
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 5 тамыздағы №АСК-03/113 қаулысымен Шиелі кенті және Жуантөбе, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы жөніндегі осы ауылдық округтердің шекарасында сайлау округтері құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1 тармағына, 113-1-бабының негізінде Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 5 тамыздағы №АСК-03/114 қаулысымен Шиелі кенті және Жуантөбе, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 4 қыркүйекке (жексенбі) тағайындалды.
Шиелі кенті және Жуантөбе, Тартоғай, Сұлутөбе ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 6 тамыздан басталады және 2022 жылғы 19 тамызда, сағат 18.00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 24 тамызда, сағат 18.00-де аяқталады.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №3, Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдениет үйінің ғимараты, байланыс телефоны: 4-32-30, электронды поштасы shieli.sailau@mail.kz.
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының құрамы:
Дулатов Молдабай Оразбекович – комиссия төрағасы
Палымбет Найла Әбілқасымқызы – комиссия төрағасының орынбасары
Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Ермағамбетов Садық
Ахметов Әбдішәки Ауланбергенұлы
Бупежанов Талгат Уалиханович
Кенжесариев Серик Кадрияевич