Лого

Меню

Страницы

Статья

Шиелі ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2024 жылдың 3 айы бойынша мәліметі

          Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы (құрамында жергілікті өкілді және атқарушы орган басшылары, құқық қорғау органдары басшылары және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері) құрылған. Ағымдағы жылы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

         Жыл басынан аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2 отырысы өткізілді.

        Сонымен бірге, бекітілген кестеге сай  аудан тұрғындарын өздерін толғандырып жүрген әртүрлі мәселелермен жеке қабылдауды тұрақты түрде өткізіліп отырылады.

        Аудандық қоғамдық кеңес (елді мекендерде) аудандағы жалпы қылмыс жағдайының жай-күйі туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша мәселелерді қарап, нәтижесімен мемлекеттік органдарға жүйелі түрде бірқатар ұсыныстар беріліп келеді.

        Аудан әкімдігінде бюджет, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптарын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге арналған
5 құқықтық оқыту өткізілді.

        Аудандық «Өскен Өңір» газетіне тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдардың және құқық қорғау органдарының «Сенім» телефондары мен жеке, заңды тұлғаларды қабылдау кестелері беріліп отыр.

        Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыптарында жергілікті баспасөз бетінде (аудандық «Өскен Өңір» газеті)  10 мақала жарияланды.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралардың ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру, бұл ретте мекемелердің интернет-ресурсында арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау және мемлекеттік органдарда атқарылған жұмыстар жөнінде есепті жария ету үшін аудан әкімдігінің веб-сайтында (shieli.gov.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімі тұрақты түрде жұмыс істеп, аудан көлеміндегі  бөлімдер мен кент,  ауылдық округі әкімі аппараттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағытында атқарылған жұмыстар туралы, өткізілген іс шаралар  жөнінде мәліметтер баршаға қолжетімді үлгіде электрондық нұсқасы қазақша, орысша екі тілдегі мәтінде  тоқсан сайын орналастырылып, мерзімінде өзектендіріліп, ақпараттар жаңартылып отыр.

        Барлық мемлекеттік мекемелер ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі орнатылған.

        Аудандағы барлық елді мекендер орталықтарында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауды насихаттау мақсатында 12 – дана көрнекі ақпараттық бильборд ілінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар өз деңгейінде жалғасын табатын болады.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
04 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға  тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты  «Сыр Ана-Ел» ЖШС-на қарасты Қызылорда облыстық «Шарайна-Сейхун» газеті үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеттерінде үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша ӨЗ ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫН ҰСЫНАДЫ.
Ақпарат
17 октября 2026
ШИЕЛІ АУДАНЫ ОКУРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы