




СЭБ есебінің қамтылу саласын айқындау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Экологиялық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 280 бұйрығының 6-тармағына, 1-тармақшасына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) есебінің қамту саласын айқындау әзірлеуші мемлекеттік органның қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 2021 ж. 02.01. №400-VI Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуын қамтиды.
Экологиялық кодекстің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің бас жоспары» қала құрылысы жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалауды қамту саласын айқындау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттар келіп түсті:
1) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің бас жоспары қала құрылысы жобасының негізгі түсіндірме жазбасы;
2) Графикалық материалдар: «Аумақты қазіргі кезде пайдалану жоспары (Тірек жоспар)» схемасы, «Бас жоспар (негізгі сызба)» схемасы; «Қоршаған ортаны қорғау схемасы»;
3) Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту аясын айқындауға арналған түсіндірме жазба;
4) Қала құрылысы жобасының қоршаған ортаға әсерін скрининг нәтижелері туралы қорытынды;
5) 2025 жылғы 5 наурыздағы мүдделі мемлекеттік органдармен жүргізілген консультациялар ХАТТАМАСЫ, оның ішінде қала құрылысы жобасының қоршаған ортаға әсерін скрининг сатысында ескертулер мен ұсыныстар;
6) Қала құрылысы жобасының қоршаған ортаға әсерін скрининг сатысында мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарға жауаптар;
Бас жобалаушы: «Проектно-исследовательский институт «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.
Тапсырыс беруші: «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Жобаның материалдарымен Шиелі ауданы әкімдігінің сайтында танысуға болады.
Жобалық кезеңнің басталу және аяқталу мерзімдері:
- бастапқы жыл - 2024 ж.;
- құрылыстың бірінші кезеңі - 2030 ж.;
- есептік мерзім - 2040 ж.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 5 тамыздан бастап 25 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың 25 тамызы).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-08-90, 74-02-83
8 7076173174
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:
- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz; n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz;
- «WhatsApp» номері: 8 707-617-31-74
СЭБ бойынша материалдар:
Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Тапсырыс беруші Шиелі ауданы әкімдігінің сайтында.
Заключение по результатам скининга Шиели
Книга 2 ПЗ для определения сферы охвата отчета СЭО для ГП п. Шиели 1.