қызылорда облысының

Кәсіподақтар орталығы төрағасының

міндетін атқарушы

М.Баимбетов

 

 

 

 

 

 

 

_____________________

 

Қызылорда облыстық жұмыс берушілердің бірлестіктерінің атынан:

"Қызылорда облысының құрылысшылар қауымдастығы" ҚБ төрағасы
М.Еспенбетов

 

 

 

 

 

 

____________________

«Қызылорда облыстық энергия консорциумы» ҚБ төрағасы                                             М.Кәрімбаев

 

 

 

___________________

«Қазақстан Республикасы                           Фермерлер қауымдастығының»                 Қызылорда облыстық филиалының төрағасы О.Пашкенов      

                

 

 

 

___________________

 

 

Дата публикации
25 июля 2023