
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің 2026 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстары жайлы
Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі-ең негізгі мәселелердің бірі десек, Шиелі ауданының білім саласы талап деңгейінде біршама жұмыстар атқаруда.
Білім саласы бойынша ауданда 132 білім беру мекемелері бар.Оның 91-і мектепке (18 мемлекттік балабақша, 5 -еуі мектеп жанындағы шағын орталықтар, 65-і жеке балабақшалар) дейінгі білім беру мекемелері, 37-сі мемлекеттік (34 орта , 3-еуі негізгі мектептер) мектептер, 3-еуі қосымша білім беру ( Аудандық оқушылар үйі, Өнер мектебі, Сыр ұланы тынығу лагері) мекемелері, 1-еуі жеке ( «Ziyatker school» ) мектеп.
Шиелі ауданы бойынша 2026-2027 оқу жылында мемлекеттік жалпы орта білім беру ұйымдарында – 18 011 оқушы білім алуда. Жеке бір («Ziyatker school») мектепте- 231 оқушы оқиды. Мектепке дейінгі 91 білім беру мекемелерінде - 6439 бала тәрбиеленуде.
Педагогикалық кадрлар туралы
Шиелі ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 58 мемлекеттік білім беру мекемесі бар. Олар: 37 мектеп, 18 балабақша, 3 қосымша білім беру мекемесі (1 өнер мектебі,1 оқушылар үйі, лагерь). Ауданда 37 мектеп, 18 мемлекеттік балабақша және 3 қосымша білім беру мекемелері бойынша 5306 қызметкер жұмыс атқарады. Оның 3279 педагог кадр, 2027 техникалық қызметкер. Жоғары білімді педагог - 3159, арнаулы орта білімді педагог - 120. Педагогтердің білік санаттары бойынша шебер - 2, педагог-зерттеуші - 698, педагог-сарапшы - 1155, педагог-модератор - 983, санаты жоқ педагогтер саны - 441.
Білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік талаптарының (бейнебақылау, дабыл жүйесі) сақталуы жайлы
Шиелі ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 37 мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымы, 18 мемлекеттік балабақша және 65 жеке балабақша жұмыс жасайды. Барлық мекемелер бейнебақылау жүйесімен және дабыл қондырғысымен қамтамасыз етілген. 2025 жылдың шілде айында бейнебақылау камерасын бұйрық бойынша сәйкестендіру және ғимараттың ішкі аумағына қосымша бейнебақылау камераларымен жарақтау мақсатында жалпы 20 мекемеге (оның ішінде
7 мектеп және 13 мемлекеттік балабақша) ақпаратты сақтау мерзімін
30 тәулікті құрайтын жаңа үлгідегі 640 дана бейнебақылау жүйесі орнатылды. Аталған 20 мекемеге орнатылған бейнебақылау жүйесі ішкі істер бөлімінің жедел басқару орталығына қосылды.
Сонымен қатар хабардар ету жүйесіне микрофон қосылып, объекті персоналы мен объектіге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдар туралы ақпаратты автоматты режимде трансляциялау мүмкіндігін және микрофон арқылы хабарламаның анық естілуі қамтамасыз етілді.
Білім бөліміне қарасты 7 мектепте (№45, №48, №84, №133, №142, №244, №270) бейнебақылау камераларының саны аз және ескі үлгідегі болғандықтан жаңадан орнатуға ұсыныс енгізілді.
Қамқоршылық-қорғаншылық жұмыстары бойынша
Ауданда 0-18 жас аралығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 56 бала бар (жетім-30, ААҚҚ-26), оның ішінде:
52-і қорғаншылық пен қамқоршылықта (жетім-30, ААҚҚ-22);
4- патронаттық тәрбиеде (жетім-0, ААҚҚ-4);
Отбасы тәрбиесіндегі 56 баланың:
0 мен 2 жас аралығындағы – 0,
Мектепке дейінгі мекемеде (бөбекжай) – 1,
Мектепте – 41(оның ішінде үйден оқу-4),
МАД-0 бала,
Арнайы санаториялық мектеп-интернатта – 0,
Арнаулы түзету мектеп-интернатта – 0,
Оңалту орталықта-0,
Колледждерде –11,
Университетте (институт) – 3 бала білім алуда.
Аудандағы барлық 56 бала отбасында тәрбиеленуде, аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар жоқ.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп жасындағы 37 бала ыстық тамақпен (4-бала үйден оқытылуына байланысты қамтылмаған) және жаңа оқу жылында мектеп формасы мен кеңсе құралдарын алу үшін міндетті оқу қоры есебінен қаржылай көмекпен 100 пайыз 51 528 теңгемен қамтылды.
Денсаулық жағдайы бойынша
Отбасы тәрбиесіндегі 56 баланың денсаулығы жағдайы жақсы – 50, мүгедектігі бар-6, психикалық ауытқуы бар – 0, соматикалық бұзылысы бар-0. 56 баланың бір отбасынан ағайындылар саны- 16 (екі ағайындылар-8, үш ағайындылар-2, төрт ағайындылар-2, 5 ағайындылар-0, алты ағайындылар-0).
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердің немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінуде.
Шиелі ауданы бойынша жалпы тұрғын үй кезегінде тұрған жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санаттағылар – 78, оның ішінде 44 бала кәмелетке толмағандар.
ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердің немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінуде. Шиелі ауданы бойынша халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған санаттағы балаларға 2014 жылы – 1 балаға, 2015 жылы – 2 балаға, 2021 жылы -3 балаға, 2023 жылы – 14 балаға, 2024 жылы – 36, 2025жылы – 23 балаларға үй берілген.Ата-анасынан қалған бекітілген тұрғын үйі бар бала саны -13 (меншік құқығында-3, үлестік құқықта-10). Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 56 баланың денсаулығы, білім алуы, тәрбиесімен 38 заңды өкіл айналысады. Оның ішінде:
Қорғаншы, қамқоршы саны-36, оның туыстық қатынасы бар-33. 23 қорғаншы (қамқоршысы) жұмыс жасаса, 5-ы жұмыссыз, 13-зейнеткер (зейнеткерлер, үй шаруасында, бала күтімінде).Патронат тәрбиеші саны-2, оның туыстық қатынасы бар -жоқ. Тәрбиешінің 2-ы жұмыс жасайді (1-мұғалім, 1-тәрбиеші), жұмыссыз жоқ. 2025-2026 оқу жылында 9, 11 сынып бітірушілер саны-9, оның ішінде 9 сынып -4, 11 сынып-5. 9 сыныпты бітіруші 4 баланың 3-еуі колледжге грант негізінде оқуға түсіп, ал 14 бала 10 сыныпты жалғастыруда. 11 сыныпты бітіруші – 5, оның ЖОО-3 бала, колледжде – 2 бала оқуға түсті, 5 бала грант негізінде. Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы қорғаншы және қамқоршы функцияларын жүзеге асыратын мамандар тұрғын үй-тұрмыстық жағдайына заңға сәйкес жылына екі рет тексеру жүргізеді. 56 баланың 38 заңды өкілдерінің 55-інде жеке тұрғын үйі бар, 1-і мемлекеттің қарауындағы үйде уақытша тұрады. Жүргізілген талдауға сәйкес тұрғын үйлерде балаларға қолайлы жағдай жасалынған, санитарлық-гигиеналық жай-күйі жақсы. Бөлмелерде ағаш жиһаздары, жұмсақ жиһаздар, теледидар, асхана бөлмесінде асхана жиһаздары, компьютер, кондиционер, газ плита, тоңазытқыш және үй шаруашылығында қолданылатын техникалық заттармен қамтамасыз етілген. Тұрғын үйлер ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары уақылы жүргізілген. Гигиеналық талаптар сақталған. Мобильдік байланыс пен интернет желісін пайдалануға мүмкіндіктер қарастырылған. 56 бала жеке бөлмемен қамтамасыз етілген болса, 56 бала жеке жатын орындармен қамтылған. Барлық мектеп жасындағы балаларға үй тапсырмаларын орындау үшін арнайы оқу бұрышы керекті құрал-жабдықтармен қамтылған, ал мектепке дейінгі жастағы балалар тұрғын жайда еркін және қауіпсіз ойыншықтарымен ойнай алады. Балалар ауысымдық киім-кешек пен аяқ-киімдермен қамтамасыз етілген. Бес бала денсаулығына байланысты үйден оқытылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу жайлы
Ауданымызда 37 мектепте 2025-2026 оқу жылын 25 мамырда 18 108 оқушы аяқтады. Барлық білім беру ұйымдарында «Үздіктер шеруі» өтті. Жақсы оқитын оқушылар олимпиада, ғылыми жоба және байқау жеңімпаздары марапатталды. 9 сыныпты 1761, 11 сыныпты 1118 оқушы бітірді.
Қорытынды емтихандар мен аттестат табыстау мерзімдері:
- 9-сынып бітірушілері 29 мамыр – 11 маусым;
- 11-сынып бітірушілері үшін мемлекеттік емтихандар: 2 – 15 маусым,
- аттестат табыстау салтанаты: 18 маусым күні мектеп қабырғасында өткізілді.
9 сынып бойынша «Үздік аттестат» 211 оқушы, 11 сынып бойынша «Үздік аттестат» 109 оқушы, «Алтын белгі» белгісіне 93 оқушыға табысталды.
11 сыныпты бітіруші 1118 оқушылардың 2026 жылдың 10 мамыр мен 10 шілде аралығында ІІ кезеңнен өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге 938 оқушы қатысуға өтініш білдірген. Бұл бітірушілердің 83,8 пайызын құрайды. Бүгінгі күнге дейін тіркелген 789 оқушы ереже талаптарына сәйкес ҰБТ-у сынағына қатысты, ең жоғары балл – 140. Әрбір білім беру ұйымдарының күнделікті орта балы, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» белгісіне ұсынылған оқушылардың орта балы мен жекелеген пәндер бойынша тест нәтижелеріне орай талдау жасалып, қорытындысы бойынша ақпараттар жинақталуда. 2026 жылдың 10 шілде күні І және ІІ кезеңдер бойынша ҰБТ-у қорытындысы бойынша ауданның орта балы 85,7% болды. Облыс бойынша ауданымыз 3 орында тұр.
2025-2026 оқу жылында 11 сыныпты бітірген 1118 оқушының 958 оқушы мемлекеттік грант иегері атанды. Педагогикалық мамандыққа 165 оқушы, медицина 34 оқушы, техникалық 112 оқушы, ауылшаруашылық 50 оқушы, басқа мамандықтар бойынша 118 оқушы.
2026-2027 оқу жылында 18 066 оқушымен басталды. 1 сыныпқа 1719 оқушы қабылданды.