Лого

Меню

Страницы

Статья

Туризм

Туризм саласы

 Шиелі ауданында туризм саласын дамыту, тарихи-мәдени мұраларды насихаттау және ішкі туризмді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданда 3 мәдени-тарихи нысан, 2 діни-тарихи нысан, 2 демалыс орны және 15 қонақ үй туристерге қызмет көрсетуде.  2026 жылға арналған нысаналы индикаторларға сәйкес ауданға 12 000 ішкі турист және 1 050 сыртқы турист тарту жоспарланған. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша ауданға 5 966 ішкі турист және 420 сыртқы турист келген. Туристік маусымның негізгі кезеңі жаз және күз айларына сәйкес келетіндіктен, жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштер толық орындалады деп күтілуде. Шиелі ауданының басты туристік бағыттарының бірі – Еңбекші ауылдық округіндегі Қаратау жотасында орналасқан «Бала Сауысқандық» шатқалындағы петроглифтер. Бұл тарихи-мәдени мұра нысаны еліміздің ғана емес, шетелдік туристердің де қызығушылығын тудыратын ерекше орындардың бірі болып табылады.  Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан «Оқшы ата» кесенесі тарихи және рухани туризмнің маңызды нысаны ретінде жыл сайын мыңдаған зияратшыларды қабылдайды. Кесенеге келушілер саны жылдан-жылға артып келеді.Жазғы туристік маусымда Бәйгеқұм ауылдық округіндегі «Ханқожа» көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындары аудан тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде. Мұнда жеке кәсіпкерлер тарапынан туристерге 58 жағажай орны, 6 катер, 32 қайық және 25 шағын катамаран ұсынылып, судағы демалысты ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Бұл өз кезегінде ауданның ішкі туризмін дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң әсерін тигізуде.Сонымен қатар, ауданның туристік әлеуетін арттыру мақсатында тарихи-мәдени және табиғи нысандарды кеңінен насихаттау, жол бойындағы туристік инфрақұрылымды жетілдіру, ақпараттық көрсеткіштерді жаңарту және туристерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта дене шынықтыру, спорт және туризм салаларын дамыту бағытындағы жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жалғасатын болады. Негізгі мақсат – тұрғындардың спортпен жүйелі айналысу үлесін арттыру, халықаралық стандарттарға сай спорттық инфрақұрылымды қалыптастыру, жас спортшылардың жетістіктерін көбейту, сондай-ақ ауданның туристік әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ішкі және сыртқы туризмді дамыту болып табылады.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
07 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға  тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты  «Сыр Ана-Ел» ЖШС-на қарасты Қызылорда облыстық «Шарайна-Сейхун» газеті үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеттерінде үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша ӨЗ ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫН ҰСЫНАДЫ.
Ақпарат
17 октября 2026
ШИЕЛІ АУДАНЫ ОКУРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы