
Шиелі ауданының мәдениет және өнер мекемелерінде
2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Аудан бойынша 60 мәдениет және өнер мекемелері (оның ішінде 1 аудандық мәдени-шығармашылық орталығы, 1 кенттік мәдениет үйі, 11 ауылдық мәдениет үйлері мен 14 ауылдық клубтар, 1 Нартай өнер үйі, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 32 кітапхана) бар.
Мәдениет Үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша барлығы 146 көркемөнерпаз үйірмелері жұмыс жасайды. Оның ішінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының жұмыстары бойынша 10 шығармашылық үйірмесі ашылған. Үйірмеге 1545 қатысушы қамтылған.
Биылғы жылы «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы бойынша Еңбекші ауылдық мәдениет үйінен «Шебер қолдар» атты қолөнер үйірмесі ашылып жұмыс жасауда.
2026 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес 95 мәдени-көпшілік шаралар өткізу жоспарланды.
Атап айтқанда, «Жас дәурен» халықтық ән-би ансамблі мен «Ноғайбаевтар» отбасылық ансамблі және Ұлт аспаптары халықтық оркестрінің «Өнер – мәңгілік мұра, сарқылмас – қазына» атты есеп беру кеші ұйымдастырылды.
№1, №2 мәдени-демалыс кешендері мен «Сыр маржаны» халықтық мәдени-үгіт бригадасының және «Айшуақ» би үйірмесінің «Ұрпаққа аманат – өміршең өнер» атты есеп беру кеші өткізілді.
Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары жанынан құрылған үйірмелердің «Жұлдыздар, өнерлі ұл-қыздар» атты үйірме оқушыларының есеп беру кеші ұйымдастырылды.
«Руханият» орталығында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Отан», І дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты еске алуға арналған «Елі үшін туған Ер» атты тағылымдық шара өткізілді.
«Цифрлық мәдениет: трендтегі ЖИ» жобасы аясында аудандық семинар ұйымдастырылды.
Жөлек ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты балалар арасындағы облыстық патриоттық әндер байқауы өтті.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» атты мерекелік шара өткізілді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Мейірім мен парасат әлемі – Ана» атты мерекелік салтанатты шара өтті.
14 наурыз – Көрісу күніне орай Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңында «Амалмен келген ақ тілек» атты мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылды.
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай «Жақсылық жасап жарысайықшы...» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңында «Ұлттық кұндылықтар – ұлт қазынасы» атты қолөнершілер көрмесі және «Асыл мұра» атты дәстүрлі ән орындаушылардың концерті ұйымдастырылды.
17 наурыз – Шаңырақ күніне орай «Руханият» орталығында «Шаңырақтағы салт-дәстүр» атты жас отбасылар арасында аудандық фестиваль өтті.
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты ұлттық киімдер шеруі өтті. Шара барысында Ұлттық киімдеріміздің көптүрлілігі мен ерекшелігін көрсету мақсатында дефиле шоу ұйымдастырылды.
19 наурыз – Жаңару күні биылдан бастап цифрлық трансформация тақырыбына арналды. Осыған орай аудандық оқушылар үйінде «Жаңару жолында: Цифрлық трансформация» атты көрме ұйымдастырылды.
20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай «Ұлттық спорт – ұлт келбеті» атты ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
22 наурыз күні табиғаттың жаңарып, күннің жылып, тіршіліктің жандауын мерекелеу, халықтың бірлігі мен ұлттық болмысын насихаттау мақсатында Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңында «Құт, береке бастауы - Наурыз» атты театрландырылған қойылым, мерекелік концерт, спорттық ойындар өткізілді.
1 сәуір – Халықаралық күлкі күніне орай сатира саңлағы Мейірман Нұрекеевтің 80 жылдығына арналған «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» атты әзіл-сықақ отауларының республикалық байқауы ұйымдастырылды.
10 сәуір күні "Руханият" орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан" атты жолдауына орай жасанды интеллекті мен қолөнерді байланыстыра отырып «Қолөнердегі жаңа серпін» атты дөңгелек үстел өткізілді.
15 сәуір - Ұлттық ғашықтар күніне арналған «Сезім мен сыр» атты мерекелік концерт өткізілді.
30 сәуір күні әнші, Ә.Әбуовтың 90 жылдығына арналған «Жырдың жолы, саздың сағынышы» атты әнші-термешілердің облыстық байқауы ұйымдастырылды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Достық жыры мен бірлік әні» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
6 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Камал Оспанұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа аманат» атты еске алу шарасы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік салтанатты шара өткізілді.
9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Тағзым алаңында» салтанатты шара ұйымдастырылды.
13 мамыр күні Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық-драма театры арнайы сапармен келіп, көрермендерге А. Елгезектің «Болмаған балалық шақ» драмасын ұсынды.
21 мамыр күні 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәртебелі мәдениет» атты салтанатты шара өтті.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өткізілді.
15 маусым күні «Әке – отбасының тірегі» атты тағылымды мерекелік концерт ұйымдастырылды.
18 маусым күні Медицина қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет үйінде сала қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өткізілді.
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне мен Қазақстан полициясы күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды.
Ұлттық домбыра күніне және қазақтың күй өнерін әлемге танытқан ұлы күйші, композитор Дина Нүрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай бірқатар мәдениет ошақтарында «Күй керуені» атты танымдық сағат, «Домбыра – ұлттық рухтың үні» атты мерекелік шара, «Домбыра – бабалар мұрасы» атты тақырыптық кеш, «Күй әлемінің шамшырағы» атты облыстық домбыра үйірмелері арасындағы домбырашылар байқауы өтті.
Сонымен қатар, «Күймен өрілген ғұмыр» атты күйші Батырхан Махановпен тағылымды кездесу кеші өтті.
Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңында «Ауыл Vibe, Retro NIGHT» байқауы және Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті.
6 шілде – Астана күніне орай Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңында салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қазақтың ұлы ақыны, халық поэзиясының алыбы, жыраулық өнердің заңғар тұлғасы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-сазды поэзия кеші өткізілді.
«Руханият» орталығында «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты тақырыбында жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ауыл мешітінде «Дін бірлігі - ұлт бірлігі» атты діни өкілдермен кездесу өткізілді.
Қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстанның халық әртісі Латиф Хамидидің туғанына 120 жыл толуына орай әнші Гүлнұр Әбіловамен «Әуенге айналған тағдыр» атты тағылымды шеберлік сағаты өткізілді.
Жастардың сөз мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сөз құдіреті – ұлт үні» атты жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байдрахмановтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Елім деп соққан жүрегі» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасы өтті.
Жастардың діни сауатын арттыру, экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын насихаттау мақсатында «Экстремизмнің бастауы - діни сауатсыздық» атты Шиелі аудандық орталық мешітінің наиб имамы Құдайбергенов Ерасыл Мұхамбетиярұлымен кездесу өткізілді.
Әр аптаның жұма күндері М.Шоқай атындағы орталық алаңында ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ауыл мәдениетін насихаттауға бағытталған «Ауыл Vibe, Retro NIGHT» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді.
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абайды оқы, таңырқа» атты тағылымды мәдени іс-шара, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты әдеби сазды кеш, «Абай – қазақтың шамшырағы» атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Біз жалынды жастармыз» атты мерекелік концерт, «Мен жастарға сенемін» атты теннис жарысы, «Жалында жастар – жарқын болашақ» атты әртүрлі салада еңбек етіп жүрген жастармен еркін форматта кездесу кеші өтті.
«Сыр ұланы» тынығу лагерінде балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Көңілді Start» атты спорттық сайыс өткізілді.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жариялау бастамасы аясында «Зияткер ұрпақ – жасанды интеллект әлемінде» атты аудандық робототехника байқауы өткізілді.
29 тамыз – Халықаралық ядролық қарумен күрес күні және Семей ядролық полигонының жабылған күніне орай «Ядролық сынақсыз әлем» атты тағзым шарасы өткізілді.
5 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне орай «Тілім – тұғырым, татулығымның белгісі» атты танымдық кеш, «Тіл білгірі» атты интеллектуалды ойыны, «Тіл – халықтың қазынасы» атты дөңгелек үстел, «Тіл - халық қазынасы» атты үйірме мүшелері арасында әдеби сайыс, «Сөз қазына» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастрылды.
«Жас дәурен» халықтық ән-би ансамблі мен «Қытық» халықтық әзіл-сықақ отауының бірлескен «Өнермен жанған жүректер» атты жылдық есеп беру кеші өткізілді.
Мемлекет және қоғам қайраткері Шеген Қодамановтың 125 жылдығына арналған «Асқақ рухты Шеген» атты облыстық жазба ақындар мүшайрасы өткізілді.
Отбасы күніне орай «Ыстық ұям – шаттық ордам» атты мерекелік концерт, «Бірлік бастауы – отбасы» атты отбасылық сурет салу байқауы, «Отбасы құндылығы сарқылмас қазына» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Социалистік Еңбек Ері Закира Ержанованың 100 жылдығына арналған «Еңбегі ерен – Ер ана» атты тағылымды-танымдық кеш, «Еңбекпен елге қызмет еткен тұлға» атты еске алу кеші өтті.
Түзету мекесінен босап шыққан азаматтардың қатысуымен «Қоғам және біз» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Әлем тыныштықты қалайды» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Адал еңбекті дәріптеп, маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының өнегелі жолын насихаттау, өскелең ұрпаққа еңбектің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында Еңбек күні мерекесіне орай «Құдіретті күш, киелі – Еңбек» атты түрлі саладағы еңбек озаттарымен кездесу кеші өткізілді.
КІТАПХАНА САЛАСЫ
Шиелі ауданы бойынша барлығы 32 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Коворкинг орталықтарының саны – 16 (Аудандық орталық кітапхана, 1 қалалық, 2 қалалық, Еңбекші, Сұлутөбе, Досбол, Н.Бекежанов, Алғабас, Бала би, Бидайкөл, Жөлек, Төңкеріс, Алмалы, Ы.Жақаев, Тартоғай, Бәйгеқұм ауылдық кітапханалары).
Жалпы цифрлық форматтағы құжаттар саны – 344 дана, бет саны – 151156. Рабиске 92502 атаумен 195875 дана кітап түсірілді.
2026 жылы кітапханалар жүйесі бойынша кітап қоры 529410 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 356791 дана құрайды. Кітап берілімі – 380003, оқырман саны – 24279, келушілер саны –148111.
2026 жылдың 9 айында өткізілген шаралар саны - 987. Оның ішінде 513 кітап көрмелері, 474 (әдеби кештер, ақпарат сағаттары, танымдық кештер, кездесу кештері, кітап фестивалі, сайыстар, байқаулар, библиографиялық шолулар, әдеби сазды кештер) көпшілік шаралар.
Аудандық орталықтандырылған кітапханада «Кітап–Аmanat» атты партиялық жобасы аясында мазмұнды әрі тағылымды кездесу өткізілді.
Н.Бекежанов ауылдық кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын насихаттау мақсатында «Цифрлық даму дәуіріндегі Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жас оқырмандардың қатысумен «Ақпараттық технология бойынша техникалық сауаттылық» тақырыбында презентациялық көрме және ақпараттық сағаты, Қазақ прозасының көрнекті өкілі, сөз зергері Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жусан иісі» атты кеші ұйымдастырылды.
Ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Жырмен өткен бір ғұмыр» атты апталық кештің ашылу салтанаты өтті. Апталық барысында «Жырмен өткен бір ғұмыр» әдеби фестивалі, «Жырдан туған әндер» әдеби караоке кеші, «Жыр додасы – Мұқағали» Quiz (викторина), «Мұқағали - мәңгілік жыр» әдеби кеші, «Мұқағали жолымен» станциялық ойын әдеби квест, «Өлеңді суретпен сөйлету» шығармашылық көрмелері өткізілді.
Наурыз мейрамының онкүндігіне орай ұлттық салт-дәстүрлерді көрсету, мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. 15 наурыз – «Қайырымдылық – тәрбиенің бастауы» атты қайырымдылық шарасы, 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Наурыз – ұлттың салт – дәстүр айнасы», 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай «Бақытты шаңырақ иелері» атты мерекелік кеш, 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты дефиле мерекелік кеш ұйымдастырылды. 19 наурыз - Жаңару күніне орай Руханият орталығының алаңына көшеттер егіліп, рухани-танымдық шаралар, қайырымдылық кештер, кітап көрмелері ұйымдастырылып өткізілді.
Палуан Қажы Мұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Алып тұлға – аңыз адам» атты деректі фильмі көрсетілді.
Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – асыл мұра» тақырыбымен «DOMBYRA TIME» мәдени-танымдық шарасы, «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты кітап көрмесі өткізілді.
6 шілде – Астана күніне орай «Астана тарихы: өткені мен бүгіні» атты кітап көрмесі, жыраулық өнердің заңғар тұлғасы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-сазды поэзия кеші, «Кітап – білімнің кілті» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
10 тамыз – Абай күніне орай «Мен бір жұмбақ адаммын» атты поэзия сағаты, «Өнерге әркімнің ақ бар таласы» әдеби сазды кеш, «Әлем таныған Абай - қазақтың шамшырағы» кітап көрмесі өткізілді.
«Жол ережесін білу міндет» атты әдеби лото, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі, «Кітап – білімнің кілті» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
5 қыркүйек - Тілдер мерекесіне орай «Туған тілім – баға жетпес байлығым» атты кітап көрмесі, «Байтұрсынов әлемі» атты әдеби кеш, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты библиографиялық шолу, «Тіл - ұлттың рухани байлығы» атты танымдық сағат өткізілді.
«KitapTime-2026» республикалық кітап фестивалі аясында оқушылардың қатысуымен «Оқы, ойна, ойлан» атты интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Үздік оқырман – 2026» облыстық байқауының I кезеңі өтті.
ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАР ТУРАЛЫ
Шиелі ауданы бойынша мемлекет қорғауына алынған барлығы 42 ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра объектілері бар. Оның ішінде 3-і республикалық (Оқшы ата, Асан ата кесенелері, Сауысқандық петроглифі), 37-і жергілікті маңызы бар ескерткіштер (Есабыз әулие, Мақұлтам, Оразай, Ахмет ишан, Ақтай кесенелері, Бақты ата, Қабыл ата, Ғайып ата, Қыш ата қабірлері, Жерасты жолы, Рабат-1, Рабат-2, Рабат-3, Рабат-4, Рабат-5 бекіністері, Нәнсай қалашығы, Тастөбе қалашығы, Қызылтам, Ақтөбе, Бестам, Сұлутөбе қалашықтары, Мортық бекіністі мекені, Ы. Жақаевтің қабіріне қойылған ескерткіш, Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейі ғимараты, Н.Бекежанов ескерткіші, Бәйгеқұм стансасында орналасқан Су қыспақты мұнарасы, Шиелі кентінде теміржол стансасы жанында орналасқан Су қыспақты мұнарасы, Мұстафа Шоқай ескерткіші, Мұстафа Шоқай мүсіні, Иманжүсіп Құтпанұлы ескерткіші, Сұлутөбе стансасында орналасқан Су қыспақты мұнарасы, Ы.Жақаев ескерткіші, Көкшоқы елді мекенінде орналасқан Ш. Есеновтің бюсті, Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Шиелі патриоттарына орнатылған ескерткіші, Ғафур Мұхамеджанов бюсті, Сұлутөбе ауылдық округінде №140 мектеп ауласында орналасқан Алма Қыраубаева, Тартоғай ауылдық округінде №153 мектеп ауласында орналасқан Шахмардан Есенов бюстілері).
Алдын-ала маңызы бар 2 ескерткіш (Омбай қалашығы, Әжібай кесенесі).
Қазіргі таңда «Қызылорда облысының тарихи және мәдени ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы аясында Шиелі ауданы бойынша мобильді қолжетімді жерлердегі 17 тарихи және мәдени ескерткіштерге QR-код тақтайшалары орнатылған. QR-код арқылы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы толық мәліметті алуға болады.
Ескерткіштердің қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары рәсімделген.
Тарихи және мәдени ескерткіштерді ғылыми-реставрациялау жұмыстары бойынша Оқшы ата мен Асан ата кесенелеріне, жергілікті маңызы бар Қыш ата және Ғайып ата қабіріне қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.