Лого

Меню

Страницы

Статья

Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылдың 1 қазанына атқарылған жұмыстары жайлы

 

Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2026 жылдың 1 қазанына атқарылған жұмыстары жайлы

 

Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 10, келісім шарт негізінде – 24 және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша 3 айқындаушы тіркелген.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларына әлеуметтік қолдау.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге барлығы 197 млн. 028 мың теңге қаржы қаралған. Жыл басынан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға 140 отбасының 761 мүшесіне
88 млн. 372,6 мың теңге тағайындалып, 140 отбасының 761 мүшесіне
77 млн. 669,5 мың теңге төленді.

1 жастан 6 жасты қоса алғанға дейінгі әрбір балаға ай сайынға қосымша төлем үшін бюджеттен 69 млн. 308 мың теңге қаржы қаралды. Жыл басынан
111 отбасының 235 балаға 9 млн. 300,1 мың теңге тағайындалып,
111 отбасының 233 балаға 8 млн. 300,0 мың теңге төленді.

Тұрғын үй көмегі. Аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегін көрсетуге 24 млн. 529 мың теңге қаражат қаралды. 2026 жылды басынан өтініштер түспеген.

Шиелі ауданында 2026 жылдың 1 қазанына тіркелген мүгедектігі бар адамдар саны – 2986 болса, оның ішінде I топтағы –272,  ІІ топтағы - 987, III топтағы – 1178, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 549.

Мүгедектігі бар адамдардың жеке оңалту бағдарламасы

2026 жергілікті бюджеттен міндетті гигиеналық құралдарға  298 млн 973 мың теңге қаралып, 287 млн 217,7мың теңге игерілді.

Бүгінгі күні әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1625 мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық құралдарға өтінім қабылданып, 1471 адамға жеткізіліп берілді.

-Жүріп-тұруы қиын 97 мүгедектігі бар адамдар кресло арбамен,
134 азамат тифлоқұралдармен, 17 мүгедектігі бар адам сурдоқұралдарымен қамтамасыз етілді.

- 278 мүгедектігі бар адамдар протездік құралдармен қамтамасыз етілді.

- 355 мүгедектігі бар адамдар санаторияға жолдамамен қамтамасыз етілді.

Жеке көмекші қызметі 2026 жылы қимылында қиындығы бар
163 бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметіне барлығы 173 млн 992 мың теңге қаралып, 164 жеке көмекші қызметіне 169 млн 657,6 мың теңге төленді.

Санаторий-курорттық емделуге барған бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен ілесіп жүру қызметі бойынша 2 жеке көмекші қызметіне өтініші негізінде 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 509,5 теңге төленді.

  Ымдау тілі қызметі. 2026 жылы естуі төмен 21 мүгедектігі бар адамдарға қызмет ететін ымдау тілі мамандарына 11 млн 444 мың теңге қаралып, 18 адамға қызмет көрсететін 4 ымдау тілі мамандарына 6 млн 675,6 мың теңге игерілді.

         Арнаулы әлеуметтік қызмет жөнінде.

Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» №263 бұйрығына сәйкес есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 140 жалғыз басты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға және үйде қызмет көрсетілетін 130 мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Стационарлық үлгідегі №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 қызмет алушы, №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 2 қызмет кезекке қойылды. «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне психоневрологиялық ауруы бар 2-топ мүгедектігі бар азамат жолданды.

«Dr SAH оңалту орталығы» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» мекемесінің күндізгі болу бөліміне ақпан айынан бастап 21 мүгедектігі бар балаларға жартылай стационарлық  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Облыс орталығындағы «Талсуат» елді мекенінде орналасқан мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығына жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 49 мүгедектігі бар адамдар, 137 зейнеткер жіберілді.

Әлеуметтік төлемдер.

Аудан бойынша ардагерлерге біржолғы жәрдемақы төлеу мақсатында
2024 жылға аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 14 қарашадағы «Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» №7/5 шешімімен бекітілген қағидаға сәйкес 9 мамыр –Жеңіс күні мерекесіне орай біржолғы әлеуметтік көмекке 64 млн 918,2 мың қаржы қаралып, 308 адамға төленсе, жыл басына
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 15 адамға 873,1 мың теңге біржолғы жәрдем ақы төленді

Сүйемелдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын 65 адамдарға
33 млн. 735 мың теңге қаралып, өтініш берген  91 адамға  15 млн 570,0 мың теңге төлем жүргізілді.

Гемобластоздар мен апластикалық анемия диагнозымен есепте тұратын 7 адамға 2 млн 761 мың теңге қаралып, өтініш берген 8 адамға
1 млн 479,3 мың теңге төлем жүргізілді.

Үйден оқытылатын мүгедектігі бар балаларға  үйден оқытылатын мүгедек балаларды оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етуге 20 млн. 657 мың теңге қаралып, 2 тоқсанға 136 баланың ата-анасына 8 млн 654,3 мың теңге тағайындалды. 

        Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік такси қызметтерін ұсыну. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы
1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету» қағидасына сәйкес, бюджеттен 23 млн 239,0 мың теңге қаржы қаралып, инватакси қызметі көрсетілуде.

Кедергісіз орта.

«Аманат» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасына сәйкес, ағымдағы жылға бейімдеу жұмыстарына 34 нысан бекітілген.  34 нысанның 34-інде бейімдеу жұмыстарын аяқталып, интерактивті қартаға енгізілді

 Консультациялық кеңесші орган бойынша

Қызылорда облысы әкімдігінің 1 желтоқсан 2025 жылғы «Қызылорда облысының 2026 жылға арналған әлеуметтік саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» №223 қаулысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 5 жұмыс орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 1 жұмыс орын, барлығы 6 жұмыс орны белгіленіп, бүгінгі күнге квота бойынша 6 адам, квотадан тыс 6 адам тұрақты жұмысқа және 8 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 7 жұмыс орын белгіленіп, қазіргі таңда 6 адам тұрақты жұмысқа жолданды.

Еңбек қатынастары саласы бойынша:

Еңбек шарттарын Электронды тіркеу бойынша

 «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне» енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес, барлық жұмыс берушілер еңбек шарттарын ақпараттық жүйеге тіркеу міндеттелді. Осыған орай барлық мекемелер мен кәсіпорындарға қосымша хаттар жолданып, тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Өзара ынтымақтастық туралы үшжақты Меморандум

Аудан әкімдігі мен жұмыс берушілер арасында жұмыс орындарын сақтап қалу, өндірістің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге бағытталған өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумға аудандағы 158 мекемелермен қол қойылып, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссия отырысы  ұйымдастырып, мәселелер аудан әкімдігінің жіті бақылауында.

Ұжымдық шарт жасау, кәсіподақ ролін күшейту.

Үшжақты комиссия мәжілістерінде жалпы еңбек нарығының жай-күйі және Ұжымдық шарт мәселесі тұрақты қаралып келеді. Бүгінгі күнге аудан көлемінде 243 мекемеде Ұжымдық шарттар жасалып, уәкілетті органда тіркелді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2026 жыл басынан
1280 өтініш түсіп, бөлім тарапынан барлығы қаралып, 1176-не рұқсат берілсе (оның ішінде ұзартылғаны - 149), 104-не бас тарту берілген.

Ішкі істер органы тарапынан өтініштерге белгіленген мерзімінде жауап бермеу салдарынан 22 өтінім, теріс шешім бойынша 10 өтінім және құжаттар топтамасының қателіктері бойынша 72 өтінімге бас тартылды.

Қайырымдылық көмек

Жыл басынан демеушілер тарапынан барлығы  2151 отбасына 43 млн 339 мың теңгеге, (аз қамтылған 630 отбасына 16 млн 399 мың теңгеге азық-түлік себеттері мен 16 отбасына 1 млн 915 мың теңгеге қаржылай және 1 отбасына 200,0 мың теңгеге табиғи көгілдір отынға (газ пешін орнату) қосылуына,
1 отбасына бір көлік отынға 25,0 мың теңге, Мектепке жол жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында 1503 мектеп оқушысына 24 млн 800 мың теңге) қайырымдылық көмектер жасалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен  2026 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстар.

 

«Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту» туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №256-НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды өз құзыреті шегінде ерте анықтау және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында аудан әкімінің өкіміне сәйкес 2026 жылы 28 сәуірінде №114-Ө санды «Шиелі ауданы бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және жан жақты қолдау көрсетуді  ұйымдастыру» жөніндегі мобилді топ құрылып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар жөнінде барлығы 449 сигнал келіп түскен.

1.     Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша барлығы жыл басынан 16 сигнал тіркелді;

Оның ішінде 3 азаматша дағдарыс орталығына орналастырылып,                          2 аптадан кейін отбасымен татуласып, үйлеріне оралды; 2 азаматша орталықтың көмегіне жүгініп, Самұрық иновациялық орталығында психо әлеуметтік көмек алуда, 1 отбасының ата-ана құқығынан айыру мақсатында сот қаралымына жолданған. Қалған 8 отбасымен аудандық отбасын қолдау орталығының мамандары бақылауға алып, жан-жақты көмектер көрсетілуде.

2. Пробациялық бақылаудағы азаматтар бойынша әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 47 сигнал түсті;

Оның ішінде 32-і орындалған, 15-і орындалу үстінде.

Орындалған 32 сигналдың 15-і бір ретік 15 АЕК мөлшерде көмек тағайындалса, 8-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 8-і тұрақты жұмысқа жолданған, 4 азамат медициналық (скринингтік) тексерулерден өткізілген.

3. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға (отбасыларға) бойынша барлығы 264 сигнал түсіп,  азаматтарға тиісті бағыттар бойынша кеңестер берілді.

Қарттар үйіне орналастыру бойынша есепті кезеңде 6 өтініш келіп түскен. Өтініш берушілердің медициналық құжаттарын рәсімдеу мақсатында олар уақытша облыстық белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығына орналастырылып, құжаттары дайын болғаннан өтініш беруші азаматтарды  «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не орналастырылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғауға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы арқылы 9 хабарлама келіп түсті.

FSM Social сигналдарын мемлекеттік органдар бойынша талдау

 «Шиелі аудандық Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2026 жылғы 01 қаңтар мен 06 қазан аралығында FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар жөнінде барлығы 348 өтініш тіркелген, оның ішінде 326 сигнал (белгі) басқа мемлекеттік органдардан келіп түсті.

Аталған сигналдар келесі салалар бойынша тіркелді:

Ішкі істер бөлімінен 11 сигнал (белгі);

Денсаулық сақтау саласы бойынша 13 сигнал (белгі);

Білім бөлімінен 237 сигнал (белгі);

Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен 6 сигнал (белгі);

Жергілікті атқарушы органдардан 12 сигнал (белгі);

Шиелі аудандық пробация бөлімінен 47 сигнал келіп түсті.

Әлеуметтік қызмет көрсету нәтижелері

2026 жылдың 06 қазандағы жағдай бойынша Орталыққа өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардан мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын алу бойынша барлығы 1176 өтініш келіп түсті.

Аталған өтініштердің ішінде әлеуметтік көмек алу мәселесі бойынша – 141 өтініш, денсаулығына байланысты мәселелер бойынша – 22 өтініш,

Орталықтың заңгер маманынан құқықтық кеңес алу бойынша – 22 өтініш, психологиялық көмек алу бойынша – 38 өтініш қабылданды.

Сонымен қатар, азаматтардың әлеуметтік-психологиялық жағдайын жақсарту, өмірлік қиындықтарды еңсеру және өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында 78 азаматқа түрлі психологиялық және мотивациялық тренингтер өткізілді.

Қайырымдылық ұйымдары мен демеушілердің қолдауы нәтижесінде 638 азаматқа қажетті әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, Орталықтағы                     өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы арқылы 209 азаматқа тиісті қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, Орталықтың психолог және әлеуметтік жұмыс мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында түрлі бағыттағы оқыту курстарына, семинарлар мен біліктілікті арттыру іс-шараларына қатысуы қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, Шиелі аудандық прокуратурасының «Заң мен тәртіп» іс-шаралар жоспарына сәйкес, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауданның 22 ауылдық округінде ауыл әкімдерінің, аналар және әкелер кеңестерінің қатысуымен «Сталкингті тоқтат!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді. Сонымен қатар, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді. (қатысқандар саны 270 адам).

Орталықтың психолог мамандарының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында жоғары сынып оқушылары арасында суицидтің алдын алу және ерте жүктіліктің зияны туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, психологтар мен медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Стресті басқару және эмоциялық тұрақтылық» тақырыбында   30 тренинг өткізілді. Тренинигке 300 адам қатысты.

2026 жылғы 1–5 маусым аралығында ауданның 22 ауылдық округінде «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жергілікті әйелдер кеңестерінің жұмысын дамыту, отбасы және неке құндылықтарын насихаттау, әйелдердің қоғамдағы және отбасындағы рөлін арттыру, сондай-ақ отбасылық мәселелерді ерте анықтау мақсатында «Отбасылық қатынастардың бала тәрбиесіндегі ықпалы» тақырыбында кездесулер өткізілді. (қатысуышлар саны 200 адам).

Бұдан бөлек, әр апта сайын пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға аудандық Отбасын қолдау орталығының психологы психологиялық диагностика жүргізіп, олардың психоэмоционалдық жай-күйін анықтау мақсатында тестілеу ұйымдастыруда. Бірлескен рейдтік және профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуде.

 «Бақытты отбасы – бақытты бала»

 15 қыркүйек – Отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластық пен өзара түсіністікті нығайту мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты бала» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы, ата-ананың балаға деген мейірімі мен қолдауы туралы айтылып, қатысушылармен түрлі пікір алмасулар жүргізілді.

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен, Әйелдер кеңесінің төрайымы мен «Отбасын қолдау орталығы» мамандарының қатысуымен №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде ата-аналарға арналған «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасындағы өзара түсіністік пен жылы қарым-қатынасты қалыптастыру, балаға дұрыс бағыт-бағдар берудің тиімді тәсілдерін насихаттау.

Семинар барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы психологиялық ахуал, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәдениеті жөнінде пікір алмасу жүргізілді. Қатысушылар түрлі тренингтік жаттығуларға белсенді қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

 ОТБАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ!

15 қыркүйек – Отбасы күніне орай Шиелі аудандық көпбейінді ауруханасының ұйымдастыруымен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шара өтті.

Іс-шараға Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасын қолдау орталығы» КММ қызметкерлері де белсене қатысты.

Кездесу барысында отбасының қоғамдағы маңызы, өзара сыйластық пен қолдаудың құндылығы, берік отбасы қалыптастырудың маңызы жөнінде ой-пікірлер айтылды

Аудандық Қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында тағылымды семинар-тренинг өтті.

 «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын іске асыру аясында азаматтарға құқықтық қолдау көрсету қажеттілігін анықтау үшін, қазіргі таңда «Битрикс24» жүйесінде азаматтардың тізімі өзектендірілді. Атап айтқанда, тізім бойынша бүгінгі күнге 3700 азаматқа хабарласып, оның ішінде 556 азаматтың қажетті деректері нақтыланып, Заңгерлік көмек қажет ететін тұлғаларды анықтап және өтінімдерді одан әрі өңдеуге жолдау жұмыстары жүргізілуде. 

 

01.10.2026 жылға арналған ақпарат 

Шиелі ауданының 2026 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларының жүзеге асырылуы туралы

АНЫҚТАМА 

                Статистикалық мәліметтер бойынша ауданда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 864, жұмыспен қамтылған халық саны
35 148 (жалдамалы жұмысшылар 23 370, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық саны
11 778), жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайыз немесе 1716 адамды құрады.

         Мансап орталығына 2026 жылы 6091 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 1426 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса,
774 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, күміс жас) тартылды.

Бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз гранттар беру жоспарына сәйкес 70 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланды.

«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан портал арқылы (жоспар 368) 307 азамат онлайн түрде оқуға жолданды.

Электронды еңбек биржасы (skills.enbek.kz платформасы) порталы арқылы онлайн оқу бойынша (жоспар 427) 482 азамат онлайн түрде оқытылды.

Ағымдағы жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 40 азаматты жолдау жоспарланды, 2 адам жолданды.

Ағымдағы жылы «Күміс жас» жобасына 80 адамды жолдау жоспарланып, 30 адам жолданды.

Жастар практикасына 170 азаматты жолдау жоспарланып, 467 азамат (2025 жылдан келісімшарты өтпелі 268, 2026 жылы жолданғаны 199) уақытша негізде жұмысқа жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 550 азаматты жолдау жоспарланып, 543 азамат әр түрлі техникалық құжаттарды түптеу-реттеу, санитарлық тазалық, жұмыстарына жолданды.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысатын кәсіпорындар құрамындағы жеке сектордың үлесін ұлғайту бойынша
2026 жылы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға
343 мекемемен қаржыландыру шарттары жасалды оның ішінде 179 жеке сектордағы мекеме немесе 52,2 пайызды құрады.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы» шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар туралы 2026 жылы аудан бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар - 20 жоба. Жобалар бойынша жоспарға сәйкес 184 жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Оның 64 тұрақты, 125 уақытша орын. Бүгнгі күнге 166 адам жолданып, жұмыс жасауда.

2026 жылы жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында
35 жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланды.

Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қалпына келтіру және Қазақстандықтардың нақты табыс деңгейін арттыру аясында 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылға 1021 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі күнге 767 жаңа жұмыс орны құрылып, немесе 75,1 пайызды құрады.

 

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
08 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға  тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты  «Сыр Ана-Ел» ЖШС-на қарасты Қызылорда облыстық «Шарайна-Сейхун» газеті үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеттерінде үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша ӨЗ ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫН ҰСЫНАДЫ.
Ақпарат
17 октября 2026
ШИЕЛІ АУДАНЫ ОКУРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы