«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы «16» қарашадағы № 199 қаулысына
қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы «15» қыркүйектегі № 579 қаулысымен
бекітілген

«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ведомстволары жоқ.
  3. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы
    заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
    әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының бұйрықтарымен және
    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бекзатхан Асқар көшесі, № 47.
  10. Осы ереже Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

  1. Мақсаттары:

1) азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту, көші-қоны және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктері мен құқықтырын қамтамасыз ету арқылы Қызылорда облысы халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету;

2) өз құзіреті шегінде еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өзіне жүктелген міндеттерді және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;

2) міндеттері:

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

жеке және заңды тұлғалардың Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Функциялары:

1) облыстағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды және уәкілетті мемлекеттік органға хабарлайды;

2) өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекітуді және іске асыруды жүзеге асырады;

3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізеді;

4) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асырады;

5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдайды;

6) жұмыссыздарға, жұмыс іздеуші адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеуді жүзеге асырады;

7) мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілеуді жүзеге асырады;

8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекітеді;

9) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;

10) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін бекітуді жүзеге асырады;

11) «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара
іс-қимыл жасайды;

13) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуын қамтамасыз етеді;

15) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізеді;

16) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне статистикалық талдауды, болжауды жүргізуді қамтамасыз етеді;

17) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдауды жүзеге асырады;

19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемінің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін әзірлеуді және облыстың жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсынады;

20) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құрады;

21) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұсынады;

22) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етеді;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;

24) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің бедерлі-нүктелік қарпімен оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

25) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне сәйкес тиісті аумақта әлеуметтік, кәсіптік оңалтудың орындалуын ұйымдастырады;

26) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

27) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

28) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер мәлімдеген олардың сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады;

29) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени, ағарту және өзге де іс-шараларын ұйымдастырады;

30) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

31) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз етеді;

32) азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша айқындайды;

33) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеуді жүзеге асырады;

34) пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету саласындағы өкілеттіктерді атқарады;

35) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) және жұмыскерлердің өңірлік бірлестіктерімен өңірлік (облыстық) келісімдер жасасады;

36) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органдарды құрады;

37) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ мекемелерден босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеуді жүзеге асырады;

38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты процесті ұйымдастырады;

39) өздеріне қатысты пробация қолданылатын, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

40) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді;

41) мекемелерден босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;

42) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

43) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, сондай-ақ бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;

44) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады;

45) пана іздеген адамның куәлігін береді;

46) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асырады;

47) босқын куәлігін береді;

48) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастырады және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жібереді;

49) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияларды құрады;

50) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;

51) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.04.2024 ж. № 57 қаулысымен;

52) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.04.2024 ж. № 57 қаулысымен;

53) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.04.2024 ж. № 57 қаулысымен;

54) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 25.05.2026 ж. № 93 қаулысымен;

55) жергілікті атқарушы органдардың қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылық көмек көрсету туралы ұсыныстармен өздеріне жүгінген кезде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде олардың қызметін үйлестіреді;

56) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

57) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;

58) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

59) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

60) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.04.2024 ж. № 57 қаулысымен;

61) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

62) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

63) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;

64) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

65) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

66) қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияны құрады және оның қызметін ұйымдастырады;

67) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетеді;

68) «Ата жолы» картасын беру туралы шешім қабылдайды;

69) қандас куәлігін беруді жүзеге асырады;

70) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;

71) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды берудi немесе ұзартуды, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұруды және кері қайтарып алуды жүзеге асырады;

72) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;

73) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.04.2024 ж. № 57 қаулысымен;

74) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;

75) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 25.05.2026 ж. № 93 қаулысымен;

76) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 25.05.2026 ж. № 93 қаулысымен;

77) Алып тасталды - Қызылорда облысы әкімдігінің 25.05.2026 ж. № 93 қаулысымен;

78) Қызылорда облысы әкімдігі атынан:

мемлекеттік орган болып табылмайтын ведомстволық бағынысты облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға қатысты құрылтайшы ретінде әрекет етеді;

облыстық коммуналдық меншікте акциялары (қатысу үлесі) бар заңды тұлғаларға қатысты акционер (қатысушы) ретінде әрекет етеді;

78-1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруды ұйымдастырады;

78-2) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен үйлестіреді;

78-3) мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесіне сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтейді;

78-4) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұйымдастырады;

78-5) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін облыстағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес облыстағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;

78-6) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;

78-7) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;

78-8) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

78-9) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шараларды ұйымдастырады;

78-10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау және өзге де көмек жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

78-11) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру тиімділігінің индикаторларын әзірлейді және бекітеді;

78-12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарға (отбасыларға) жан-жақты қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады;

78-13) аудандарда халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан отбасын қолдау орталықтарын құрады және (немесе) олардың қызметін ұйымдастырады;

78-14) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен, өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қатысқан кезде оларды ерте анықтау мен қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды құрады және (немесе) ұйымдастырады;

78-15) аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) әлеуметтік-экономикалық қолдау бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіреді;

78-16) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілер (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдары) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;

78-17) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) анықтайды және есепке алуды жүргізеді, олардың статистикалық деректерін жинауды жүзеге асырады, себептерін талдауды, жүйелі мониторингтеуді жүргізеді;

78-18) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені туралы шешім қабылдайды;

78-19) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссия құрады;

78-20) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

78-21) экологиялық апат аймағынан көшіп-қонушыларды республиканың экологиялық жағынан қолайлы аймақтарында жұмысқа орналастыру жағдайын қамтамасыз етеді;

78-22) мекемелерден босатылған еңбекке жарамды адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсету, сондай-ақ рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған белгiлi бiр тұрғылықты жері жоқ адамдарды өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосуға арналған орталықтарға орналастыру жөнінде шаралар қабылдайды;

78-23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысады;

78-24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысады;

78-25) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінің жұмыскерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

78-26) коммерциялық емес ұйымдармен адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы ұйымдастырады;

78-27) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұзарту мүмкіндігімен, бірақ үш айдан асырмай, алты айға дейінгі мерзімге уақытша тұруға рұқсатты ресімдеу үшін ішкі істер органдарына өтінішхат жолдайды;

78-28) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

78-29) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

78-30) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарына сәйкес көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қарайтын әкімшілік істер (жазалар қолдану) мәселесі бойынша орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізеді;

79) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

  1. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.
  4. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүддесін бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жататын Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) өз өкілеттіктерін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша регламент қабылдайды;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

12) Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

14) Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) сотта Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүддесін білдіреді, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының атынан талапкер, жауапкер ретінде әрекет етеді;

19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүлкі

  1. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

  1. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі табылады.

  1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

  1. Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№ 2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

5) «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

6) «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Дата публикации
21 марта 2020