
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы бойынша 2026жылдың 1 қазан атқарылған жұмыстары
Мал шаруашылығы
2026 жылдың 1 қазан ірі қара 84032 басты, уақ мал 121986 басты, жылқы 29129 басты, түйе 1829 басты.
Егін шаруашылығы бойынша
2026 жылға аудан бойынша 32 499 гектарға егін орналастырылды.
Оның ішінде:күріш 11 600 га, күздік бидай 1661 га, жаздық бидай 301 га, тары 205 га, дән жүгері 2145га,арпа-15 га, мақсары 900 га, күнбағыс 10 га,соя 240га , жаңа жоңышқа-3288га, ескі жоңышқа 6881 га, мал жемдік асқабақ-154 га, жемдік жүгері 69,4 га сондай-ақ, картоп 235 га, көкөнiс 2250 га және 2545 гектар бақша дақылдары егу жоспарлануда.
Шиелі ауданы бойынша 2026 жылы орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі
|
№ |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
|
1. |
Күздік бидай |
1661 |
|
2. |
Жаздық бидай |
301 |
|
3. |
Дән жүгері |
2145 |
|
4. |
Тары |
205 |
|
5. |
Күріш |
11 600 |
|
6. |
Арпа |
15 |
|
7. |
Мақсары |
900 |
|
8. |
Соя |
240 |
|
9. |
Күнбағыс |
10 |
|
10. |
Жаңа жоңышқа |
3288 |
|
11. |
Ескі жоңышқа |
6881 |
|
12. |
Мал жемдік асқабақ |
154 |
|
13. |
Жемдік жүгері |
69,4 |
|
14. |
Картоп |
235 |
|
15. |
Көкөніс |
2250 |
|
16. |
Бақша |
2545 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
32 499 |
Сонымен қатар, су ресурстарын үнемді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін қолдану аясын кеңейту мақсатында ірі жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, "Таң LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі 1000 гектар жүгері дақылын тамшылатып суару әдісімен ексе, "Центр Семеноводства" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігі 1000 гектар жерге дән жүгері дақылын жаңбырлатып суару әдістерімен егілді.
Сондай-ақ, шаруа қожалық жерлеріне жеке тұрғындар есебінен
1665 гектарға тамшылатып суару әдісімен бау-бақша дақылдары егілді.
2026 жылға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік импортын азайту мақсатында ауданда әр отбасының өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін шаруашылық құрылымдары арасында жер дайындап беру мен үлестіру бойынша
1407 отбасыға 1560 гектар жер дайындалып, егілді.
2026 жылы ауданда 10 000 гектар жер лазерлік тегістеуден өткізілді. (2025 жылы 7800 гектар).
Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы дақылдарының пісіп-жетілуіне байланысты егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге,1661 гектар күздік бидай толық жиналып, орта өнімділігі гектарына 10 центнерді құрап, жалпы 1661 тонна бидай жиналды. Сонымен қатар, 300 гектар жаздық бидайда жиналып, орташа өнімділігі гектарына 10 центнерді құрап, нәтижесінде 300 тонна астық жиналды. Сондай ақ, 15 гектар арпа дақылы толық жиналып, орташа өнімділігі әр гектарына
10 центнерді құрап, жалпы 15 тонна өнім жиналды. 900 гектар мақсары да толық жиналып 495 тонна өнім өндірілді. Шаруашылық құрылымдары тарапынан қысқы мал азығы қорын толық көлемде қалыптастыру мақсатында шөп шабу және мал азығын жинау жұмыстары ұйымдастырылған. Қәзіргі таңда 67 292 тонна шөп жиналып, жинау жұмыстары жалғасуда.
Күріш жинау жұмыстары 26 тамыздан бастау алды. Жинау жұмыстары жүруде.
Минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер
Биылғы жылы егілген егістікке 15 300 тонна минералдық тыңайтқыш пен арамшөптерге қарсы қолданатын 13 547 литр гербицидтер қолданылды.
Ауыл шаруашылығы техникалары
Ауыл шаруашылық құрылымдары бүгінде жаңа үлгідегі МакДон, Джон Дир, Класс маркалы комбайндарын және AXION, ZOOMLION маркалы тракторларын сатып алып, ауыл шаруашылығы техника паркі жаңа техникалармен толыққан.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қолында бар 315 дана трактор, 47 дана комбайн, 69 дана жатка, 52 дана автомашина және 176 дана трактор тіркемесі бүгінде күзгі егін жинау дала жұмыстарына қатысуда.
2026 жылдың 9 айында 8 трактор жаңа техника әкелініп, ауданға 293 млн 030 мың тенге инвестиция тартылды.
Жанар жағармай дайындығы
Шиелі ауданы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан «Госагро» порталы арқылы электронды түрде арзандатылған дизель отынына сұраныс өтінімдері жолданып, күзгі егін жинау дала жұмыстарын жүргізу үшін ауданның шаруашылық құрылымдарына Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан 2009 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Шаруашылық құрылымдары оператор ретінде «РК-мұнай» ЖШС-ін таңдады. Арзандатылған жанар жағар майдың бір литрі 284 теңге болып бекітілді. Бүгінде шаруашылық құрылымдары «РК-Мұнай» ЖШС-мен келісім-шартқа отырып, қазіргі таңда өздеріне тиесілі дизель отынын алуда.
Ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестициялар бойынша
2026 жылдың 9 айында 8 жаңа трактор әкелініп 293 млн 030 мың тенге инвестиция тартылды.
Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы
Ауданда баға тұрақтылығын сақтау мақсатында азық-түлік дүкендерімен бағаны ұстап тұру жөнінде 10 ірі сауда субъектілерімен атап айтсақ (Аян, Нұр, Береке, Қазына, Арсен, Рич маркет, ТОО Қазына, Қайсар, Слам, Рахат) 10 пайыздан аспайтын өзара ынтымақтастық жөнінде 1жылға жарамды меморандум жасалды.
Сонымен қатар аудан көлемінде ӘМАТ өндіруші кәсіпорындарға төмендетілген электр энергиясын тұтыну тарифтерін қолдану мүмкіндігін кеңінен ақпарттандырып, бүгінгі күні 11 кәсіпорынға (Ару ана сүт өндеу цехы, «Жаннұр» сүт өнімдерін өндіру цехы, наубайханалар, күріш диірмендері, жылыжай, тауық етін өндіруші кәсіпорындарына) тиісті анықтамалары беріліп, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның Шиелі ауданындық өкілдігімен тиісті жұмыстар жүргізілді.
2026 ж «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша
1 ші комиссия отырысы 02.02.2026 күні ұйымдастырылып, бақылау кеңесіне 109 млн.теңгені қамтитын 14 жоба ұсынылып, оның ішінде 79,6 млн.теңгені қамтитын 11 жоба мақұлданған болатын. Бүгінгі күні мақұлданған жобаларадың қаражатын «Байқоңыр» ӘКК» АҚ тарапынан аудару жұмыстары толық аяқталды.
2 ші комиссия отырысы 13.03.2026 күні ұйымдастырылып, 101,4 млн.теңгені қамтитын 9 жоба ұсынылды. 51,6 млн.теңгені қамтитын 5 жоба мақұлданып, бүгінгі күні қаражат аудару жұмыстары күтілуде.
3 ші комиссия отырысы 05.05.2026 күні ұйымдастырылып, бақылау кеңесіне 325,2 млн.теңгені қамтитын 29 жоба ұсынылып,
178,6 млн.теңгені қамтитын 15 жоба мақұлданды.
4 ші комиссия отырысы 21.07.2026 күні ұйымдастырылып, бақылау кеңесіне 271,8 млн.теңгені қамтитын 23 жоба ұсынылып,
120,9 млн.теңгені қамтитын 11 жоба мақұлданды.
5 ші комиссия отырысы 24.07.2026 күні ұйымдастырылып, бақылау кеңесіне 34,6 млн.теңгені қамтитын 1 жоба ұсынылып, жоба
31,5 млн.теңгеге мақұлданды.
6 шы комиссия отырысы 29.07.2026 күні ұйымдастырылып, бақылау кеңесіне 160,3 млн.теңгені қамтитын 14 жоба ұсынылып,
104,1 млн.теңгені қамтитын 9 жоба мақұлданды.
7 ші комиссия отырысы 18.08.2026 күні ұйымдастырылып, бақылау кеңесіне 21,6 млн.теңгені қамтитын 2 жоба ұсынылып, жоба
5,5 млн.теңгені қамтитын 1 жоба мақұлданды.
8 ші комиссия отырысы 10.09.2026 күні ұйымдастырылып, бақылау кеңесіне 45 млн.теңгені қамтитын 3 жоба ұсынылып, жоба
34,5 млн.теңгені қамтитын 2 жоба мақұлданды.
9 шы комиссия отырысы 02.10.2026 күні ұйымдастырылып, бақылау кеңесіне 51,4 млн.теңгені қамтитын 3 жоба ұсынылды комиссия қорытындысы күтілуде.
Жер саласы бойынша
Шиелі ауданы аумағынан жер учаскелерін өздеріне тиесілі жерге қосымша табыстау, нысаналы мақсатын өзгерту бойынша жыл басынан
4 өтініштер түскен, жер учаскесін сатудан (303101) кодына бюджетке 23 699 524 теңге түсім түссе, Аукцион бойынша жер учаскесін сатудан (303202) кодына бюджетке 9 068 530 теңге түсім түссе, (303101) кодына бюджетке 10 336 200 теңге түсім түсті.
Жерге орналастыру жобасын бекіту, жер учаскесінің көлемін қайта бекіту, жер учаскесінің бөлінетінін танып беру, жер учаскесін екіге бөлу, жер учаскесін біріктіру туралы жыл басынан бері барлығы -275 бұйрық қабылданған. Бас тартылған қызметтер саны - 59. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ішінде: жер бөлімімен көрсетілетін қызметтің 13 түрі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіліп келеді.
Шиелі кентінен жер телімін алуға ниетті азаматтар тізімі бүгінгі таңға нақтыланып, 12586 (01.06.2026 ж. жағдайында) құрап отыр, яғни осы жылдың басынан бері - 597 азамат кезектілікке тұрған.
Шиелі кентіндегі арнайы жер кезегіне тұрған азаматтардың өтініштері тым көп болуынан, өтініш иелері келісім берген жағдайда инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген кентке жақын ауылдық округтерден жер учаскесін табыстау мүмкіндіктері қарастырылуда.
Жыл басынан бері «eOtinish» порталы арқылы 396 өтініш тіркелді.
115 арыз, 276 сұрау салу, 1 шағым 2 ұсыныс, 2 басқа мекемеге жолданды. Барлық өтініш заңдылығымен орындалуда. Қарау нәтижесінде 247 сұрау салуға жауап берілді. Өтініштердің басым көпшілігі 247 ауыл шаруашылығы (техникалардың тіркелуі және адвокаттардың сұрау салуы) және 106 жер мәселелерін қамтыды. Орындалу үсінде (30.06.2026 жылмен) 6 арыз. Бөлім тарапынан жоғарыда аталған жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жүретін болады.
Шиелі ауданы бойынша 2026 жылға берілген жер қайтару жоспары бойынша 3000,0 га. Осы жарты жылдыққа орындалғаны – 2800,0 гектар.