2026 жылғы 3 мамырға тағайындалған Шиелі ауданы Ақтоған, Қоғалы ауылдық округтерінің әкімін сайлауда әкім болуға кандидатты қолдап сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағын толтыру үшін сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы мөлшеріндегі қол санын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4 бабына  сәйкес және Шиелі аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 наурыздағы №АСК-26/74 «Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысының негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Шиелі ауданының Ақтоған ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы 7 (жеті) қол санында белгіленсін.
  2. Шиелі ауданының Қоғалы ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны сайлау округіндегі дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы 5 (бес) қол санында белгіленсін.
  3. Өзін-өзі ұсынған кандидаттарға әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  4. Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы 

М.Дулатов

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы

Е.Оспанов

09 сәуір 2026 жыл

№40

Шешім
Дата публикации
10 апреля 2026