
Жоғары білімді. 2000 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан экономика және құқық институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысының статистика жөніндегі есептеу орталығының кадр-іс жүргізу жөніндегі «инженері» ретінде бастаған.
2001-2006 жылдары Қызылорда облысының статистика басқармасының экономисті, бас маманы;
2006-2008 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің» жетекші маманы;
2008-2011 жылдары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы;
2011-2012 жылдары облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы;
2012-2016 жылдары облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы;
2016-2020 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары;
2020 жылдың шілде айынан бастап осы кезге дейін облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары;
2020-2022 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;
2022 жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы болып тағайындалды;