Шиелі ауданында жастар саясатын дамыту бойынша 9 айлық
АНЫҚТАМА
Жалпы статистикалық мәлімет бойынша
Статистикалық мәліметтерге сәйкес аудан бойынша 14 пен 35 жас аралығында жастар саны – 27 545. Оның ішінде, кент жастары –11 383 (41,3%), ауыл жастары –16 162 (58,7%). Ер азаматтар – 14 568, әйел – 12 977, 14-17 жастағылар – 3 673, 18-34 жастағылар – 23 872. Жастар аудан халқының 35,65 пайызын құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайыз.
Жастар ресурстық орталығы
Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі қызметкерлерінің штат бірлігі – 7.
Оның ішінде тікелей жастар саясатымен жұмыс жасайтын мамандар саны – 6. Есепші – 1.
Кент және ауылдық округтердегі 23 маманның 13-і бас маман, 8-і жетекші маман, 2 маман әдіскер.
Қаржыландырылуы
2026 жылға мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 32 млн 885 мың теңге бөлінді.
Оның ішінде: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар саясатын дамыту мақсатында 7 млн 398 мың теңге қаржы бөлінді.
Атап айтқанда:
- «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік жобасы – 2 млн 398 теңге;
- «Жастарға патриоттық тәрбие беру және жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау» әлеуметтік қызметін ұйымдастыру –5 млн теңге.
Ұйымдастырылған іс-шаралар
Шиелі ауданы бойынша, 2026 жылы 9 айда жергілікті жерде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу мақсатына – 133 шара, мәдени шара – 42, кеңес беру акциялары – 39, құқықбұзушылықтың алдын алу – 31, басқалары – 21 ұйымдастырылды. Оған – 3226-ға жуық жас қатысты.
Жастар ресурстық орталығына жүгінген 147 жасқа құқықтық – 62,
әлеуметтік – 31, психологиялық консультациялық – 39, басқалары – 15 кеңес берілді.
Құқықбұзушылық туралы
Құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында 2026 жылы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, ҮЕҰ-нің мүшелері, жергілікті полиция тобымен түнгі уақытта аудан орталығындағы жастар көп шоғырланатын орындарда, орталық алаңда, букмекерлік орталықтар, түнгі клубтар мен ойын-сауық орталықтарында 92 түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Пробация бойынша
Аудан бойынша 2026 жылы 14-35 жас аралығындағы жастар қатарынан аудандық пробациялық бақылау қызметі бөлімінің есебінде 32 азамат тіркелген
NEET санатындағы жастар туралы
Шиелі ауданы бойынша «Отбасының цифрлық картасында» анықталған D және E санатындағы NEET жастарының сандық көрсеткіші 2026 жылғы
25 қыркүйекте 110 адамды құрады. Аталған көрсеткішті төмендету мақсатында кент және ауылдық округтерде адрестік жұмыстар жүргізіліп, азаматтардың мәртебесін ақтыланып, тиісті консультациялар берілді. Сонымен қатар 76 жалдамалы жұмысшыға түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 34 жұмысшыға әлеуметтік төлемі төленді.
9 айда өткізілген іс шаралар
- Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Шиелі кенті Көкшоқы ықшам ауданындағы спорт клубта жас сайлаушылар арасында волейболдан белсенді турнир өз жалауын көтерді.
- Шиелі аудандық пробация қызметі мен жастар ресурстық орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік қолдау, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және бірлескен профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.
- “Көкшоқы” бастауыш партия ұйымында «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова жас оқырмандармен кездесті.
- «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен, Шиелі ауданы Жайдарман филиалының ұйымдастыруымен өткен СУПЕР КУБОК сайысында соңғы екі жылдың чемпион командалары өзара бақ сынасты.
- Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Руханият орталығында “Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары” атты кездесу өтті.
- «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог және Президенттің жаңа бастамалары» тақырыбында Шиелі индустриялды-аграрлық колледжі студенттерімен кездесу өтті.
- Дүниежүзілік сайлау күні аясында өткен волейболдан аудандық турнир өткізілді
- ШИЕЛІДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
- Жезқазған қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасына қабылдау және қызмет шарттары бойынша ақпараттық кездесу өткізілді.
- «Конституциялық реформа» тақырыбындағы ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті
- «Мен және Заң» атты құқықтық лекция өтті
Шиелі кентіндегі №47 мектеп-лицейінде жастарға арналған «Мен және Заң» тақырыбында құқықтық кездесу-лекция ұйымдастырылды.
- №244 және №149 мектептерде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық кездесу өтті.
- Шиелі кенті әкімдігінің қолдауымен, «Арман мәдениет үйі» КМҚК және Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие беру жоспары аясында «Сұхбат TIME» жобасы өтті.
- «Жастар ресурстық» орталығында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын қолдау жөніндегі «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Шиелі аудандық өкілдері аудан жастарымен кездесу өткізді.
- «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» жоғарғы сынып оқушылары мен жас мемлекеттік қызметшілердің кездесуі
- Аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов жауапты сала басшыларымен бірге түңгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
- №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінде аумақтық коалиция өкілдері Жібек Баймұратова, Қанат Жүсіпов, Мәден Әлжанов, Сәбитхан Досанов, Сәуле Нұрманова, Ержан Әбдешов ұстаздармен кездесіп, жаңа конституция жобасын талқылады.
- ШИЕЛІ АУДАНЫНДА XII ӨҢІРЛІК АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ АЯСЫНДА КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
- Байқау Шиелі аудандық балалар кітапханасының және Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен «Руханият» орталығында өткізіліп, жас дарындардың өнерін шыңдауға мүмкіндік берді.
- 3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күніне орай «Руханият» орталығында жергілікті жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрмахан Елтаймен «Жазушылар әлемі: рух пен сөздің шежіресі» атты әдеби шығармашылық кеш Шиелі аудандық кітапханасы мен Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.
- Шиелі кентіндегі «Салтанат сарайында» Шиелі ауданының Қоғамдық даму бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында жастармен кездесу өтті.
- Шиелі ауданында жастар саясаты мәселелері талқыланған кездесу өтті
- Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда әз Наурыз мейрамының бастауы саналатын «Амал» мерекесіне орай аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың қатысуымен мерекелік шара өтті.
- «Таза Қазақстан» акциясы аясында, 23 наурыз – Тазару күніне орай Қаратау тауының Сауысқандық баурайында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Өзіңнен баста» челленджі өтті.
- «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында маңызды кездесу өтті.
- “Құт-береке бастауы – Наурыз” атты мерекелік іс-шара ерекше мазмұнмен, ұлттық рухпен жоғары деңгейде өтті.
- «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі, теолог, дінтанушы Дәлелхан Оспанов Дәлелхан Оспанов Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
- Шиелі ауданының прокуратурасы мен Отбасын қолдау орталығының бірлесуімен «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында кездесу өткізілді
- «Көкшоқы» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен AMANAT партиясының «Кітап–AMANAT» партиялық жобасы аясында «Біз таңдаған кітаптар» атты кітап көрмесі өткізілді.
- 04.2026 жылы Шиелі ауданы прокуратурасының және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының оқушылары арасында профилактикалық бағыттағы бейнероликтер байқауы өткізілді.
- Жастардың бойында жауапкершілік пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында мектеп оқушыларына арналған волонтерлік бағыттағы семинар-тренинг ұйымдастырылды.
- 7 сәуір күні “Тағзым” алаңында Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Тәжік-Ауған шекарасындағы соғыста болған және қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты шара өтті.
- Ағымдағы жылдың 08 сәуір күні 219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,болдырмау және қауіпсіздік шараларын түсіндіру мақсатында оқушылармен кездесу жиналысы болып өтті.
- М.В.Ломоносов Мектеп-лицейдің 10 «Ә» сынып оқушылары тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сұрыптауды үйренейік» атты экологиялық акция ұйымдастырды.
- 04.2026ж. Шиелі аудандық прокуратурасының бастамасымен «Заң және тәртіп» және «Шиелі қауіпсіз - аудан» аясында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
- Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығы бойынша ұйымдастырылған «Қауіпсіз өмір – өз қолыңда!»
- Отбасылық цифрлық карта аясында NEET жастары бойынша жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы Отбасылық цифрлық карта мәліметтері негізінде NEET санатындағы жастарды анықтау мақсатында адрестік жұмыстар жүргізілді.
- «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
- 04.2026ж. «Заң және тәртіп» қағидаты және «Шиелі – қауіпсіз аймақ» бастамасы аясында Шиелі аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен, аудандық полиция бөлімі және Қоғамдық даму бөлімі мамандарының қатысуымен №219 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте оқушылармен мазмұнды кездесу өтті.
- Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Осы бағытта мәжіліс залында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, мазмұнды кездесу өтті.
- "Руханият" орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан" атты жолдауына орай жасанды интеллекті мен қолөнерді байланыстыра отырып "Қолөнердегі жаңа серпін" атты дөңгелек үстел өткізілді.
- Шиеліде Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акциясы өтті.
- “Руханият” орталығында қазақ поэзиясының сыршыл өкілі, лирик ақын Қатира Сыздыққызы Жәленованың 75 жас мерейтойына арналған «ӘДЕБИЕТ ПЕН СЕЗІМНІҢ ТОҒЫСУЫ» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
- “Руханият” орталығында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар мерекесіне орай «РУХАНИ ӘЛЕМ» атты ашық аспан астында мәдени шара өтті.
- Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне орай «Ғылым және ұстаз: ізденіс пен тәжірибе үндестігі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Шара №46 А.С. Пушкин атындағы мектеплицейі №46 АКТ залында ұйымдастырылды.
- Шиелі ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен 30.04.2026ж. Г.Н.Ковтунов атындағы 252 мектеп-гимназиясында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.
- Колледж қабырғасында өндірістік оқу шеберлерінің кәсіби деңгейін шыңдап, тәжірибе алмасуға бағытталған «ҮЗДІК ЖЫЛ ШЕБЕРІ – 2026» байқауы ерекше форматта өтті.
- 2026 жылдың 29 сәуір күні мектеп-лицейде ата-аналармен мазмұнды кездесу өткізіліп, онда оқушылардың қауіпсіздігі, тәрбие беру және мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері жан-жақты қарастырылды.
- Шиелі ауданында Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Amanat AI ToT» білім беру курсының алғашқы легі сәтті аяқталды. Оқу бағдарламасы жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, заманауи цифрлық дағдыларды меңгеру және оларды күнделікті жұмысқа енгізу бағыттарын қамтыды.
- Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік жобасы аясында аудан жастарына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
- «2026 жыл Балалар жылы» аясында Шиелі ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Ж.Сейтжан №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп лицейінің жоғары сынып ұлдарына «Зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында кездесу өткізді.
- Шиелі ауданында ерекше сән-салтанатпен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Достық жыры мен бірлік әні» атты мерекелік шара өтті.
- «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
- "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай "Күш атасын танымас" атты ұлдар арасында аудандық арқан тартыс жарысы өтті.
- №48 Ә. Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің базасында "Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу" тақырыбында жиын өтті.
- Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында Шиелі ауданындағы филиалының мамандары Райым Уалихан, Парманқұлов Балабектің қатысуымен АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында ақпараттық- түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- РАТТ мүшесі, теолог Жұмаділда Елдос Қуандықұлы Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
- 15 мамыр - отбасы күніне орай және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Руханият» орталығында Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейімен Шиелі аудандық Жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесінің тірегі – отбасы» атты дөңгелек үстел өтті.
- удандық прокуратурамен пробация қызметі бірлесіп, аудан көлемінде пробациялық бақылаудағы азаматтар арасында қол күресінен спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
- «Жанарсызда жарық әлем» клубының мүшелері Б. Іргебаева мен Б. Ашимов қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романын Брайль қарпінде оқып, шығарма мазмұны мен тағылымы жөнінде өз ойларымен бөлісті.
- «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
- «Салауатты өмір салтын насихаттау және жастар шығармашылығын дамыту» әлеуметтік қызметі жобасы аясында аудан жастары арасында «ШИЕЛІ МАРАФОН – 2026» марафоны өткізілді.
- Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Берікбол Ерімбетов және жауапты сала басшыларымен бірге түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырды.
- Жастар ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының қолдауымен «Amanat AI ToT» білім беру курсыжүзеге асуда.
- Руханият орталығында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел өтті.
- "Сыр ұланы" тынығу лагерінің оқушыларына "Адал адам" мәдени-тәрбие орталығының "КИНО ТІМЕ" жобасы аясында балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында кинофильм көрсетілді.
- Руханият орталығында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыружәне интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-профилактикалық кездесу өтті.
- Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес бекітілген «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында Шиелі ауданында санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
- Оқушылар мен студенттердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек шарттарының заңнама талаптарына сәйкес жасалуын бақылау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- «Сыр ұланы» балалар тынығу лагерінде «Әке – отбасының тірегі» атты тағылымды мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты отбасындағы әкенің рөлін дәріптеу, жас ұрпаққа өнегелі құндылықтарды насихаттау болды.
- «Менің отаным - менің мақтанышым» байқауы Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы шеңберінде және Қызылорда облысының "Жалынды жастар" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Менің отаным - менің мақтанышым» тақырыбында оқушылар арасында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды.
- №84 негізгі мектебінде отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар мен оқушыларға арналған түсіндірме жиналысы өтті.
- Шиелі кентіндегі «Тағзым» алаңында күзгі шақырылымдағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
- Шиелі ауданы қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тапсырысы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық перзентханада мерекелік іс-шара өтті.
- Оқу жылы шеңберінде оқушыларды қолдау және әлеуетін дамыту мақсатында мемлекеттік органдарда тағылымдамалар мен волонтерлік акциялары бойынша оқушыларға түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
Аудандағы волонтерлық ұйым
Шиелі ауданы бойынша волонтерлық ұйым ресми тобы тіркелмеген. Ресми емес еріктілер тобы жастар жалғыз басты қарттарға, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, ауданның тазалық акцияларына тұрақты қатысып келеді. Ерікті, белсенді жастар қатарында «Әділет» партиясы «Жастар Рухы» Шиелі аудандық бөлімшесінің жетекшісі Қали Азамат Берікбайұлы жетекшілік жасап келеді.
Жетістіктері: «Үздік волонтер-2022», «Үздік жылдың жастар
көшбасшысы-2023» номинациясының жеңімпазы.
ShieliBiz Birgemiz қайырымдылық қоры, Шиелі ауданы бойынша мүгедектерге, қарттарға, тұрмысы төмен отбасыларға материалдық және арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерімен айналысады. Жетекшісі – Рысбек Жасұлан Сейітжаппарұлы Құрамында 30 ерікті жас бар.
БАҚ-мен әлеуметтік желілер
Фейзбук әлеуметтік желісіндегі посттар саны – 584
Инстаграм әлеуметтік желісіндегі посттар саны –426
Тик ток әлеуметтік желісіндегі посттар саны –194
БАҚ-та саны – 26
Барлығы – 1230