Шиелі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары

Шиелі аудандық мәслихатының

2026 жылғы 7 сәуірдегі  № 43/5 шешіміне

қосымша

 

 

         Шиелі аудандық мәслихатының

2025 жылғы 30  желтоқсандағы № 40/2 шешімімен

бекітілген

 

 

 

 

 

 

Шиелі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған
даму жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шиелі кенті, 2026 жыл

 

 

 

 

Мазмұны

 

1.

Бағдарламаның төлқұжаты

 

3-4

2.

Аумақты дамыту пайымы

5-6

3.

Ағымдағы жағдайды талдау

6-11

4.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, түйінді индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері және ресурстар

12-16

 

Ұлттық даму жоспарының және облыстың даму жоспарының іске асырылуы

 

 

1 бағыт. Экономиканың берік іргетасы

12

 

2 бағыт. Өсудің жаңа нүктелері

12

 

3 бағыт. Өмірдің жаңа сапасы

13-15

 

4 бағыт. Экономика мен қоғамның түпкілікті өзгерістері

15-16

 

Өзге жоспарлау құжаттарын, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсетудің іске асырылуы

16

 

1 бағыт. Өзге мақсаттар. Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы

16

5.

Ведомствоаралық өзара әрекеттесу

16-17

6.

Инвестициялық жоспар (қосымша)

 

7.

Инвестициялық жоспарға қосымша: басым және проблемалық бағыттар картасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Бағдарламаның төлқұжаты

Аудан атауы

Шиелі

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы.

 

Өңірдің негізгі сипаттамасы

 

Шиелі ауданы Қызылорда облысы аумағының 14,3%-ын немесе 32,4 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Шиелі ауданы Қызылорда облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аудан аумағымен бойынша 150 км темір жол, Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолы өтеді. Шығысында Жаңақорған ауданымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі.

Облыс орталығы Қызылорда қаласына дейінгі қашықтық — 120 км.

2025 жылғы 1 қаңтарға сәйкес аудан халқының саны 86,1 мың адамды құрады. Аудан 22 ауылдық округтен, 1 кенттік округтен тұрады. Елді мекендер саны – 33.

Аудан орталығы — Шиелі кентінде 36,7 мың адам тұрады. Ауыл халқының саны жалпы халықтың 57,4 % құрайды.

Аудан 1928 жылы құрылған.

Халық шаруашылығының негізгі салалары егіншілік пен мал шаруашылығы, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады.

Аудан аумағы арқылы Сырдария өзені ағып өтеді.

Шиелі ауданының климаты күрт континенталды. Ауданның климаты көктемде жауын-шашын аз, қыста қар аз болады.

Жаз ыстық және ұзақ. Осы кезеңде температураның күрт өзгеру сипаты байқалмайды.

Кейбір жерлерде шілденің орташа температурасы 36-39 градусқа дейін көтеріледі.

Аудан аумағының басым бөлігінде абсолютті ең жоғары температура 44-48 С құрайды. Қысқы кезеңде облыстың солтүстік және оңтүстік өңірлері арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтар бар. Мысалы, ең салқын ай-қаңтардың орташа температурасы-35-36 с.

Негізгі салалар тау-кен өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы.

Шиелі ауданының алып отырған жер аумағы  3237222,8 гектарды құрап, оның ішінде, ауылдың елді мекендер жерлері – 61614 га.

Аудан бойынша  ауылдың елді мекендерге бекітілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 302153,7 га, оның ішінде егістік 31156,2 га, шабындықтар 1776 га, жайылымдықтар 250586,8 га. Босалқы және арнаулы жер қоры 1155965,3 га.

1717490 га өзге жерлер құрамында өнеркәсіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман және су қорлары жерлерінен құралған.

 

Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері

1. Ұлттық даму жоспарының және облыстың даму жоспарының іске асырылуы

Бағыт 1: Экономиканың берік іргетасы

НҰИ – 2. Экономиканың нақты өсу қарқыны, % өткен жылға;

НҰИ – 3. Жұмыс өнімділігінің жинақталған өсу индексі, %

Бағыт 2: Өсудің жаңа нүктелері

НҰИ-26. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген ішкі туристер саны;

НҰИ-27. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келуші туристер саны;

Бағыт 3: Өмірдің жоғары сапасы

НҰИ-6. Туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы;

Нәтиже көрсеткіші 2.1.

Нәресте өлімінің төмендеуі;

Нәтиже көрсеткіші 2.5.

Ана өлімінің төмендеуі;

НҰИ-11. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен/кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі %;

Нәтиже көрсеткіші 1.1.

Жұмысқа орналастырылған азаматтардың, оның ішінде жастардың саны;

Мақсат. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеті мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру.

НИ-1: 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %;

НҰИ-13. Өңірлік стандарттар жүйесіне көрсетілген әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, ауылда, %.

Нәтиже көрсеткіші 5.1.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ішкі жолдардың үлесін арттыру, %;

Нәтиже көрсеткіші 6.1.

Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, %;

Нәтиже көрсеткіші 6.6.

Халықтың газбен қамтамасыз етілуі, %;

Нәтиже көрсеткіші 6.7.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы

Бағыт 4: Экономика мен қоғамның түпкілікті өзгерістері

НҰИ-30. Негізгі капиталға инвестициялар (НКИ), %;

НИ-2. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі, %;

2. Жоспарлау бойынша өзге құжаттарды, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру

Бағыт 1. Өзге мақсаттар. ОДМ-ды іске асыру

Мақсаты: Барлық адамдардың жан-жақты әрі әділ сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ілгерілету

НИ-2. Инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі, %.

Қажетті қаржылық ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты

Қаржыландыру көлемі: жоспарды іске асыруға алдын ала есептеулер бойынша млрд. теңге, оның ішінде жылдар бойынша бағыттау жоспарлануда:

 2026 жыл-  41,8 млрд. теңге,

2027 жыл-  28,8  млрд. теңге,

2028 жыл-   20,0 млрд. теңге,

2029 жыл-  23,6 млрд. теңге,

2030 жыл-  71,3 млрд. теңге.

** Қаржыландыру көздері бойынша шығыстардың сомалары Қызылорда облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі инвестициялық жоспарда көрсетілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Аумақты дамыту пайымы

 Аудан экономикасының әлеуметтік-экономикалық өсуі оның бәсекеге қабілетті артықшылықтарын іске асыруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Аудан мал шаруашылығы мен егіншілікке, оның ішінде көкөніс, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге, соя мен картопты, құс еті мен жұмыртқаны, металл кендерін өңдеуге, сирек кездесетін және асыл металдарды өндіруге, күкірт қышқылын, полиэтилен құбырларын, цемент пен әк өндіруге, сондай-ақ туризмге маманданған.

2026-2030 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемінің орташа жылдық өсуі 103,0% деңгейінде болжанады.

Шиелі ауданында агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мынадай түйінді факторлар есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін: Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңғырту (өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу, ескірген техниканы энергия тиімді және өнімді техникаға ауыстыру), суару жүйесін дамыту және суды ұтымды пайдалану (тұрақты сумен жабдықтау есебінен өнімділікті арттыру), фермерлер мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау (гранттар, субсидиялар, қолжетімді несиелер, аграрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру), ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру (шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшу (сүт, ет, астық өңдеу және т.б.), инвестициялар тарту (инвесторларды тарту).

Ауданда 2026-2030 жылдарға тұрғын үй құрылысын дамыту.

                Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін арттыру ауылдық елді мекендерде ҚТҚ бөлек жинауға арналған контейнерлер орнату есебінен жоспарлануда. 

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруға қолжетімділіктің өсуі кәсіпкерлер санын және тиісінше ШОБ субъектілерінің өнімдері мен қызметтерін ұлғайту. 

Медициналық ұйымдарда медициналық техниканы жаңарту, медициналық ұйымдарды күрделі жөндеу және салу есебінен денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі артады.

Салауатты бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған тиімді білім беру жүйелерін іске қосу өңірде білім беру қызметтерінің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. 2030 жылға қарай елді мекендердің өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін жеткізу жоспарлануда.

2026-2030 жылдары аудан бойынша өндірістерді енгізу және кеңейту, жаңа жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен жаңа жұмыс орындары құрылады.

Жыл сайын белсенді жұмыспен қамту. Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыздан асырмау. Лайықты еңбекті ілгерілету және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды іске асыру қамтамасыз етілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ағымдағы жағдайдың талдауы

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы

Көрсеткіштер

2022 ж                  

2023 ж                  

2024 ж                  

2025 ж

10 ай                  

Халық саны, мың адам

85,5

85,9

86,1

85,6

Көші-қон сальдосы, адам

-809

-916

-1236

-1328

Жұмыспен қамту, мың адам

34,4

34,7

34,7

34,7

Инвестиция, млн.тг.

36770

59008

75393

62884,0

Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. тг.

69675

70531

66771,4

64882,0

тау-кен өндіру, млн.тг.

31856

18209

18224,2

3759,6

Өңдеуші өнеркәсібі, млн. тг.

32312

46116

42752,7

54369,0

азық-түлік, млн.тг.

1982

5177

3590,4

4314,2

Сумен жабдықтау, млн. тг.

1000

1044

1208,8

1366,0

ауыл шаруашылығы, млн. тг.

40675,4

45135,3

47701,5

51647,2

өсімдік шаруашылығы, млн. тг.

29546,6

36435,0

37536,3

42534,1

мал шаруашылығы, млн.тг.

10866,9

8554,0

9925,6

8862,1

Құрылыс, млн.тг.

7801,0

18515,0

22234,0

16822,0

Тұрғын үй құрылысы, мың ш. м.

60,9

68,6

77,5

63612,0

Бөлшек сауда, млн.тг.

23785,9

28105,5

15977,7

13284,9

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау, мың тонна

Дәнді және бұршақты дақылдар

53,8

68,5

81,6

83,5

Картоп

20,4

21,4

17,6

10,8

Көкөністер

41,1

43,0

45,8

55,9

Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі, бір гектардан центнер

Дәнді және бұршақты дақылдар

40,5

45,2

54,5

54,6

Картоп

170,3

175,1

176,6

176

Ашық топырақта өсірілген көкөністер

227,6

236,6

250,

250

Мал мен құс саны, жыл соңына, мың бас

ірі қара мал

79,4

67,2

81,7

85,4

қой мен ешкі

116,4

108,2

121,4

138,2

Жылқы

24,8

25,1

26,1

26,0

Түйе

1,5

1,5

1,6

1,8

Құс

32,4

35,1

32,7

30,7

Негізгі салалар тау-кен өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы өңірлік экономиканың айқындаушы саласы болып табылады. 

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 2022 жылы 69 675 млн.теңге, 2023 жылы 75 531 млн.теңге, 2024 жылы 66 771 млн.теңге, 2025 жылдың 1 қрашасына 64 882 млн теңге, ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары өнімін өндіріп жоғары көрсеткіштерге ие болды.

Жалпы, соңғы үш жылда өңдеу өнеркәсібінің 7 жаңа нысаны цемент зауыты, асфальтбетон зауыты, әк зауыты, күріш зауыты, күн электр станциясы, газ блоктарын өндіру цехы, құрама жем зауыты пайдалануға берілді.

Аудандағы кәсіпорындармен жер қойнауын пайдалануда осы көрсеткіштерге қол жеткізуге үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпорындарды атап айтсақ, цемент өндірісі бойынша «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы»ЖШС-гі, Тау-кен өнеркәсібінде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК жұмысын атап өтуге болады, оның ішінде  уран өндірісі бойынша  «Иркол» ЖШС – і,  «Ру-6» ЖШС – і, күн сәулесінен электр энергия өндіру бойынша  Байқоңыр Солар» ЖШС-і, ваннадий өндірісі бойынша «Фирма Балауса» ЖШС-і, пластик құбыр өндірісі бойынша «Кемикал» ЖШС-і, жол құрылысы, афальт, бетон өнімдері бойынша «Шиелі-Жолшы» ЖШС.

Аудан экономикасына инвестициялар 2022 жылы 36,7 млрд. теңгеге жетті, соңғы үш жылда екі есе өсім қалыптасты.

Соңғы үш жылда барлық қаржыландыру көздері есебінен 207,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

2024 жылы жұмыспен қамтылған халық саны 34,7 мың адамды құрап, соңғы үш жылда 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 47,7 млрд.теңгеге дейін өсті, бұл 2022 жылдың деңгейінен 7,1 есе жоғары.

Ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлері - ет, сүт, жұмыртқа, күріш, картоп және көкөністер.

Ауыл шаруашылығы 2024 жылы 47,7 млрд.теңгеден астам деңгейге жетіп, өсімдік шаруашылығы саласы есебінен дамыды. 2022 жылдан бастап мал шаруашылығының дамуы жануарлар санының өсуіне байланысты болды.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 2022 жылы 40675 млн.теңге, 2023 жылы 45 135 млн. теңге, 2024 жылы 47 701 млн. теңге, 2025 жылдың он айына 51 млрд 647 млн теңге, ауылшаруашылығы құрылымдары тарапынан соңғы үш жылда 7 млрд 26 млн теңгеге,  яғни  17,3 пайызға артық өнімін өндіріп жоғары көрсеткіштерге ие болды.

Оның ішінде егін шаруашылығы бойынша 2022 жылы 29 546 млн.теңге, 2023 жылы 36 435 млн. теңге, 2024 жылы 37 536 млн. теңге. 

мал шаруашылығы бойынша бойынша 2022 жылы 10 867  млн.теңге, 2023 жылы  8 554  млн. теңге, 2024 жылы 9 926,0  млн. теңге.

Аудан экономикасына инвестициялар 2022 жылы 36 770 млн.теңге, 2023 жылы 59 008 млн. теңге, 2024 жылы 75 393 млн. теңге, 2025 жылдың 1 қарашаға 62 млрд 884 млн теңге,  соңғы үш жылда 38 млрд 623 млн теңгеге,  яғни  205  пайызға өсті.

Ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында  Үкіметпен бекітілген (2023 жылғы 28 наурыздағы №270 қаулысы) Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына және оны іске асырудың 2023–2027 жылдарға арналған  іс-шара  жоспарына сәйкес  тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауылдық аумақтарды дамыту барлық қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде жүзеге асырылуда.

Ауыл халқының кірістерін арттыру  жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін облысымызда 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылған болатын. Нәтижесінде ауданымызда:

2023 жылы 548,1 млн.теңгені қамтитын - 75 жоба

2024 жылы 211,4 млн.теңгені қамтитын - 29 жоба

2025 жылы 208,6 млн.теңгені қамтитын - 31 жоба қаржыландырылды.

Нәтижесінде ауданымызда бірнеше жаңа жұмыс орындары ашылып, ауданымыздың кәсіпкерлік саласының дамуына үлкен септігін тигізді.

Шиелі ауданы аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы
323,4 шақырымды құрайды.

Оның; 80 шақырымы Республикалық, 98 шақырымы облыстық және
145,4 шақырымы аудандық маңыздағы автомобиль жолдары санатында.

Аудандық маңыздағы 145,4 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарының бүгінгі күнге 130,4 шақырымы (89,7 пайыз) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал, облыстық және республикалық маңыздағы жолдар 100 пайыз асфальтталған.

Шиелі ауданы бойынша сапалы ауыз сумен 86 мыңнан аса тұрғынның 99,8 пайызы қамтамасыз етілген.

Оның ішінде орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 22 елді мекен, жергілікті су көздері (скважина) арқылы 12 елді мекен, «ТеміржолСу-Қызылорда»ЖШС-імен 3 елді мекен қамтылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес  халық саны 200 адамға дейінгі елді мекендерге су тұщытқыш кешенді блок-модульдер орнату қажет делінген.

2025 жылы Ақтам және Тоғайлы елді мекендеріне су тұщытқыш кешенді блок-модульдер орнатылды.

2022 жылы Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 36 млрд 770 млн теңгені құрап, 179,5  пайызды құрады.

2022 жылы аталған жобалардың ішіне жобалық құны 1 млрд 332 млн теңгені құрайтын 16 нысан іске қосылып, жаңадан 129 жаңа жұмыс орны құрылды.

2022 жыл көлемінде индустриялдық аймақта жұмыс жасап тұрған 4 жоба арқылы 22 млрд 741 млн теңгенің өнімі өндірілді.

2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 59 млрд 8 млн теңгені құрап,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 157,3 %-ға артты.

Жалпыұлттық жобалар  аясында 2023 жылы ауданда құны 28,6 млрд. теңгені құрайтын 16 жеке инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Жобалар толық іске қосылғанда 650 адам жұмыспен қамтылды.

2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 75 млрд 393 млн теңгені құрап,  2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,4 %-ға артты.

Шиелі ауданы бойынша 2024-2030 жылдары аралығында жобалық құны 95 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылу жоспарланған. Жобалар толықтай іске қосылғанда 1308 жұмыс орны құрылатын болады.

Оның ішінде 2024 жылы жобалық құны- 2,8 млрд.тг құрайтын 8 жоба іске қосылып, 127 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, ауданда 2024 жылы жалпы жобалық құны 34 млрд. теңгені құрайтын 2 күн электр станциясы мен 1 жел электр станциясының құрылысы басталды. Бұл жобалар 2025 жылы толықтай іске қосылу жоспарлануда.

Жыл сайын ауданда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың саны артып келеді.

2025 жылы жобалық құны  70,2 млрд теңгені құрайтын 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылу жоспарлануда. Бұл жобалар іске қосылғанда 233 адам тұрақты, құрылыс кезінде 700 адам жұмыспен қамтылатын болады.

          Туризм саласы бойынша Шиелі ауданында 3 мәдени-тарихи орындар, 2 діни, тарихи танымдық орындар, 2 демалыс орындар және 11 қонақ үй халыққа қызмет көрсетуде.

          Туризм саласы бойынша нысаналы индикатор орныдалуы 2025 жылы ішкі туристер санының артуы 11500 адам, сыртқы туристер санының артуы 1000 адам болып бекітіліп, жыл басынан бері сыртқы туристер саны 1289, ішкі туристер 11520 меже  артығымен орындалды.

2030 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 96,0% - ға дейін жеткізу.

2022 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 543 бірлікті құрады.

Оның ішінде: 570 заңды тұлға, 3 885 жеке кәсіпкер, 2088 шаруа қожалығы болып табылады.

 «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау бағыты бойынша 59 жоба 856 млн теңгеге қаржыландырылып, 57 жоба 643,5 млн теңгеге кепілдеме алды.

Аталған бағдарлама аясында жобалық құны 11 млн теңгені құрайтын 3 инновациялық жоба қайтарымсыз грант қаражатын алды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аудандағы «Наурыз-Дем» несие серіктестігі арқылы ауыл шаруашылығы бағытында жобалық құны 596,2 млн теңгені құрайтын 22 жоба қаржыландырылды.

Жалпы 2022 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 4 млрд 260,3 млн теңгені құрайтын 631 жоба шағын несие және грант қаражатын алды.

2023 жылы ауданда сауда-саттық және туризм саласы бойынша жобалық құны 1,3 млрд теңгені құрайтын 13 жобаның құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңадан 118 адам тұрақты жұмыспн қамтылды.

2023 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша 5 млрд 263,6 млн теңгені құрайтын 452 жоба шағын несие және грант қаражатын алып, 920 жаңа жұмыс орны  ашылды.

2024 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6363 бірлікті құрады.

2024 жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалық құны 4 млрд 595 млн теңгені құрайтын 359 жоба шағын несие және грант қаражатын алды.

2025 жылдың 10 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6447 бірлікті құрады.

Аудан кәсіпкерлерін «Ұлттық жоба аясында» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялау бағыты бойынша кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Банк Центр Кредит» АҚ-мен бірлесіп «Бизнес форум» өткізілді.

2025 жылдың 10 айында мемлекеттік бағдарламалар бойынша жобалық құны 2 млрд. 877 млн теңгені құрайтын 292 жоба шағын несие және грант қаражатын алды.

Бағыт: Азаматтардың әл-ауқаты

4-мақсат: Сапалы білім

Шиелі ауданы бойынша жалпы білім беретін - 37 мектеп, оның ішінде 33 орта мектеп, 4 негізгі мектеп және  қосымша білім беру ұйымдары: Оқушылар үйі, Өнер мектебі, «Сыр ұланы» тынығу жайы, «Самғау мектебі» ЖШС және «Зияткер мектебі» ЖШС жеке мектептері жұмыс жасайды. Оқу процесі 1-2 ауысымда жүргізіледі. Мемлекеттік білім беру мекемелері бойынша 10 мектеп 1 ауысымда оқыса, қалған 30 мектеп 2 ауысымда оқиды.

Аудан бойынша  үш ауысымдық және апатты мектептер жоқ.

Аудан бойынша 18 мемлекеттік балабақшалардың 18-інде Инкюзивтік мамандармен қамтамасыз етілген. Инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардағы үлесі, 100 пайыз

Жоғары және бірінші санаттағы, оның ішінде инклюзивті білім беру саласындағы педагог кадрлардың үлесін ұлғайту.

Шиелі кентінде ресурстық инклюзивті орталық ашу және оларды мамандармен қамтамасыз ету;

Орта білім беру ұйымдарында шебер, зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор біліктілігі бар педагогтердің үлесін 85%- ға дейін ұлғайту, оның ішінде өңірге жаңа кадрлар тарту есебінен.

Педагогтарды киберпедагогика негіздеріне және қашықтықтан оқыту форматының әдістемесіне оқыту.

2023 жылы Байсын елді мекеніндегі жоба құны 853,4 млн теңге болатын 250 орындық мектептің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.  

Жылу қазандығы ғимаратқа жапсарласа орналасқан 6 білім ордасына оқшау қазандық ғимаратын салуға 292 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда: Шиелі кентіндегі №46, №252 мектептер,  Алғабас ауылындағы №157 мектеп және "Балауса" балабақшасы, Бекежанов елді мекеніндегі "Қарлығаш" балабақша мен Сұлутөбе елді мекеніндегі "Раушан" балабақша

Жобалық құны 998 млн теңге болатын Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық жаңа мектеп құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Жобалық құны 784 млн теңге болатын Г.Ковтунов атындағы №252 мектеп-гимназиясына 375 орындық қосымша корпус құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Шиелі кентінде 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық өнер мектебінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Шиелі кентінде орналаскан «Ы. Алтынсарин атындағы № 219 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары жұмыс жүргізілді.

Мектеп оқушыларының жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында 200 орындық сауықтыру лагерін Бәйгеқұм елді мекеніндегі көл жағалауынан салу ЖСҚ демеуші тарапынан әзірленуде.

Сұлутөбе елді мекеніндегі 50 орындық "Өнер мектебі"М. Ломоносов атындағы мектепті қайта құру жобасы;

Шиелі кентінде 375 орындық № 48 мектеп-лицейінің қосымша корпусын салу жобасы;

Шиелі кентінде 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебін салу. Байланыстыру» жұмыс жобасы бойынша;

Шиелі кентінде орналаскан Шиелі индустриалды-аграрлык колледжінің оку-лабораториялык корпусымен гараж гимаратын күрделі жендеу кұрылысы» жұмыс жобасы бойынша;

Кезең-кезеңмен пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, жаңа модификация кабинеттерімен (химия, биология, физика) жабдықтау.

6-мақсат: Халықтың табысының өсуі және жұмыссыздықтың төмендеуі

Жалақының өсуі есебінен халық табысының өсуі, бұл өз кезегінде ең төменгі күнкөріс деңгейі мен халық табысының өсуіне әкеп соғады;

Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеу (тежеу) есебінен нақты ақшалай кірістерді ұлғайту;

Жеке инвестициялық жобалар шеңберінде халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту;

Оқытуға, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, қоғамдық жұмыстарды кеңейтуге бағытталған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету, оның ішінде халықтың осал топтарымен нысаналы жұмыс;

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың еңбек әлеуетін іске асыру үшін жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту мүмкіндіктеріне кеңейтілген қолжетімділікті ұсыну арқылы шараларды қолдану;

Бос орындар жәрмеңкелерін тұрақты өткізу, еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта оқыту, кәсіптік даярлауға, біліктілікті арттыруға Жолдау;

ТжКБ түлектерін 2030 жылға қарай кадрларды даярлау сапасын арттыру және дуалды оқыту қағидаттарын енгізу (оқу процесін практикалық жұмыспен ұштастыру) есебінен 75% - ға дейін жұмысқа орналастыру.

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, оның ішінде әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік қызметшілерге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну:

Өндірістерді енгізу және кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен жұмыс орнын құру:

"Жас кәсіпкер" жастар бизнес-бастамаларының бағдарламаларын іске асыру мақсатында жыл сайын грант беру:

7-мақсат: Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамыту

Тұрғын үй құрылысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру.

2030 жылға дейін халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алу;

2023 жылы аудан халық санының жылдан жылға демографиялық өсімі өсіп, тұрғын үйге деген сұраныстың көбеюіне байланысты әлеуметтік топтарға арналған тұрғын үйлер салынып, қазіргі таңда аудан әкімдігінде тұрғын үйге мұқтаж тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кезек кезегімен жалпы 26 тұрғын үй мен 70 пәтер табысталып, баспанамен қамтылды. 

Шиелі ауданындағы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 50 тұрғын үйлерді сатып алуға Ұлттық қор есебінен 506 млн 880 мың теңге  қаржы қаралып, толығымен 50 тұрғын үй сатып алынды.

Тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында ауданымызда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Көкшоқы мөлтек ауданында 18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысына 833 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындарға кілті табысталды.

2024 жылы Шиелі кентіндегі О. Байымбетов, Б.Дүйсенов көшелеріндегі 50 үйдің инфрақұрылымының құрылысына жергілікті бюджеттен 103 млн теңге бөлініп, ауыз су, жол, электр желілері тартылды. Аталған аумақта халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ерекше санаттағы азаматтарға аудан бойынша барлығы 178 тұрғын үй салынып, азаматтарға табысталды (Бөлінген қаржы 2 млрд 333 млн тг).

8-мақсат: Жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету

Шиелі ауданы Алғабас ауылдық округіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу

Шиелі ауданы Бестам ауылдық округіндегі спорт кешенін жалға алу

Шиелі ауданы Төңкеріс ауылдық округіндегі спорт кешенін жалға алу

Шиелі ауданы Керделі ауылдық округіндегі спорт кешенін жалға алу

Шиелі ауданы "Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған" облыстық маңызы бар автомобиль жолын (6,0 км) қайта жаңарту

Шиелі ауданы бойынша аудандық маңызы бар "Самара-Шымкент" автомобиль жолының 8 шақырымын қайта жаңарту

"Шиелі ауданы, Еңбекші ауылындағы А.Құнанбайұлы көшесінің күрделі жөндеуі"

"Шиелі ауданы, Еңбекші ауылындағы С.Төрениязов көшесін күрделі жөндеу"

"Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Ш. Есенов және А. Исмайлов көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеу"

Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі "Шиелі" 220/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру

"Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы"

"Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылының сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы"

Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылының сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы

Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніндегі кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы

Шиелі ауданы бойынша 21-разъезд кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы

Қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясы

Қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясы

Батыс Қытай-Батыс Европа» тас жолының бойынан газ заправкасы мен сервистік қызмет көрсету кешені

Қуаттылығы 40 МВт болатын күн электр станциясы

Cұйық реагенттер (күкірт қышқылы) қоймасы

Қуаттылығы 60 МВт күн электр станциясы

Көлік жуу және техникалық қызмет көрсету кешенін салу

Жоғары сортты әк өндіру және қиыршық тас өндіру зауыты

Сауда үйінің құрылысын салу

Қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясы

Бала-Сауысқандық» кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу

Жүгері дақылдарын кептіру және терең өңдеу

III. Негізгі проблемалардың сипаттамасы

Соңғы үш жыл және 2025 жылдың 10 айында өнеркәсіп құрылымында тау-кен өнеркәсібінің үлесі – 30,4%, өңдеу саласының үлесі – 61,0%. Уран өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты жаңа кәсіпорындарды құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту жолымен өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайту қажет.

Тұрғын үйге жоғары кезектілік.

Ауданның тұрғын үй қорында барлығы 89 көпқабатты үй бар, оның 6,7% күрделі жөндеуді қажет етеді

Ауданның елді мекендерін газдандыру.

ТКШ желілерінің тозуы: су құбыры желілері (164 км-ден 6,5 км желі немесе 4 %), су бұру желілері (18,6 км-ден 14,8 км желі немесе 80%), электрмен жабдықтау желілері (883 км-ден 609,3 км желі немесе 69 %);

  1. Бәсекелестік артықшылықтар

Аудан "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының бойында орналасқан. Ауданның географиялық жағдайы Өзбекстанға, көрші облыстарға және ТМД-ның басқа да жақын елдеріне өнім өткізу нарығына шығуды қамтамасыз етеді.

Аудан халқының оң динамикасы.

Ауданда тау-кен және металлургия өнеркәсібі, құрылыс материалдары кәсіпорындары жұмыс істейді.

Халықтың жеткілікті жоғары білім және кәсіби деңгейі сақталуда.

Ауданның ауыл шаруашылығының суаруға жарамды жерлер, малдың болуы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған шаруашылықтар түріндегі даму әлеуеті мен базасы жоғары.

  1. Мүмкіндіктер

Шилі ауданының экономикалық және әлеуметтік әлеуетін дамыту үшін мынадай қолайлы мүмкіндіктер бар:

Өнім өндірісінің өсу перспективалары, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытудағы инновациялық тәсілдер негізінде;

Ауыл шаруашылығы саласын белсенді мемлекеттік қолдау;

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану есебінен шағын және орта бизнес кәсіпорындары қызметінің тиімділігін арттыру және дамыту;

Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру;

Елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтауды 2030 жылға қарай 100% - ға дейін жеткізу;

Елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету 2030 жылға қарай 85% - ға дейін жеткізу.

Игерілетін және резервтік кен орындары базасында тау-кен өндіру, металлургия өнеркәсібін, құрылыс материалдары өндірісін дамыту.

Туризмнің әртүрлі түрлерін дамыту.

Барлық елді мекендердің тұрғындары үшін ауданда тұрудың жайлылығын арттыру, жұмыс орындарын құру, әлеуметтік саланы, білім беруді, мәдениет пен спортты дамыту, бұл өңірді жастардың көші-қоны мен тұруы үшін тартымды етеді.

Шиелі ауданы бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту

2030 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 93,5% - ға дейін жеткізу.

Бұдан басқа, біз аудан экономикасын әртараптандыру, индустрияландыру бағытында «Баласауысқандық» кен орнын игеру жобасын іске асырамыз. Осы жоба аясында ванадий концентраттары өндіріледі. Концентраттарды металға, металл өнімдеріне айналдыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Жыл сайын Бизнестің жол картасы бағдарламасы шеңберінде бизнес ортаны жандандыру мақсатында жұмыс жасау.

Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау:

Кәсіпкерлердің кредиттерге ішінара кепілдік беруі:

Шағын кәсіпкерлерге өтеусіз гранттар беру:

Жастардың жаңа бизнес идеяларын іске асыруға қайтарымсыз гранттар беру:

 

Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг және түзету жүргізу әдістемесіне 14-қосымша

Нысан

  1. Негізгі бағыттар, мақсаттар, түйінді индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері және ресурстар

 

№

Индикатор

Жауапты орындаушы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

2024 жыл нақты

2025 жыл жоспар

 

Жоспарлы кезең

 

2026

2027

2028

2029

2030

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

 

 

1. Ұлттық даму жоспарының және облыстың даму жоспарының іске асырылуы

 

Бағыт 1. Экономиканың берік іргетасы

1.

НҰИ – 2. Экономиканың нақты өсу қарқыны, % өткен жылға қатысы

ҰЭМ, ОМО,

ЖАО

Статистикалық деректер

%

5,3

5,6

6,3

6,9

6,7

6,7

6,7

 

 

облыс бойынша

ЭҚБ

8,1

2,9

3,5

4,0

4,5

4,4

4,5

 

2.

НҰИ – 3. Жұмыс өнімділігінің жинақталған өсу индексі, % (2022=100)

ҰЭМ, ОМО,

ЖАО

Статистикалық деректер

%

109,0

113,8

120,0

127,0

134,1

141,8

143,0

 

 

облыс бойынша

ЭҚБ

106,3

108,3

110,9

114,0

118,0

121,9

123,0

 

Бағыт 2. Өсудің жаңа нүктелері

 

3

НҰИ-26. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген ішкі туристер саны

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов және Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм   бөлімінің басшысы Б. Ермағамбетов

статистикалық дерек

адам

11000

11500

12000

12500

13000

13500

14000

 

4

НҰИ-27. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келуші туристер саны

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов және Шиелі ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм   бөлімінің басшысы Б. Ермағамбетов

статистикалық дерек

адам

900

1000

1050

1100

1200

1300

1350

 

Бағыт 3. Өмірдің жоғары сапасы

 

5

НҰИ-6. Туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы

ҚР ДСМ

статистикалық дерек

жылдар

75,5

75,8

76,1

76,44

76,7

77,0

77,3

 

 

облыс бойынша

ҚО ДСБ

 

жылдар

75,4

75,7

76,1

76,5

76,7

77,1

77,2

 

 

Мақсаты: Ана мен баланың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету

 

6

2.1 нәтиже көрсеткіші

Нәресте өлімінің

төмендеуі

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов және  Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы  ШЖҚ КМК бас дәрігері Е. Жаңабайұлы

статистикалық дерек

1000 тірі туылғанға

8,5

4,9

6,97

6,17

5,87

5,57

5,57

 

7

2.5 нәтиже көрсеткіші

Ана өлімінің төмендеуі

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов және  Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы  ШЖҚ КМК бас дәрігері Е. Жаңабайұлы

ведомстволық дерек

100 мың тірі туылғанға

0

0

0

0

0

0

0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

НҰИ-11.Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен/кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі

ҚР ДСМ

статистикалық дерек

%

5,2

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

 

 

облыс бойынша

ҚО ДСБ

 

%

5,4

5,3

5,2

4,8

4,7

4,7

4,4

 

 

Мақсаты. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту

 

 

Міндеті. Азаматтарды, оның ішінде жастарды жұмысқа орналастыру

 

9

1.1 нәтиже көрсеткіші Жұмысқа орналастырылған азаматтардың, оның ішінде жастардың саны

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Алдабергенов және Шиелі ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. Төлегенов

 

ведомстволық дерек

адам

3605

оның ішінде жастар
1720

3022
оның ішінде жастар
1743

3052
оның ішінде жастар 1776

3095
оның ішінде жастар
1796

3127
оның ішінде жастар
1826

3161
оның ішінде жастар
1856

3195
оның ішінде жастар
1886

 

 

Міндеті: Қала және ауыл тұрғындары үшін қолайлы орта құру

 

 Мақсат. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттері мен дағдыларын дамыту деңгейін арттыру

10

НИ 1. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов және Шиелі ауданы аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Насибеков

ведомстволық дерек

%

91,2

91,3

97,8

98,5

100

100

100

 

 

Мақсаты: Елді мекендердің объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) халыққа қолжетімділігінің ең төменгі міндетті деңгейін қамтамасыз ету

 

11

НҰИ-13. Өңірлік стандарттар жүйесіне көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, ауылда

 

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Алдабергенов және аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М. Жұмаділ

ведомстволық дерек

%

65,5

66,6

67,6

68,7

69,8

71,0

73,0

 

 

Жол инфрақұрылымы

12

5.1 Нәтиже көрсеткіші Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ішкі жолдардың үлесін арттыру

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Дюсембаев және Шиелі ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшыс Ғ. Аманжолов

ведомстволық дерек

%

89,7

91,0

91,7

93,8

95,8

100

100

 

 

Инженерлік инфрақұрылым

13

6.1 Нәтиже көрсеткіші Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Дюсембаев және Шиелі ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшыс Ғ. Аманжолов

ведомстволық дерек

%

99,9

100

100

100

100

100

100

 

14

6.6 Нәтиже көрсеткіші Халықтың газбен қамтамасыз етілуі

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Дюсембаев және Шиелі ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшыс Ғ. Аманжолов

ведомстволық дерек

%

76,9

78,4

78,4

79,0

82,3

86,6

87,9

 

15

6.7 Нәтиже көрсеткіші Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Алдабергенов және Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі міндетін атқарушы  Н. Бағдатұлы

ведомстволық дерек

мың ш.м.

77,5

77,6

77,9

67,2

68,3

69,4

70,5

 

 

4 бағыт. Экономика мен қоғамның түпкілікті өзгерістері

 

16

НҰИ-30. Негізгі капиталға инвестициялар

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А. Алдабергенов және Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ж. Ақбергенов

статистикалық дерек

 

 

млрд.тенге

75,3

84,5

87,9

120,0

148,0

180,0

208,0

 

17

НИ 2.  Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов және Шиелі ауданының  Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі    бөлімінің басшысы А. Әзімхан

ведомстволық дерек

%

92,5

 

 

 

 

 

93,0

93,5

94,0

94,5

96,0

96,5

 

 

2. Жоспарлау бойынша өзге құжаттарды, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асыру

 

1 бағыт. Өзге мақсаттар

 

Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы

 

Мақсаты: Барлық адамдардың жан-жақты әрі әділ сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ілгерілету

18

НИ 7.  Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептердің үлесі

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б. Ысмағұлов және Шиелі ауданы аудандық білім бөлімінің басшысы Д. Насибеков

ведомстволық дерек

%

92,2

97,0

97,2

97,4

97,0

97,8

98,0

 

 

Қаржылық ресурстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өзге құжаттарды және функцияларды іске асыруға қаржылық ресурстар ЖИЫНЫ

 

 

млн. теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ

 

 

млн. теңге

8 600,7

9 939,0

41 853,8

38 838,0

20 001,0

2 3638,5

71 337,7

 

 

оның ішінде нысаналы индикаторлармен және нәтижелер көрсеткіштерімен қамтылмаған бюджет қаражаты

 

 

млн. теңге

2 296,0

2 529,8

2 492,6

3 383,2

3 552,4

3 730,0

3 916,6

 

                           

 

 

Бөлім 5. Ведомствоаралық өзара әрекеттестік

 

     Қол жеткізу бірнеше өңірлер және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде қамтамасыз етілетін және бюджет қаражатына тәуелді нысаналы индикаторлар

 

№

Мақсатты индикаторлардың/іс-шаралардың атауы

Өзара әрекеттесу көзделген мемлекеттік органдар

Өзара әрекеттесу сипаттамасы

 

1

2

3

4

Ұлттық даму жоспарын іске асыру

1.

Негізгі ұлттық көрсеткіш 12

Аймақтық стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік төлемдер мен қызметтерді көрсету деңгейі

 

 

1.1.

Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету

 

 

 

1.1.1.

УПП нысандарын қолданыстағы ережелерге сәйкес келтіру

Қызылорда облысының ПД, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қызылорда облысының полиция департаменті учаскелік полиция бөлімшелерінің жоспарын әзірлеуде.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы қажетті инфрақұрылымды салу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.

1.1.1.

Апаттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

Қызылорда облысының ТД, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жоюға қажетті нысандар мен инфрақұрылымдардың тізімін жасауда.

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы қажетті инфрақұрылымды салу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.

 

 

 

Қол жеткізуі ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберіндегі бірнеше өңірлердің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне байланысты және бюджеттік қаражатқа тәуелді емес макрокөрсеткіштер

 

 

№

Мақсатты индикаторлардың/іс-шаралардың атауы

Өзара әрекеттесу көзделген мемлекеттік органдар

Өзара әрекеттесу сипаттамасы

 

1

2

3

4

Ұлттық даму жоспарын іске асыру

1.

Негізгі ұлттық көрсеткіш 2

Нақты экономикалық өсу қарқыны

Қызылорда облысының барлық салалық басқармалары

Жоспарланған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету

2.

Негізгі ұлттық көрсеткіш 3

Еңбек өнімділігінің жиынтық өсу индексі

Қызылорда облысының барлық салалық басқармалары

Жоспарланған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету

 

         Шиелі ауданының әкімі

 

               А. Жандарбеков

 

Шиелі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары
Дата публикации
09 апреля 2026