
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік қолдау.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге барлығы 197 млн. 028 мың теңге қаржы қаралған. Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға 140 отбасының 761 мүшесіне
88 млн. 372,6 мың теңге тағайындалып, 140 отбасының 761 мүшесіне
77 млн. 669,5 мың теңге төленді.
1 жастан 6 жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынға қосымша төлем үшін бюджеттен 69 млн. 308 мың теңге қаржы қаралды. Жыл басынан
111 отбасының 235 балаға 9 млн. 300,1 мың теңге тағайындалып,
111 отбасының 233 балаға 8 млн. 300,0 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі. Аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 24 млн. 529 мың теңге қаражат қаралды. 2026 жылды басынан өтініштер түспеген.
Шиелі ауданында 2026 жылдың 1 қазанына тіркелген мүгедектігі бар адамдар саны – 2986 болса, оның ішінде I топтағы –272, ІІ топтағы - 987, III топтағы – 1178, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 549.
Мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасы
2026 жергілікті бюджеттен міндетті гигиеналық құралдарға 298 млн 973 мың теңге қаралып, 287 млн 217,7мың теңге игерілді.
Бүгінгі күні әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1625 мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдарға өтінім қабылданып, 1471 адамға жеткізіліп берілді.
-Жүріп-тұруы қиын 97 мүгедектігі бар адамдар кресло арбамен,
134 азамат тифлоқұралдармен, 17 мүгедектігі бар адам сурдоқұралдарымен қамтамасыз етілді.
- 278 мүгедектігі бар адамдар протездік құралдармен қамтамасыз етілді.
- 355 мүгедектігі бар адамдар санаторияға жолдамамен қамтамасыз етілді.
Жеке көмекші қызметі 2026 жылы қимылында қиындығы бар
163 бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметіне барлығы 173 млн 992 мың теңге қаралып, 164 жеке көмекші қызметіне 169 млн 657,6 мың теңге төленді.
Санаторий-курорттық емделуге барған бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүру қызметі бойынша 2 жеке көмекші қызметіне өтініші негізінде 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 509,5 теңге төленді.
Ымдау тілі қызметі. 2026 жылы естуі төмен 21 мүгедектігі бар адамдарға қызмет ететін ымдау тілі мамандарына 11 млн 444 мың теңге қаралып, 18 адамға қызмет көрсететін 4 ымдау тілі мамандарына 6 млн 675,6 мың теңге игерілді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет жөнінде.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» №263 бұйрығына сәйкес есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 140 жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға және үйде қызмет көрсетілетін 130 мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.
Стационарлық үлгідегі №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 қызмет алушы, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 2 қызмет кезекке қойылды. «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне психоневрологиялық ауруы бар 2-топ мүгедектігі бар азамат жолданды.
«Dr SAH оңалту орталығы» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» мекемесінің күндізгі болу бөліміне ақпан айынан бастап 21 мүгедектігі бар балаларға жартылай стационарлық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
Облыс орталығындағы «Талсуат» елді мекенінде орналасқан мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығына жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 49 мүгедектігі бар адамдар, 137 зейнеткер жіберілді.
Әлеуметтік төлемдер.
Аудан бойынша ардагерлерге біржолғы жәрдемақы төлеу мақсатында
2024 жылға аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы «Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» №7/5 шешімімен бекітілген қағидаға сәйкес 9 мамыр –Жеңіс күні мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмекке 64 млн 918,2 мың қаржы қаралып, 308 адамға төленсе, жыл басына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 15 адамға 873,1 мың теңге біржолғы жәрдем ақы төленді
Сүйемелдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын 65 адамдарға
33 млн. 735 мың теңге қаралып, өтініш берген 91 адамға 15 млн 570,0 мың теңге төлем жүргізілді.
Гемобластоздар мен апластикалық анемия диагнозымен есепте тұратын 7 адамға 2 млн 761 мың теңге қаралып, өтініш берген 8 адамға
1 млн 479,3 мың теңге төлем жүргізілді.
Үйден оқытылатын мүгедектігі бар балаларға үйден оқытылатын мүгедек балаларды оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етуге 20 млн. 657 мың теңге қаралып, 2 тоқсанға 136 баланың ата-анасына 8 млн 654,3 мың теңге тағайындалды.
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік такси қызметтерін ұсыну. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы
1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету» қағидасына сәйкес, бюджеттен 23 млн 239,0 мың теңге қаржы қаралып, инватакси қызметі көрсетілуде.
Кедергісіз орта.
«Аманат» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасына сәйкес, ағымдағы жылға бейімдеу жұмыстарына 34 нысан бекітілген. 34 нысанның 34-інде бейімдеу жұмыстарын аяқталып, интерактивті қартаға енгізілді
Консультациялық кеңесші орган бойынша
Қызылорда облысы әкімдігінің 1 желтоқсан 2025 жылғы «Қызылорда облысының 2026 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» №223 қаулысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 5 жұмыс орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 1 жұмыс орын, барлығы 6 жұмыс орны белгіленіп, бүгінгі күнге квота бойынша 6 адам, квотадан тыс 6 адам тұрақты жұмысқа және 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 7 жұмыс орын белгіленіп, қазіргі таңда 6 адам тұрақты жұмысқа жолданды.
Еңбек қатынастары саласы бойынша:
Еңбек шарттарын Электронды тіркеу бойынша
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, барлық жұмыс берушілер еңбек шарттарын ақпараттық жүйеге тіркеу міндеттелді. Осыған орай барлық мекемелер мен кәсіпорындарға қосымша хаттар жолданып, тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Өзара ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандум
Аудан әкімдігі мен жұмыс берушілер арасында жұмыс орындарын сақтап қалу, өндірістің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумға аудандағы 158 мекемелермен қол қойылып, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия отырысы ұйымдастырып, мәселелер аудан әкімдігінің жіті бақылауында.
Ұжымдық шарт жасау, кәсіподақ ролін күшейту.
Үшжақты комиссия мәжілістерінде жалпы еңбек нарығының жай-күйі және Ұжымдық шарт мәселесі тұрақты қаралып келеді. Бүгінгі күнге аудан көлемінде 243 мекемеде Ұжымдық шарттар жасалып, уәкілетті органда тіркелді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады.
Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2026 жыл басынан
1280 өтініш түсіп, бөлім тарапынан барлығы қаралып, 1176-не рұқсат берілсе (оның ішінде ұзартылғаны - 149), 104-не бас тарту берілген.
Ішкі істер органы тарапынан өтініштерге белгіленген мерзімінде жауап бермеу салдарынан 22 өтінім, теріс шешім бойынша 10 өтінім және құжаттар топтамасының қателіктері бойынша 72 өтінімге бас тартылды.
Қайырымдылық көмек
Жыл басынан демеушілер тарапынан барлығы 2151 отбасына 43 млн 339 мың теңгеге, (аз қамтылған 630 отбасына 16 млн 399 мың теңгеге азық-түлік себеттері мен 16 отбасына 1 млн 915 мың теңгеге қаржылай және 1 отбасына 200,0 мың теңгеге табиғи көгілдір отынға (газ пешін орнату) қосылуына,
1 отбасына бір көлік отынға 25,0 мың теңге, Мектепке жол жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында 1503 мектеп оқушысына 24 млн 800 мың теңге) қайырымдылық көмектер жасалды.