Лого

Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың 3 тоқсанында дін саласындағы атқарылған жұмыстар

Дін бойынша

Дін саласы бойынша ауданда 2 (екі) әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Ауданда 31 (отыз) мешіт, 33 (отыз үш) дін қызметкері және 1 (бір) пресвитериандық шіркеуі бар.

2026 жылға арналған «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» және “Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу” әлеуметтік жобалары бойынша «Асыл Мұра-Орда» ҚҚ жеңімпаз деп танылып, келісімшарт жасалды.

Техникалық ерекшелігіне сәйкес іс-шара жоспары келісіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 27 қаңтар күні Ақтоған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. Шараға аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы Ж. Балтабек, ауданның бас имамы Р. Қожанов және орталық мешіттің имамы Н. Мәлік қатысты. Кездесу барысында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни идеологиялардан сақтану мәселелері бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.Шараға АТТ мүшесі Ж. Балтабек, Р. Қожанов қатысып барлығы 50 адам қамтылды.

3 ақпан күні №156 Нартай Бекежанов атындағы орта мектебінде жоғары сынып оқушыларына арналған терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында жастарды жат ағымдардан сақтандыру, діни сауаттылықты арттыру және радикалды идеологиялардың алдын алу мәселелері қамтылды.Түсіндірме жұмыстарын аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы, АТТ мүшесі Ж. Балтабек және Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Н. Мәлік жүргізді.

Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында 50 балаға (ата-анасымен қатысты) «Рамазан тәттісі» сыйлығы таратылды. Жиын барысында аудан имамы балалар мен қамқоршыларға отбасының маңызы, ата-анаға құрмет, үлкенді сыйлау, білім алудың артықшылығы және қоғамға пайдалы азамат болу туралы насихат айтты. Шараға АТТ мүшесі Р. Қожанов қатысып, барлығы 100 адам қамтылды.

5 наурыз күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай  Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастырумен акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 50 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоржындары табысталды.Шараға АТТ мүшесі Р. Қожанов барлығы 60 адам қатысты 11 наурыз күні Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өткізілді. Аталған акция аясында ауданның әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж 5 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоржындары табысталды. Шараға АТТ мүшесі Р. Қожанов қатысып барлығы 10 адам қамтылды.

Экстремизмге және терроризмге қарсы іс - қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, 30 наурыз күні аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі, теолог, дінтанушы Дәлелхан Оспанов «Уранэнерго» ЖШС, білім саласы, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, спорт саласының қызметкерлері мен жаттықтырушыларымен, мәдениет саласы мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттерімен   кездесу өткізді. Кездесу барысында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, олардың қоғамға тигізер зияны, сондай-ақ дәстүрлі дін құндылықтарын дұрыс түсіну мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, бөлімнің басшысы К. Есенбаев алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары туралы да түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

12 мамыр күні«Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында РАТТ мүшесі, теолог, ақпараттық кеңістікте кеңінен танылған Жұмаділда Елдос Қуандықұлы аудандағы қарилар медресесінің шәкірттерімен кездесті.Кездесу барысында діни білім алудағы жауапкершілік, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұстаз бен шәкірт әдебі және діни сауаттылықтың қоғамдағы маңызы жөнінде кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар, қазіргі ақпараттық кеңістіктегі діни ақпараттарды дұрыс қабылдау, жастардың рухани иммунитетін қалыптастыру және қоғаммен тиімді байланыс орнату мәселелері талқыланды.

12 мамыр күні «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында бүгін ауданға РАТТ мүшесі, теолог, ақпараттық кеңістікте кеңінен танылған Жұмаділда Елдос Қуандықұлы келіп, Г.Н.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

26-27 тамыз күндері Республикалық ақпараттық – насихаттау тобының (РАНТ) мүшесі Арман Баймаханұлы Қуанышбаевтың қатысуымен аудан көлемінде 5(бес)(аудандық мешіттерде, медресе орталығында, «Семізбай-U» ЖШС)ақпараттық – түсіндіру кездесулері ұйымдастырылды.

12 қыркүйек күні Шиелі ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұлттық спорттық сайыс аудан әкімдігінің  қолдауымен “Асыл мұра - Орда” қоғамдық қорының аудандық Орталық мешітпен бірлесе ұйымдастыруымен Мұхаммед (с.а.у.) мешітінің аумағында өтті.ұйымдастырылды. Спорттық сайысқа дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттарынан құралған 10 команда қатысып, ұлттық спорттың гір көтеру, қол күрес, қазақ күресі және арқан тартыс түрлерінен өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар марапатталды. І орын иегеріне – 100 000 теңге, ІІ орынға – 70 000 теңге, ІІІ орынға – 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. Сонымен қатар, ІІІ орын иегеріне арнайы кубок табысталды. Ал қалған 7 командаға 15 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.

Дата публикации
10 января 2023
Дата обновления
07 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шиелі аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға  тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты  «Сыр Ана-Ел» ЖШС-на қарасты Қызылорда облыстық «Шарайна-Сейхун» газеті үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша
Ақпарат
22 октября 2026
Қазақстанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Сыр Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» және Шиелі аудандық «Өскен өңір» газеттерінде үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру және оның қорытындысын жариялау бойынша ӨЗ ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫН ҰСЫНАДЫ.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы