2020 жылға Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 10,3 млрд. теңге (27079 адам) қаралған игерілгені 4,7 млрд теңге (34,6%).
Бағдарламаға қатысушы ретінде 14077 адам енгізіліп оның ішінде: жұмыссыздар - 67,5% (9500 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар - 10,9% (1537 адам), жұмыс іздеушілер-21,1% (2975 адам), басқалар (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) – 0,4% (64 адам).
Бағдарламаның бағыттары бойынша.
Бірінші бағыт - Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, соның ішінде:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға – 3065 адамды оқыту жалғастыруда (1 559,5 млн. теңге). Оның 318-і - оқуды аяқтаған, 219-і - жұмыспен қамтылған, 11- оқуын жалғастыруда, 9 – ҚР ҚК қатарына шақырылған, 27- бала күтімінде, басқалары -20, жұмыспен қамту органдарына тіркелгені- 31 адам.
2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға –1800 адам 441,1 млн.теңге(соның ішінде 660 жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, 1140 - ваучер).
Екінші бағыт - Жаппай кәсіпкерлікті дамыту
1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспар - 2150 адам. Нақты 812 адам жолданды, оның 100 –і оқуды аяқтап сертификатын алды.
2) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау –824 адам, 3353,3 млн.теңге қаралған, (оның ішінде ауылдық жерлерде 810 адам 3,3 млрд.теңге, қалалық жерлерде 14 адам 250,0 млн теңге). Ағымдағы жылдың 1 шілдеге 292 адам (275,0 млн.тг.) шағын несие алды. Қосымша 253 жаңа жұмыс орындары ашылды.
3) жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар – 3084 адамға 1634,8 мың.теңге -200 АЕК (530 мың т) жоспарланған. 1 шілдеге 1034 адам (541,2 млн.тг.) грант алды.
Үшінші бағыт - Халықты жұмыспен шараларымен 11972 адам қамтылды, соның ішінде:
- бос жұмыс орындарына орналасқаны – 4058 адам (жоспар 13900 адам, 29,2 %);
- әлеуметтік жұмыс орындарына – 1095 адам, немесе 175 % (жоспар – 626 адам, 316,6 млн.т) жолданып, олардың 264- і жұмысын аяқтап, 118-і тұрақты жұмыспен қамтылды, немесе 44,7% .
- жастар тәжірибесіне – 1641 адам немесе 38,3% (жоспар 4282 адам, 1702,5 млн.т.), жұмысын аяқтаған 524 адамның 136-і тұрақты жұмысқа орналасты, немесе 25,9%.
- қоғамдық жұмыстарға – 5178 адам немесе 34,8 % (жоспар 14880 адам, 3923,4 млн.т.) жолданып, 1946-і жұмысын аяқтап, олардың 148-і жұмыспен қамтылды (7,6%).
Жыл басынан 15 мекеме кәсіпорындардан қысқартылған жұмыскерлер саны -99 адам, оның 5-і жұмыспен қамтылған. . Қалғандары жұмыспен қамту органдарына хабарласпаған. 2019 жылы қысқартылғандар саны 27 мекемеден 461 адам, олардың 25 –і жұмыспен қамтылған, 82-і жұмыспен қамту органдарына тіркелген.