Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

    

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 сәуірдегі №АСК-26/80 қаулысымен Иіркөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалды.

Бекітілген Иіркөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 9 сәуірден басталады және 2026 жылғы 21 сәуір сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 26 сәуір сағат 18.00-де аяқталады.

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Ы.Жақаев көшесі, №1, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ғимараты, байланыс телефоны: 4-10-61.

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Төрехан Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы

№278 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Иіркөл ауылдық округі, Ы.Жақаев ауылы, Ы.Жақаев көшесі №58, мәдениет үйі. Байланыс телефоны 7-04-46.

Комиссия құрамы: Архабаева Айнур Перденовна – төраға, Пірназарова Венера Мақұлбекқызы – төраға орынбасары, Аширова Зияш Кенесовна – хатшы. Комиссия мүшелері: Жаппар Ботагөз Сексенбайқызы, Шохаев Кенжеғали Ибрагимұлы, Майкөтов Бердәлі Тыныштықбайұлы, Мешитбаев Нурлан Мешитбаевич, Макулбекова Актолкын Алиевна, Мусабаева Гульфариза Амановна.

№279 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Иіркөл ауылдық округi, Жансейіт ауылы, И.Құтпанұлы көшесі №9, №133 негізгі мектеп. Байланыс тел: 5-08-44.

Комиссия құрамы: Сәдуақасов Махан Дарханұлы – төраға, Піржанова Қалкүл Бақтыбайқызы – төраға орынбасары, Аширханова Салтанат Дуйсехановна – хатшы. Комиссия мүшелері: Тлеубердиева Кулпаш Амантаевна, Махашов Куаныш Мухтарович.

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
08 апреля 2026