
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің 2026 жылғы ІІІ тоқсан бойынша қорытынды жұмыстары
Шиелі ауданы бойынша қоғамдық-саяси ахуал туралы
Жалпы Шиелі ауданы көлемінде қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты.
Мекеме, кәсіпорын ұжымдары және тұрғындар тарапынан ешқандай наразылық акциялары, баскөтерулер болған жоқ.
Аудандық дербес бөлім, сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне ауданда қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұдайы бақылауда ұстап, алдын алу және әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін кез-келген мәселелер туындаған жағдайда аудан әкімі аппараты мен аудандық қоғамдық даму бөліміне шұғыл хабар беріп, дереу мәселені шешу бойынша жұмыстар атқару қажеттілігі туралы тапсырмалар берілген.
Шиеленісуі мүмкін жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдар, іс-шаралар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілген жоқ.
Аталған мақсаттағы жиналыстарды өткізуге арыздар тіркелген жоқ.
Тұрмыстық қажеттіліктегі тауар бағаларына, соның ішінде ахуал тудыруы мүмкін нан, жанармай бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп бақылауда.
ЖОЛДАУ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына қатысты кент және ауылдық округтердегі ауылдық мәдениет үйлерінде тұрғындардың қатысуымен шаралар өткізілуде, кеңінен насихатталуда.
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР
Шиелі ауданында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысы, Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 137 бұйрығы негізге алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Шиелі ауданы бойынша 2026 жылға арналған аудан әкімдігі жанындағы «Мемлекеттік рәміздерді қолдану, қадағалау және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізудің іс-шаралар жоспары 2026 жылдың 15 қаңтар күнімен бекітілді.
Шиелі ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау бойынша аудан әкімімен аудандық іс – шаралар жоспары бекітілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы заңнама нормаларының қатаң сақталуына тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Кент және елдімекендердегі мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкестігі жоспарға сай тексеріліп, қолдану тәртібінің сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты жасалынып отырады.
Әр аптаның дүйсенбі күні мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде, білім беру мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мақсатында ҚР Мемлекеттік Гимні орындалуда.
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні мемлекеттік мекемелерге зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмыс сапары жоспарланып, ҚР мемлекеттік рәміздердің қолданылуына зерделеу шаралары ұйымдастырылды.
Шиелі ауданы бойынша 4 маусым- ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар жоспары жасалды. Шиелі кентіне 1 билборд және 15 ауылдық округке 15 билборд (әр ауылға 1-ден) ілінді. Шиелі кентінде орналасқан 5 ЛЭД экранға Мемлекеттік рәміздер тақырыбында дайындалған бейнероликтер қойылды. «Менің туым – менің мақтанышым!» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бірге бейнеленген суреттер әлеуметтік медиаларда орналастырылды. Кент және ауылдық округтерде «Туымыз төрімізде!» республикалық акциясы аясында тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарына, кәсіпкерлік нысандарға Мемлекеттік Тудың ілінуі ұйымдастырылды. «Патриотизм дауысы» атты акция аясында 4 маусым күні сағат 10:00-де Шиелі кентінде орналасқан «Рәміздер аллеясында» ҚР Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті. Кент және ауылдық округтердің орталық алаңдарында, Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде Мемлекеттік Әнұранды бір мезгілде орындалды. «Ту тұғыры» жастар бастамасы аясында патриоттық ақпараттық акциялар ұйымдастырылды. «Конституция және азамат» ашық диалог алаңдары бағыты Рәміздер күніне орай Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған «Рәміздер рухы – Конституцияның күші» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Рәміздер тарихы» көрме жобасы бойынша орталық кітапханада кітапханаларда мемлекеттік рәміздердің қалыптасу тарихы, архивтік құжаттар, тарихи фотоматериалдар, тәуелсіздік кезеңінің символдық хроникасын пайдалана отырып «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі» атты көрме ұйымдастырылды. «Рәміздер рухы» бағытында мемлекеттік рәміздерді насихаттауға және оларға құрмет мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқан азаматтарды марапаттау ұйымдастырылды. «Ел рәмізіне құрмет» арнайы медиа – жобасы бойынша әлеуметтік желілерде қысқа видеолар, құттықтаулар жарияланды. «Көк Туға тағзым» салтанатты рәсімі «Мемлекеттік рәміздер: елдіктің символы» атты салтанатты жиын тақырыбында өтті.
Ағымдағы жылдың 27 маусым күні Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, кент және дербес бөлім, мемлекеттік мекеме басшыларына хаттамалық тапсырма берілді.
Ағымдағы жылдың 18-22 қыркүйек аралығында 28 мемлекеттік мекемеге зерделеу жұмыстары жасалып, орын алған 3 (үш) кемшілік дер кезінде қалпына келтірілді.
Алдағы уақытта да жоспарға сай мемлекеттік рәміздерді зерделеу және кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
2026 жылға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі іс – шара жоспары бекітілді.
Әр аптаның дүйсенбі күні қызметкерлер арасында өткізілетін аппараттық жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстарды болдырмау және алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті баспа беттерінде жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 5 (бес) мақала жарияланды.
2026 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізіндегі іс-шараларын өткізу қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша жергілікті бюджеттен 5 млн 110 мың теңге қаржы бөлініп, сатып алу конкурсы бойынша «Қармақшы жастары» жастар қоғамдық бірлестігі жеңімпаз деп танылып, техникалық ерекшелігіне сәйкес іс-шара жоспары келісіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2026 жылғы 19 маусым күніМемлекеттік қызметшілер күніне орай Шиелі ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды.Шараның ашылуына аудан әкімі аппаратының басшысы Ғалымжан Каримов қатысып, мамандарды кәсіби мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық сайыстар гір тасын көтеру, арқан тарту және садақ ату түрлері бойынша өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Алдағы уақытта жоба аясындағы егжей-тегжейлі жоспар бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады. Атап айтқанда: Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу бағытындакездесулер, қоғамдық қабылдаулар, сұхбат алаңы, акция, мақала жазу мен сурет салудан байқау, форум өткізілетін болады.
ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ
Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық– демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес жоба аясында бірқатар шаралар атқарылуда. Кент және ауылдық әйелдер округтерінде 23 әйелдер кеңесінің төрайым аналары бекітілген.
Қазіргі таңда Шиелі ауданында батыр аналар саны -2561. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 1031 ана, «Күміс алқа» иегерлері – 1530 .
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жергілікті әйелдер кеңестері жұмысын дамыту және отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау бағытында шараларды ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасына 2026 жылы аудандық бюджеттен 2 млн 665 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған жобаны мемлекеттік сатып алу арқылы «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі 2 млн 398 мың 500 теңгеге ұтып, жеңімпаз атанып, екі жақты іс-шара жоспары бекітіліп, жобаға сәйкес бірқатар шаралар жоспарланды. 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай кент және ауылдық округтерде«Мейірім мен парасат әлемі – Ана», «Аяулы ана, ару қыз!», «Бар ізгілік өзіңнен басталады», Ана- тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі» атты мерекелік шаралар, сайыстар,байқауларұйымдастырылды.
Барлық білім беру ұйымдарында, кітапханаларда әйел-аналарды құрметтеу мақсатында «Ана жүрегі- мейірімнің мекені», «Әйел-ұлттың ұйытқысы», «Әлемді тербеткен ана» атты(тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, семинарлар, эссе, байқаулар т.б) шаралар өткізілсе, «Арман» мәдениет үйінде «Әйел-ана, Әйел-Ару, Әйел -Гүл» атты зейнеткер аналармен кездесу өткізілді. Аудандық мәдениет үйінде «Мейірім мен парасат әлемі – Ана» атты салтанатты шара өткізілді.
Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен – білім саласының ардагері Ұлмекен Бекменбетова, аудан әкімінің Алғыс хатымен білім саласының ардагері Бақтыгүл Құрбанова, Разия Жолдиева, Ақжарқын Ерсайнова, Ұлман Палымбетова, Балтагүл Мыханова, денсаулық сақтау саласының ардагерлері: Тұрсынкүл Қалекеева мен Ділбар Бриканова, мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан Гүлназы Жүсіп, Қызжан Оспанова марапатқа ие болды.
Шиелі аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Болатхан Ниязханұлы аналар қауымын мерекемен құттықтап, ауданымызға еңбегі сіңген, ардақты аналар қауымын және полиция бөлімінде ұзақ жылдар қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан азаматшаларды және ұжымдағы ер азаматтармен бірдей қызмет атқарып жүрген нәзікжандыларға арналған «Аяулы ана, ару қыз»! атты салтанатты мерекелік шара ұйымдастырып, сый-құрмет көрсетті.
Мереке қарсаңында аудан әкімі, бөлім басшыларымен бірге «Алтын алқа» иегері Балташ Жолдасованың, тыл ардагері Күлсін Төлегенованың, білім саласының ардагері Жұпар Бошайбекованың, теміржол саласының ардагері, Хадиша Бекмырзаеваның, тыл ардагері Наужан Бегайдарованың, сондай-ақ Батыр ана Гүлжамал Ахметованың шаңырақтарына барып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, әр салада ұзақ жыл еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан аналар марапатталды.
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жоба аясында 2026 жылдың 31 наурыз күні «Арман» мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Құт –береке бастауы - Наурыз» атты мерекелік құттықтау шарасы өткізілді.
2026 жылдың 15 мамыр күніХалықаралық отбасы күніне орай аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н. Палымбет, қоғамдық даму бөлімінің басшысы К. Есенбаевтың қатысуымен перзентханаға барып, жас аналарды құттықтау шарасы өткізілді.
20 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне орай Бұдабай «Руханият» орталығында «Жергілікті әйелдер кеңестері жұмысын дамыту және отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау бағытында шараларды ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша жас келіндерді ұлттық рухта тәрбиелеу, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, отбасының бірлігін сақтауға және инабаттылыққа шақыру мақсатында«Пай, пай қазақтың келіндері-ай» атты аудандық байқау ұйымдастырылды. Байқауға Шиелі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Шиелі ауданының құрметті азаматы Палымбет Нейлә Әбілқасымқызы, Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы, Шиелі ауданының құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Шиелі аудандық ардагерлер Кеңесінің алқа мүшесі Айжамал Әбдіхамитқызы төрелік етті. Қатысушы келіндер алғыс хаттармен марапатталып, барлық қатысушыларға қаржылай сый-сияпаттар табысталды.
1 - 5 маусым күндерікент және ауылдық округтерде «Отбасылық қатынастардың бала тәрбиесіндегі ықпалы» атты ауылдық әйелдер кеңестерімен бірлесіп тұрғындарымен кездесу өтті.
12 маусым күні «Арман» мәдениет үйінде «Жергілікті әйелдер кеңестері жұмысын дамыту және отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау бағытында шараларды ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы аясында балаларының жарқын болашағы үшін күн демей, түн демей еңбек ететін әкелердің еңбегін дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау және ата-ана институтын нығайту мақсатында әкелер күніне орай 2026 жылдың «Ойлан, тап» атты интелектуалды сайыс өткізілді. Сайысқа Шиелі аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Дана Аман Смаханұлы, Шиелі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, Шиелі ауданының құрметті азаматы Палымбет Нейлә Әбілқасымқызы, Шиелі аудандық отбасын қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Қалжігітова Қымбат Қанатқызы төрелік етті. Сайысқа мекемелерден, мектептерден 7 әке қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушы әкелер алғыс хаттармен марапатталып, барлық әкелерге қаржылай сый-сияпаттар табысталды.
2026 жылғы 13 шілде күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының аудандық кезеңі бойынша комиссия отырысы ұйымдастырылды.
Жиын барысында конкурсқа қатысуға өтінім берген отбасылардың құжаттары қаралып, белгіленген критерийлерге сәйкес сарапталып,отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар, ата-аналардың өнегелі өмір жолы, балалар мен немерелердің жетістіктері, бірнеше ұрпақтың бір шаңырақ астында өмір сүруі, отбасы мүшелерінің қоғамдық белсенділігі мен дарындары назарға алынды.
Конкурсқа кент және ауылдық округтерден 12 отбасы қатысып, жеке-жеке дауыс беру тәртібімен,комиссия мүшелерінің шешімімен Керделі ауылдық округі, Н. Бекежанов ауылынан қатысқан Бәкіровтар отбасы мен Шиелі ауданы, Алмалы ауылынан қатысқан жеңімпаз деп танылып,екі отбасының құжаттары конкурстың облыстық кезеңіне жолданды.
«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі бойынша Бәкіровтер отбасы жүлделі бірінші орынды иеленсе, Әбішовтар отбасы «Мәуелі отбасы» номинациясына ие болды.
2026 жылғы 28 тамыз күні Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде, әлеуметтік жобасы аясында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету мақсатында тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы, Шиелі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 10 ( он балаға) балаға мектепке қажетті құрал- жабдықтарды табыстады.
2026 жылдың 10 қыркүйек күні аудандық Б.Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері және өнегелі отбасылар қатысты. Байқауда Шиелі ауданының отбасылары облыстық кезеңде де жоғары нәтижелер көрсетті. Керделі ауылдық округіне қарасты Н.Бекежанов ауылынан Бәкіровтер отбасы облыстық кезеңде І орын иеленсе, Алмалы ауылынан Әбішовтер отбасы «Мәуелі отбасы» номинациясы бойынша облыс лауреаты атанды. Жеңімпаз отбасыларға қаржылай сый-сияпат табысталды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар мен қаржылай сертификаттар табысталды.
Қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жобасы аясында
2026 жылдың 16 қыркүйек күні №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде отбасы күніне орай «Ата-ана балалар тәрбиесінің айнасы» атты семинар-тренинг өткізілсе, «Руханият» орталығында «Бала тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты семинар-тренинг өткізілді. Семинарды №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының педагог-психологы Сапахова Назгүл жүргізді. Шараны қоғамдық даму бөлімінң сектор меңгерушісі Г. Махан ашып берді. Семинарға Әжелер кеңесінің төрайымы А. Әбдіхамитқызы, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н. Палымбет, жоба үйлестіруші Р. Мизамбаева, қоғамдық даму бөлімінің әдіскері Ж. Махамбетова, отбасын қолдау орталығыңың психолог маманы С. Сейдахметова кент орталығындағы мектептердің ата-аналары қатысты. Семинар мақсаты қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер: ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, отбасындағы қарым-қатынастың бала мінез-құлқы мен тұлғалық қалыптасуына әсерін түсіндіру, балаға дұрыс бағыт-бағдар беру. №45 «Ақ орда» мектеп-гимназиясының педагог-психологы Сүйіндікова Айгүл арнайы тренинг өткізіп, ата-аналарға бала психологиясы, оның эмоциялық қажеттіліктерін түсіну және балаға қолдау көрсету бойынша пайдалы кеңестер берді.
Дін бойынша
Дін саласы бойынша ауданда 2 (екі) әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.
Ауданда 31 (отыз) мешіт, 33 (отыз үш) дін қызметкері және 1 (бір) пресвитериандық шіркеуі бар.
2026 жылға арналған «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» және “Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу” әлеуметтік жобалары бойынша «Асыл Мұра-Орда» ҚҚ жеңімпаз деп танылып, келісімшарт жасалды.
Техникалық ерекшелігіне сәйкес іс-шара жоспары келісіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Ақтоған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Шараға аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы Ж. Балтабек, ауданның бас имамы Р. Қожанов және орталық мешіттің имамы Н. Мәлік қатысты. Кездесу барысында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни идеологиялардан сақтану мәселелері бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.Шараға АТТ мүшесі Ж. Балтабек, Р. Қожанов қатысып барлығы 50 адам қамтылды.
3 ақпан күні №156 Нартай Бекежанов атындағы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында жастарды жат ағымдардан сақтандыру, діни сауаттылықты арттыру және радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелері қамтылды.Түсіндірме жұмыстарын аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы, АТТ мүшесі Ж. Балтабек және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Н. Мәлік жүргізді.
Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында 50 балаға (ата-анасымен қатысты) «Рамазан тәттісі» сыйлығы таратылды. Жиын барысында аудан имамы балалар мен қамқоршыларға отбасының маңызы, ата-анаға құрмет, үлкенді сыйлау, білім алудың артықшылығы және қоғамға пайдалы азамат болу туралы насихат айтты. Шараға АТТ мүшесі Р. Қожанов қатысып, барлығы 100 адам қамтылды.
5 наурыз күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастырумен акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 50 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоржындары табысталды.Шараға АТТ мүшесі Р. Қожанов барлығы 60 адам қатысты 11 наурыз күні Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өткізілді. Аталған акция аясында ауданның әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 5 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоржындары табысталды. Шараға АТТ мүшесі Р. Қожанов қатысып барлығы 10 адам қамтылды.
Экстремизмге және терроризмге қарсы іс - қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 30 наурыз күні аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі, теолог, дінтанушы Дәлелхан Оспанов «Уранэнерго» ЖШС, білім саласы, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, спорт саласының қызметкерлері мен жаттықтырушыларымен, мәдениет саласы мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, олардың қоғамға тигізер зияны, сондай-ақ дәстүрлі дін құндылықтарын дұрыс түсіну мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, бөлімнің басшысы К. Есенбаев алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары туралы да түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
12 мамыр күні«Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі, теолог, ақпараттық кеңістікте кеңінен танылған Жұмаділда Елдос Қуандықұлы аудандағы қарилар медресесінің шәкірттерімен кездесті.Кездесу барысында діни білім алудағы жауапкершілік, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұстаз бен шәкірт әдебі және діни сауаттылықтың қоғамдағы маңызы жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар, қазіргі ақпараттық кеңістіктегі діни ақпараттарды дұрыс қабылдау, жастардың рухани иммунитетін қалыптастыру және қоғаммен тиімді байланыс орнату мәселелері талқыланды.
12 мамыр күні «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында бүгін ауданға РАТТ мүшесі, теолог, ақпараттық кеңістікте кеңінен танылған Жұмаділда Елдос Қуандықұлы келіп, Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
26-27 тамыз күндері Республикалық ақпараттық – насихаттау тобының (РАНТ) мүшесі Арман Баймаханұлы Қуанышбаевтың қатысуымен аудан көлемінде 5(бес)(аудандық мешіттерде, медресе орталығында, «Семізбай-U» ЖШС)ақпараттық – түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.
12 қыркүйек күні Шиелі ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұлттық спорттық сайыс аудан әкімдігінің қолдауымен “Асыл мұра - Орда” қоғамдық қорының аудандық Орталық мешітпен бірлесе ұйымдастыруымен Мұхаммед (с.а.у.) мешітінің аумағында өтті.ұйымдастырылды. Спорттық сайысқа дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттарынан құралған 10 команда қатысып, ұлттық спорттың гір көтеру, қол күрес, қазақ күресі және арқан тартыс түрлерінен өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар марапатталды. І орын иегеріне – 100 000 теңге, ІІ орынға – 70 000 теңге, ІІІ орынға – 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Сонымен қатар, ІІІ орын иегеріне арнайы кубок табысталды. Ал қалған 7 командаға 15 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.
Үкіметтік емес ұйымдармен атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
ҮЕҰ туралы
2026 жылы Қызылорда облысының Әділет департаментінің және Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының берген мәліметтеріне сәйкес Шиелі ауданында тіркелген Үкіметтік емес ұйымдар саны – 21. Қоғамдық ұйымдардың ішінде 11-і қоғамдық бірлестік, 10-ы қоғамдық қор.
Сонымен қатар, ауданда 5 қоғамдық ұйымдардың филиалдары жұмыс жасайды. 2026 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасымен «Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары» бекітілді. Кеңестің жұмыс жоспарына аудан әкімдігі жанындағы ҮЕҰ өзара әс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес отырыстары тоқсанына бір рет өткізілетін болады.
Дерекқорға тіркеу туралы
Аудандағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде және Үкіметтік Емес Ұйымдар инициативасымен ұйымдастырылған шаралар мен кеңес отырыстары аудан әкімдігінің интернет-ресурстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып, насихатталып отырады.
Аудандағы 21 үкіметтік емес ұйымның2-еуі өз жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. 21 үкіметтік емес ұйым мемлекеттік кірістер департаментіне дерекқорға тіркелуде. Жаңа порталдағы эксплуатациялық жұмыстар себебінен орын алған техникалық ақауларға байланысты есептілік мерзімі 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды.
Жоспарланған іс-шаралар туралы
2026 жылғы 8 ақпанда Шиелі ауданында Тәжік–Ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарға қатысқан жауынгерлерді еске алу шарасы өткізілді. “Руханият” орталығында танымдық экскурсия және “Арман” мәдениет үйінде «Шекарада қалған ерлік ізі» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында ардагерлерге Алғыс хаттар табысталып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етілді.
Ағымдағы жылы 14 ақпанда Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі мен «Арман» мәдениет үйінде «Ел қорғаған ерлер» атты еске алу шарасы өтті.
26 сәуір күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Жалынды жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Чернобыль апатының құрбандарын еске алуға арналған «Чернобыль қаһармандары» атты шара өтті. Шараны Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың рухына бас иіп, бір сәт үнсіздікпен еске алды. Рухтарына арнап құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.
7 сәуір күні «Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасындағы соғыста болған және қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты шара ұйымдастырылды.
Шара ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Қатысушылар монументке гүл шоқтарын қойып, қазақстандық әскери қызметшілердің ерлігі мен жанқиярлығына тағзым етті.
Тамыз айында 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған 35 жыл толуына орай, «Тағзым» алаңында Невада-Семей ардагерлерінің қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі мен «Арман» мәдениет үйінде “Ядролық сынақсыз әлем» атты еске алу шарасы өтті.
Кеңес отырысы туралы
2026 жылы 30 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысына аудан көлемінде жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен төрайымдары және кеңеске шақырылған дербес бөлім, мекеме басшылары, кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, хаттамалар толтырылып, тиісті тапсырмалар орындалды.
2026 жылы 25 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі екінші кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралып, хаттамалар толтырылып, тиісті тапсырмалар орындалды.
2026 жылдың 13 шілде күні «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, басқарма және департамент басшылары, жастар ұйымдары, азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті. Форум барысында Шиелі ауданынан «Сыр әскери ардагерлері» ұйымының төрағасы А.Мұсайымов марапатталып, қаржылай сыйақыға ие болды.
29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні және тарихи оқиғаға 35 жыл толуына орай «Тағзым» алаңында «Ядролық сынақсыз әлем» атты еске алу шарасы өтті. Жиынның негізгі мақсаты – Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың зардабын еске алу, бейбітшіліктің қадірін ұғындыру және қасіретті кезеңнің құрбандарына тағзым ету.Тағзым шарасы барысында Семей полигонының зардабынан қаза болғандар мен сынақтан зардап шеккен азаматтардың рухына құрмет көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Құран бағышталып, соңында естелік ретінде гүл шоқтары қойылды. «Арман» мәдениет үйінде өнерпаздардың концерттік бағдарламасы қойылып, ардагерлер Алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» ақпараты
2026 жылғы қаңтар айында Шиелі кенті және ауылдық округ әкімі аппараттарынан жинақталған статистикалық мәліметтерге сәйкес, Шиелі ауданының жалпы халық саны - 86 102 адам, оның ішінде қазақтар саны 82 816 адам немесе 96,40% пайыз, этностар саны 3 098 адам немесе жалпы халықтың 3,60% пайызды құрайды. (Ұлттық құрамы: Орыстар саны 1 630 адам(52,61%), корейлер саны 762 адам (24,59%), өзбектер саны 520 адам (16,78%), белорустар саны 50 адам (1,61%), татарлар саны 35 адам (1,12%), шешендер саны 37 адам (1,19%), немістер саны 21 адам (0,67%), украиндер саны 20 адам (0,64%), әжірбайжандар саны 16 адам (0,35%), ұйғырлар саны 3 адам (0,09%), қырғыздар саны 2 адам (0,06%), чуваштар саны 1 адам (0,03%), қытайлар саны 1 адам (0,03%). Ауданда 13 ұлттың өкілдері тұрады.)
Аудан бойынша негізгі этнос өкілдері орыстар және корейлер көпшілік шоғырланғаны - Шиелі кенті, Ақмая, Байгеқұм, Бәйтерек ауылдық округтері.
Олардың дені ауданымыздағы атомөнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында, ірі кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында қызмет атқарып, ауданның қоғамдық саяси, мәдени – көпшілік өміріне белсене араласуда.
2026 жылы 16 қаңтар күні аудан әкімінің орынбасары А. Алдабергеновпен «Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі үлгілік кешенді ведомствоаралық жоспары» бекітіліп, кент және ауылдық округтерге, мекемелерге орындау үшін жолданды.
2026 жылға арналған «Қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты қалыптастыру, этносаралық қатынастарды дамыту» әлеуметтік жобасына аудандық бюджеттен 2 млн. 410 мың теңге қаржы қаралды.
2026 жылы 26 ақпан күні аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловтың қолымен «Алғыс айту» күнін ұйымдастырудың жоспары бекітіліп, кент және ауылдық округтерге, мекемелерге орындау үшін жолданды.
2026 жылы «Руханият» орталығында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов қатысып, тұрғындарды көктемнің алғашқы жарқын мерекесімен құттықтап, аудан әкімі А.Жандарбековтың алғыс хатымен ардагерлер мен этнос өкілдері марапатталып, естелік суретке түсті. Әлеуметтік желілерде этнос өкілдерінің бейнеқұттықтаулары жарияланды.
2026 жылдың 15 наурыз күні «Руханият» орталығында аудан әкімінің қолдауымен аудан бойынша тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді.
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы шеңберінде және «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық - адам жанының нұры» атты тұрмысы төмен 5 (бес) отбасына этнос өкілдеріне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
2026 жылғы 1 мамыр күні М.Шоқай атындағы орталық алаңда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Достық жыры мен бірлік әні» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шаралар аясында ауданда тұратын этнос өкілдерінің ұлттық қолөнері, қолданбалы тұрмыстық заттары көрмесін қойылды. Салтанатты жиында аудан әкімі А.Жандарбеков аудан тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығын атап өтті. Аудан әкімі А.Жандарбековтың алғыс хатымен этнос өкілдері марапатталып, естелік суретке түсті. Сонымен қатар, 30 сәуір күні «Арман» мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – достық мекені» атты мерекелік шара өткізілсе, Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен «Руханият» орталығында «Бірлік пен ынтымақ –табыс кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әлеуметтік желілерде этнос өкілдерінің бейнеқұттықтаулары жарияланды.
2026 жылғы 31 мамыр күні31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Шиелі ауданында тағылымды шара ұйымдастырылды.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды.
Қатысушылар Мұстафа Шоқай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
2026 жылғы 17 маусым күні этнос өкілдерімен үкіметтік емес ұйымдар мүшелерінің қатысуымен бильярдтан турнир ұйымдастырылды.Шараның басты мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері арасында спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық шараларды кеңінен ұйымдастырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Жарысқа әлеуметтік, өндіріс, білім, денсаулық, спорт және тағы басқа сала өкілдерінен құралған азаматтар қатысты. Жарыс соңында қатысушыларға алғыс хат пен сый - сияпат табысталды.
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің және аудандық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, ұлтаралық татулық пен өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеу мақсатында шілде айында этнос өкілдерінің қатысуымен " FLY" мейрамханасында "Бірлік пен татулық - береке бастауы" тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Палымбет Нәйлә, аудандық партия филиалының атқарушысы хатшысы Баймұратова Жібек қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды.
2026 жылдың 27 тамыз күні «Депортация жылдары тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараның басты мақсаты – депортация жылдарындағы тарихи оқиғаларды еске алу, тағдыр тәлкегімен қазақ жеріне қоныс аударған этностардың тарихын зерделеу және олардың елдің қоғамдық-экономикалық дамуына қосқан үлесін дәріптеу.Кездесуге Шиелі ауданы қоғамдық даму бөлімінің басшысы Есенбаев Кенжехан, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Палымбет Найла, аудандық «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Баймұратова Жібек қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тарихи жадымызды сақтау, ұрпаққа тағылымды тарихты жеткізу және Қазақстандағы этносаралық татулық пен бірлікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.Шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысқан қатысушыларға алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.
Этномедиация бойынша медиаторларға арналған оқытусеминар – тренинг өтті.Семинарды қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев жүргізіп отырды.Кездесуге Республикалық "Әкелер одағы" қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал төрағасының орынбасары, Қызылорда қаласы Текей Батыр Қарпықұлы атындағы жоғары колледж директорының тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары, медиатор Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы арнайы келіп қатысты.Семинар тренинке Ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Байкенжеев, мүшелері, әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет, кент және ауылдық округ бойынша кәсіби емес медиаторлар және мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысты. Семинар соңында барлық қатысушыларға алғыс хат табысталды.
2026 жылдың қыркүйек күні «Менің отаным - менің мақтанышым» тақырыбында оқушылар арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Н.Палымбет, мектеп мұғалімдері мен БАҚ өкілдері қатысты. Байқаудың мақсаты - оқушылар арасында көркемсөз оқу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сайысқа №252, №127 мектептерден 15 – 17 жас аралығындағы этнос өкілдерінің оқушылары қатысты. Олар қазақ әдебиетінің классиктерінің, жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларын жатқа айтты. Байқауға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Қасымов, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің орыс тілі пәні мұғалімі Г.Шамшатова, №45 "Ақ орда" мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Т.Назарова қазылық жасады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орын - №252 Г.Н.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының 5"А" сынып оқушысы Хайрулла Жаснұр, ІІ орын №127 Ш.Уәлиханов атындағыорта мектеп - лицейінің 6 сынып оқушысы Кигай Диар, ІІІ орын №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп - лицейінің 6 сынып оқушысы Кигай Алина алды. Барлық қатысушыларға Алғыс хат табысталды.
Ұйымдастырылған шаралар мен кеңес отырыстары аудан әкімдігінің интернет-ресурстарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялануда.
Шиелі ауданында жастар саясатын дамыту бойынша 9 айлық
АНЫҚТАМА
Жалпы статистикалық мәлімет бойынша
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша 14 пен 35 жас аралығында жастар саны – 27 545. Оның ішінде, кент жастары –11 383 (41,3%), ауыл жастары –16 162 (58,7%). Ер азаматтар – 14 568, әйел – 12 977, 14-17 жастағылар – 3 673, 18-34 жастағылар – 23 872. Жастар аудан халқының 35,65 пайызын құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайыз.
Жастар ресурстық орталығы
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қызметкерлерінің штат бірлігі – 7.
Оның ішінде тікелей жастар саясатымен жұмыс жасайтын мамандар саны – 6. Есепші – 1.
Кент және ауылдық округтердегі 23 маманның 13-і бас маман, 8-і жетекші маман, 2 маман әдіскер.
Қаржыландырылуы
2026 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 32 млн 885 мың теңге бөлінді.
Оның ішінде: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар саясатын дамыту мақсатында 7 млн 398 мың теңге қаржы бөлінді.
Атап айтқанда:
Ұйымдастырылған іс-шаралар
Шиелі ауданы бойынша, 2026 жылы 9 айда жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу мақсатына – 133 шара, мәдени шара – 42, кеңес беру акциялары – 39, құқықбұзушылықтың алдын алу – 31, басқалары – 21 ұйымдастырылды. Оған – 3226-ға жуық жас қатысты.
Жастар ресурстық орталығына жүгінген 147 жасқа құқықтық – 62,
әлеуметтік – 31, психологиялық консультациялық – 39, басқалары – 15 кеңес берілді.
Құқықбұзушылық туралы
Құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында 2026 жылы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, ҮЕҰ-нің мүшелері, жергілікті полиция тобымен түнгі уақытта аудан орталығындағы жастар көп шоғырланатын орындарда, орталық алаңда, букмекерлік орталықтар, түнгі клубтар мен ойын-сауық орталықтарында 92 түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Пробация бойынша
Аудан бойынша 2026 жылы 14-35 жас аралығындағы жастар қатарынан аудандық пробациялық бақылау қызметі бөлімінің есебінде 32 азамат тіркелген
NEET санатындағы жастар туралы
Шиелі ауданы бойынша «Отбасының цифрлық картасында» анықталған D және E санатындағы NEET жастарының сандық көрсеткіші 2026 жылғы
25 қыркүйекте 110 адамды құрады. Аталған көрсеткішті төмендету мақсатында кент және ауылдық округтерде адрестік жұмыстар жүргізіліп, азаматтардың мәртебесін ақтыланып, тиісті консультациялар берілді. Сонымен қатар 76 жалдамалы жұмысшыға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 34 жұмысшыға әлеуметтік төлемі төленді.
9 айда өткізілген іс шаралар
Шиелі кентіндегі №47 мектеп-лицейінде жастарға арналған «Мен және Заң» тақырыбында құқықтық кездесу-лекция ұйымдастырылды.
Аудандағы волонтерлық ұйым
Шиелі ауданы бойынша волонтерлық ұйым ресми тобы тіркелмеген. Ресми емес еріктілер тобы жастар жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, ауданның тазалық акцияларына тұрақты қатысып келеді. Ерікті, белсенді жастар қатарында «Әділет» партиясы «Жастар Рухы» Шиелі аудандық бөлімшесінің жетекшісі Қали Азамат Берікбайұлы жетекшілік жасап келеді.
Жетістіктері: «Үздік волонтер-2022», «Үздік жылдың жастар
көшбасшысы-2023» номинациясының жеңімпазы.
ShieliBiz Birgemiz қайырымдылық қоры, Шиелі ауданы бойынша мүгедектерге, қарттарға, тұрмысы төмен отбасыларға материалдық және арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен айналысады. Жетекшісі – Рысбек Жасұлан Сейітжаппарұлы Құрамында 30 ерікті жас бар.
БАҚ-мен әлеуметтік желілер
Фейзбук әлеуметтік желісіндегі посттар саны – 584
Инстаграм әлеуметтік желісіндегі посттар саны –426
Тик ток әлеуметтік желісіндегі посттар саны –194
БАҚ-та саны – 26
Барлығы – 1230