Лого

Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Шиелі аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауында «ADAL» саяси партиясы облыстық филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған

Шиелі аудандық мәслихаты

депутаттарының кезекті сайлауында

«ADAL» саяси партиясы облыстық филиалының

партиялық тізімін тіркеу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы  8) тармақшасына және 104-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «ADAL» саяси партиясы облыстық филиалының партиялық тізімі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес тіркелсін.
  2. Шиелі аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
  3. Арнаулы уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамының Шиелі аудандық филиалына «ADAL» саяси партиясы облыстық филиалының партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтер ұсынылсын.
  4. «ADAL» саяси партиясы облыстық филиалының партиялық тізімін тіркеу туралы хабар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  5. «ADAL» саяси партиясы атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                                                                   М.Дулатов

 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының хатшысы                                                                 Э.Бурабаева

 2020 жылғы 8 желтоқсан №АСК - 03/30 

Шиелі аудандық сайлау комиссиясының

2020 жылғы 8 желтоқсандағы

№ АСК-03/30 қаулысына

№ 1 қосымша 

«ADAL» саяси партиясы облыстық филиалының ұсынған партиялық тізімі 

р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты

1

Әділбек Жәмила Базарбекқызы

2

Нысанханов Рысбай Кенжебекович

3

Үсенова Сандуғаш Серікболқызы

 Шиелі аудандық сайлау комиссиясының

2020 жылғы 8 желтоқсандағы

№ АСК-03/30 қаулысына

№ 2 қосымша 

Шиелі аудандық сайлау «ADAL» саяси партиясы облыстық филиалының ұсынған партиялық тізімін тіркеуі туралы хабары

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы  8) тармақшасына және 104-бабына сәйкес Шиелі аудандық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 30 қарашада 3 адамнан тұратын Шиелі аудандық сайлау комиссиясының «ADAL» саяси партиясы облыстық филиалының ұсынған партиялық тізімін келесі құрамда тіркеді:

р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты    

Туған жылы

 Атқаратын лауазымы (кәсібі) жұмыс және тұрғылықты жері

1

Әділбек Жәмила Базарбекқызы

01.06.1964

ЖШС "Аймира" жеке балабақша яслиі құрылтайшы

Ақмая ауылында тұрады

2

Нысанханов Рысбай Кенжебекович

13.02.1977

ЖК "АРША" жетекшісі

 Байсын ауылында тұрады

3

Үсенова Сандуғаш Серікболқызы

17.06.1994

ЖК "Дарын" жетекшісі

Шиелі кентінде тұрады

 Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы М.Дулатов

Дата публикации
08 декабря 2020
Дата обновления
08 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға  тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты  «Сыр Ана-Ел» ЖШС-на қарасты Қызылорда облыстық «Шарайна-Сейхун» газеті үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеттерінде үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша ӨЗ ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫН ҰСЫНАДЫ.
Ақпарат
17 октября 2026
ШИЕЛІ АУДАНЫ ОКУРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы