Лого

Меню

Страницы

Статья

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР

Үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

ҮЕҰ туралы

2026  жылы Қызылорда облысының Әділет департаментінің және Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының берген мәліметтеріне сәйкес Шиелі ауданында тіркелген Үкіметтік емес ұйымдар саны – 21. Қоғамдық ұйымдардың ішінде 11-і қоғамдық бірлестік, 10-ы қоғамдық қор.

Сонымен қатар, ауданда 5 қоғамдық ұйымдардың филиалдары жұмыс жасайды. 2026 жылдың  қаңтар айында аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасымен «Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары» бекітілді. Кеңестің жұмыс жоспарына аудан әкімдігі жанындағы ҮЕҰ өзара әс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес отырыстары тоқсанына бір рет өткізілетін болады.

Дерекқорға тіркеу туралы

Аудандағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде және Үкіметтік Емес Ұйымдар инициативасымен ұйымдастырылған шаралар мен кеңес отырыстары аудан әкімдігінің интернет-ресурстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып, насихатталып отырады.

Аудандағы 21 үкіметтік емес ұйымның2-еуі өз жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. 21 үкіметтік емес ұйым мемлекеттік кірістер департаментіне дерекқорға тіркелуде. Жаңа порталдағы эксплуатациялық жұмыстар себебінен орын алған техникалық ақауларға байланысты есептілік мерзімі 2026 жылдың  30 сәуіріне дейін ұзартылды.

Жоспарланған іс-шаралар туралы

2026 жылғы 8 ақпанда Шиелі ауданында Тәжік–Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан жауынгерлерді еске алу шарасы өткізілді. “Руханият” орталығында танымдық экскурсия және “Арман” мәдениет үйінде «Шекарада қалған ерлік ізі» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында ардагерлерге Алғыс хаттар табысталып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді.

Ағымдағы жылы 14 ақпанда Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі мен «Арман» мәдениет үйінде «Ел қорғаған ерлер» атты еске алу шарасы өтті.

26 сәуір күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің  тапсырысы аясында «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Чернобыль апатының құрбандарын еске алуға арналған «Чернобыль қаһармандары» атты шара өтті. Шараны Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Рухтарына арнап құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.

7 сәуір  күні «Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасындағы соғыста болған және қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты шара ұйымдастырылды.

Шара ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Қатысушылар монументке гүл шоқтарын қойып, қазақстандық әскери қызметшілердің ерлігі мен жанқиярлығына тағзым етті.

Тамыз айында 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған 35 жыл толуына орай, «Тағзым» алаңында Невада-Семей ардагерлерінің қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі мен «Арман» мәдениет үйінде “Ядролық сынақсыз әлем» атты еске алу шарасы өтті.

Кеңес отырысы туралы

2026 жылы 30 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен  өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысына аудан көлемінде жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен төрайымдары және кеңеске шақырылған дербес бөлім, мекеме басшылары, кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, хаттамалар толтырылып, тиісті тапсырмалар орындалды.

2026 жылы 25 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен  өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі екінші кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралып, хаттамалар толтырылып, тиісті тапсырмалар орындалды.

2026 жылдың 13 шілде күні «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, басқарма және департамент басшылары, жастар ұйымдары, азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті. Форум барысында Шиелі ауданынан «Сыр әскери ардагерлері» ұйымының төрағасы А.Мұсайымов марапатталып, қаржылай сыйақыға ие болды.

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні және тарихи оқиғаға 35 жыл толуына орай «Тағзым»  алаңында «Ядролық сынақсыз әлем» атты еске алу шарасы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың зардабын еске алу, бейбітшіліктің қадірін ұғындыру және қасіретті кезеңнің құрбандарына тағзым ету.Тағзым шарасы барысында Семей полигонының зардабынан қаза болғандар мен сынақтан зардап шеккен азаматтардың рухына құрмет көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Құран бағышталып, соңында естелік ретінде гүл шоқтары қойылды. «Арман» мәдениет үйінде өнерпаздардың концерттік бағдарламасы қойылып, ардагерлер Алғыс хаттармен марапатталды.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
07 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға  тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты  «Сыр Ана-Ел» ЖШС-на қарасты Қызылорда облыстық «Шарайна-Сейхун» газеті үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеттерінде үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша ӨЗ ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫН ҰСЫНАДЫ.
Ақпарат
17 октября 2026
ШИЕЛІ АУДАНЫ ОКУРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы