Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 4 қыркүйектегі Шиелі ауданындағы ауылдық әкімдерін сайлауының қорытындысы

2022 жылғы 4 қыркүйектегі Шиелі ауданындағы ауылдық әкімдерін сайлауының қорытындысы

Шиелі ауданының Шиелі кенті мен Жуантөбе, Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтері әкімдерінің 2022 жылғы 4 қыркүйектегі сайлауы өтті деп танылды.

Барлық құрылған сайлау округтері бойынша тізімге енгізілген сайлаушылар саны 27048 адамды құрап, оның 19622 дауыс беруге қатысты, есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беруге арналған жайдан тыс жерде дауыс бергендер саны - 55.

Ұсынылған 16 кандидаттың 9-ы сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.

Шиелі сайлау округі бойынша 22293 сайлаушының кандидат А.Ш. Өмірәліге – 14543, кандидат А.А. Сейдеметовке – 1383 дауыс берген. «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушы саны – 189, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 63. Дауыс беру қорытындысымен Шиелі кентінің әкімі болып Өмірәлі Аманкелді Шералыұлы сайланды, 1979 ж.т., Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округінің әкімі, Шиелі ауданының Шиелі кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.

Жуантөбе сайлау округі бойынша 1932 сайлаушының кандидат Н. Е. Сәдуақасовқа – 658, А. Г. Есимовке – 729 дауыс берген. «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушы болған жоқ, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 0. Дауыс беру қорытындысымен Жуантөбе ауылдық округінің әкімі болып           Есимов Азамат Ганиевич сайланды, 1989 ж.т., Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы, Шиелі ауданының Шиелі кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.

Сұлутөбе сайлау округі бойынша 1617 сайлаушыдан кандидат Т.Ө. Рахметоваға ­– 103, К.У. Маматовқа ­– 1178 дауыс берген.­­­­­ «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушы саны – 50, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 24. Дауыс беру қорытындысымен Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі болып Маматов Канданбек Угизбаевич сайланды, 1964 ж.т., Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылдық округінің әкімі, Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.

Тартоғай сайлау округі бойынша 1206 сайлаушыдан кандидат А. Н. Үсенғазинге ­– 14, А.Ж. Ахметовке­ ­– 525, Д.И. Сүйіндікке – 98 дауыс берген.­­­­­ «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушы саны – 4, жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 61. Дауыс беру қорытындысымен Тартоғай ауылдық округінің әкімі болып Ахметов Алтынбек Журсинович сайланды, 1974 ж.т., Шиелі ауданының Тартоғай ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Шиелі ауданының Тартоғай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты – қазақ.

Шиелі кентінің, Жуантөбе, Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтерінің әкімін  сайлау нәтижелері туралы хабарламалар Шиелі аудандық сайлау комиссиясының интернет-парағында орналастырылды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Дата публикации
04 сентября 2022
Дата обновления
04 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға  тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты  «Сыр Ана-Ел» ЖШС-на қарасты Қызылорда облыстық «Шарайна-Сейхун» газеті үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеттерінде үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша ӨЗ ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫН ҰСЫНАДЫ.
Ақпарат
17 октября 2026
ШИЕЛІ АУДАНЫ ОКУРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы