
Шиелі ауданы бойынша кәсіпкерлік саласының дамуы жайлы анықтама
2026 жылдың 1 қазан айына 5641 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Оның ішінде: Заңды тұлға-598, жеке кәсіпкерлер- 3660, шаруа қожалықтар-1383.
Шиелі ауданындағы өнеркәсіп өндірісі
Ауданның өнеркәсіп орындары арқылы ағымдағы жылдың 1 қазан айына 63 млрд. 287 млн теңгенің өнімін өндіріп, өнім өндіру нақты көлем индексімен 99,7 пайызға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 54 млрд. 508 млн теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңге 102,1 пайызға жетті.
Шағын және орта бизнесті микроқаржыландыру, субсидиялау
2026 жылдың 9 айында мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалық құны 2 млрд 920,6 млн. теңгені құрайтын 122 жоба шағын несие қаражатын алды.
«Іскер аймақ» бағдарламасы - 1 жоба 110 млн. теңге;
«1 Кепілдік қоры» бағдарламасы арқылы –10 жоба 1 млрд 072,1 млн. теңге;
«Өрлеу» бағдарламасы арқылы –4 жоба 90,5 млн. теңге.
«Аграрлық несие корпорация» микрокредиттері арқылы –16 жоба 658,1 млн. теңге;
«Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы – 5 жоба 78,5 млн. теңге;
«2025-2026 жж Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша – 86 жоба 911,4 млн. тг.
Кәсіпкерлік саласын мемлекеттік қолдау.
2026 жылдың 3 тоқсан қорытындысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы аясында грант қаражаты бойынша конкурс қазан айында өту жоспарлануда.
Кәсіпкерлерге кеңес беру - бөлім тарапынан аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар бойынша (2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарламасы,Ұлттық жоба аясында» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы) ақпараттық кеңестер беріледі.
Инвестициялық жобалардың іске қосылуына сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді
Кәсіпкерлікті алғаш бастаушыларға көрсетілген қолдау туралы ақпарат
Кәсіпкерлікті алғаш бастап, шағын несие алу үшін кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихттау, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Инвестициялық жобалар бойынша
Бизнесті қолдау мақсатында Шиелі кентінің шығыс аймағынан индустриялық аймаққа 96 гектар жер беріліп, жарықпен, сумен, жолмен, темір жолмен қамтамасыз етілді.
Шиелі ауданы индустриялық аймаққа 16 жоба орналастырылып, жер телімі 92,1%-ға (88,4 га) игерілді, оның ішінде 9 жоба іске қосылды.
Шиелі ауданы бойынша жалпы ұлттық жобалар пулы мен өңірлік пулға енгізілген жобалық құны 74,9 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 2025 жылы құны 15 млрд. 590 млн. теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылу жоспарланып, 3 жоба іске қосылды. («Бупежанова» ЖК, «Арсен» ЖК, «Мубарак»ЖК) 15,5 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жыл соңына дейін іске қосылады. («Тесис» ЖШС «Transshipment 1» ЖШС, «Эко Энерджи Плюс» ЖШС)
Атап айтқанда.
1. «Тесис» ЖШС-ның «қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы» Жоба құны-11,5 млрд. тг іске қосылғанда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 80 га жер телімі табысталды.
2. «VIGOR Holding» ЖШС-ның «қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясы» Жоба құны 4 млрд.тг. Іске қосылғанда 5 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 30 га жер телімі табысталды.
3. «Uranus Wind» ЖШС-ның «қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы» жобасы. Жоба құны 16,5 млрд.тг Іске қосылғанда 12 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 10 га жер телімі табысталды. Бүгінгі таңда жел қуатын анықтауға арналған арнайы қондырғылар әкелініп, орнатылды.
4. «Altyn Dala Energy ltd.» Жеке компаниясының «қуаттылығы 60 МВт күн электр станциясы» Жоба құны 20,6 млрд.тг Іске қосылғанда 18 адам жұмыспен қамтылады. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 223 га жер телімі табысталды. Қазіргі таңда жоба – сметалық құжаттары даярлануда.
5. «Табиғи тас Қызылорда» ЖШС-нің «Жоғары сортты әк өндіру және қиыршық тас өндіру зауыты» жобасы. Жоба құны 12,3 млрд.тг. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде индустриялдық аймақтан 10 га жер телімі сұралуда. Жаңа жұмыс орны - 85 адам.
6. «Эко Энерджи Плюс» ЖШС-ның «Батыс Қытай-Батыс Европа» тас жолының бойынан газ заправкасы мен сервистік қызмет көрсету кешені жобасы. Жоба құны 1,5 млрд.тг Жаңа жұмыс орны-27 адам. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Тұран ауылдық округі тұсынан 2 га жер телімі табысталды.
7. «Transshipment 1» ЖШС-ның Cұйық реагенттер (күкірт қышқылы) қоймасы. Жоба құны 1,5 млрд.тг 50 адам жұмыспен қамтылады. Жобаның құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда іске қосылуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
8. «LimeStone Processing» ЖШС-нің (Давлатов Амир) «Әк және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіруді ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны 937 млн.тг Жаңа жұмыс орны-40 адам. Жоба 2023 жылғы 18 тамыздағы штаб отырысының хаттамасымен индустрияландыру картасына енгізілді, мемлекеттік қолдау шарасы ретінде индустриялды аймақтан 3 гектар жер телімі аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен сауда-саттықсыз табысталды.
9. «Бупежанова» ЖК-нің «Әк ұнтағын өндіру зауыты» жобасы. Жоба құны 50 млн.тг. Жаңа жұмыс орны - 5 адам.
10. «Арсен» ЖК-нің «Нан өнімдерін өндіру цехы» жобасы. Жоба құны 20 млн.тг. Жаңа жұмыс орны - 3 адам.
11. «Мубарак» ЖК-нің «Фасад өнімдерін өндіру» жобасы. Жоба құны 20 млн.тг. Жаңа жұмыс орны - 4 адам.
«Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» КММ-і жайлы жалпы мәлімет
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі 2006 жылы 1 қаңтарда құрылған. 2013 жылдың
5 шілдедегі аудан әкімдігінің №212 қаулысымен «Шиелі аудандық кәсіпкерлік өнекәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы №1294 «Жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының лимитін және жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімиятының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы «ауданның басқару құрылымы туралы» №1230 қаулысына сәйкес «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» кәсіпкерлік саласындағы функциялары қоса беріле отырып 2006 жылы 1 қаңтарынан бастап «Аудандық кәсіпкерлік бөлімі» болып қайта ұйымдастырылды. Бөлім меңгерушісі қызметіне М.Әлиев 2006 жылдың қаңтар айынан бастап тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3,8 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2008 жылдың 22 тамыздағы №228-ө өкіміне байланысты Мақұлбеков Нұржан Әбділдаұлы 2008 жылдың 22 тамызынан бастап ауысу тәртібі бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2013 жылдың 20 наурыздағы №51-ө өкіміне байланысты Нысанханов Рысбай Кенжебекұлы 2013 жылдың 20 наурызынан бастап ауысу тәртібі бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 24 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылдың 22 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жарлығының 41 тармағына, Шиелі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №212 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық саны туралы және басқару құрылымындағы өзгерістер енгізу туралы» Қаулысына сәйкес Нысанханов Рысбай Кенжебекұлы «Шиелі аудандық, кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13 бабының 3 тармағына және 14 бабының 6,7 тармақтарына сәйкес және аудан әкімінің 2014 жылдың 14 шілдедегі №98-ө өкіміне байланысты Ергешбаева Амир Байхожаевич 2014 жылдың 14 шілдесінен бастап аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы болып уақытша тағайындалды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13 бабының
3 тармағына және 14 бабының 6,7 тармақтарына сәйкес міндетті арнайы тексерудің оң нәтижелеріне дейін аудан әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 401-ө өкімімен Әбдікәрімов Өмірхан Әбдікәрімұлы «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағының 1 тамрмақшасына және 15 бабының 1 тармақтарына сәйкес, аудан әкімінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 1365 өкімімен Сейтов Ғазиз Мұхамедиярович «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды. 2018 жылдың 19 маусым №284 өкімімен басқа жұмысқа орналасуына байланысты жұмыстан босатылды.
«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 61 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және 15 бабының 1 тармағына сәйкес, аудан әкімінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 548 өкімімен Есимов Азамат Ганиевич «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды. Аудан әкімінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 70-ө өкімімен басқа жұмысқа орналасуына байланысты жұмыстан босатылды.
«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 15 бабының 1 тармағына және 19-бабына сәйкес, аудан әкімінің 2022 жылғы 11 қарашадағы №136-ө өкімімен Әбсадық Бақберген Аманбекұлы «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне уақытша тағайындалды. Міндетті арнайы тексеру қорытындысының оң нәтижесіне сәйкес аудан әкімінің 24.01.2023 жылы №200-ө өкімімен Әбсадық Бақберген Аманбекұлы «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне тағайындалды.
«Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 42 бабына сәйкес, аудан әкімінің 2024 жылғы 22 ақпандағыы №52-ө өкімімен «Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып атауы өзгеріп Ақбергенов Жомарт Ақтайұлы басшысы қызметіне уақытша тағайындалды.
«Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шиелі ауданы әкімдігінің белгілі құзырлық шегінде Шиелі ауданы бойынша әлеуметтік, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті, дамыту мақсатында аудандық бағдарламалардың дайындалуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Кіші кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын технопарк жүйелері, лизингілік орталықтар, кіші инновациялық іс-қимылдар орталығы және тағы басқа обьектілердің құрылуы жөнінде іс-шараларды дайындайды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.