ЖОБА
Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығын беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шиелі ауданының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілері оның ішінде кәмелет жасынан асқан жас ерекшелігіне қарамастан қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру билетінің толық құнының 10 пайыз көлемінде (жазғы демалысты қоспағанда) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Шиелі ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы М. Турабаев