
Дене шынықтыру және спортты дамыту бағытында ауданда екі спорт мектебі №9 Шиелі аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі, №10 Шиелі ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Шиелі спорт клубы мемлекеттік мекемелері жұмыс жасаса 1 стадион, 4 спорт кешені, 44 спортзал, 96 жазықтық құрылғылар және 36 шағын спорт алаңы жұмыс жасайды. (оның ішінде жеке кәсіпкер есебінен салынғаны-1)
Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар спорттың 24 түрімен 33 мыңға жуық адам қамтылып үлесі 39 пайызды құрайды.
Ауданда спортшылар 11 олимпиадалық (ауыр атлетика, баскетбол, бокс, волейбол, гандбол, грек-рим, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, таэквандо, футбол), 4 ұлттық (асық ату, қазақ күрес, тоғызқұмалақ, көкпар), 8 олимпиадалық емес спорт түрлерімен (белбеу күресі, греплинг, дойбы, қол күресі, фитнес, футзал, шахмат, кикбоксинг) шұғылданады.
Жалпы аудан көлемінде балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерінде барлығы 2000-ға жуық жастар мен жасөспірімдер қамтылып отыр. Бұл аудан жасөспірімдерінің 17 пайызын құрайды.
Туризм саласы бойынша Шиелі ауданында 3 мәдени-тарихи орындары, 2 діни-танымдық орындар, 2 демалыс орындары және 10 қонақ үй халыққа қызмет көрсетуде. Бүгінгі күні, Керделі ауылдық округіндегі «Нартай Бекежанов» мемориалдық өнер музейі, Иіркөл ауылдық округіндегі «Ыбырай Жахаев» атындағы күріш өсіру тарихы музейі мен Аудандық тарихи өлкетану музейлерін аудан қонақтары келіп тамашалауда.
Шет аймақтан келген қонақтар Еңбекші ауылдық округі, Қаратау жотасындағы «Бала Сауысқандық» шатқалындағы тасқа қашалған көне суреттермен (петроглифтер) және тарихи мұра «Оқшы ата» мазарындағы 7 әуленің тарихымен танысып, бабаларға тәубе етуде.
Сонымен қатар, Бәйгеқұм ауылдық округінде орналасқан «Ханқожа» көлінің жағалауында жазғы маусымда көл жағасынан демалыс орындарын ашып, ақылы қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер тіркеліп қызмет көрсетуде.Көл жағасында балық өсіру, шағын өңдеу цехы, суға шомылып салауатты өмір салтын қалыптастыруда жағажай орындары ашылып, катер және әртүрлі маркалы қайықтар мен шағын катамарандар демалушыларға ақылы түрде жалға беріліп, кәсіпкерлік қызметтің жаңа түрі дамып келеді. Ханқожа көлінің ұзындығы-47 км. Бәйгеқұм ауылына қатыстысы-5,5 км.
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында «BANAS» ЖШС-гі 150 млн. тг несие қаражатын алып, «Керемет» сауықтыру кешені, (Жүзу бассейні) Бәйтерек ауылдық округіндегі «Бастау» жабық жүзу бассейіні және «Океан» жүзу бассейні іске қосылып жұмыс жасауда.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолында жол бойы сервисінің құрылысын жүргізу үшін жалпы Шиелі ауданы бойынша 5 жобаға жер телімдері табысталған. Оның ішінде: 2 жоба «Сығанақ», «Аманжол» кешендері қызмет көрсетуде.