Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы ЕСЕП Шиелі ауданы бойынша  

Қосымша

 

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың

2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы

ЕСЕП

Шиелі ауданы бойынша

 

Есепті кезең: 2026 жыл 1 тоқсан 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

1-бөлім. Іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпарат

 

№

Реформалардың /негізгі іс-шаралардың атауы

Аяқтау нысаны/өлшем бірлігі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы туралы ақпарат

план

факт

түсініктеме

1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту

Жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық ұйымдарға және кәсіпкерлік субъектілерінде  көрнекі ақпаратты дұрыс жазу  бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама прейскуранттар, баға көрсеткіштері,  басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде рәсімдеу қажеттігі бойынша консултациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында  түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету

 

10

10

ҚР Заңының 21- бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты  орналастыру және көрнекі ақпаратты дұрыс жазу бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты  мемлекеттік тілде рәсімдеу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі  бағытында 2026 жылдың басынан бері 52 (елу екі) кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде анықталған 6 кемшіліктер бойынша кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары  жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

2-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлерінің үлесі

 

100

110

Орындалды:

Тілдерді оқыту орталығы                                     2026 жылдың І жартыжылдығында    «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізді.     

Тестілеу жұмысына мемлекеттік мекеме  қызметкерлерінен  80 адам диагностикалық тестілеу жұмысынан өтті.

3-нысаналы индикатор. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

 

60

60

Орындалуда:

Мемлекеттік мекеме, кәсіпкерлік нысандар, ЖШС мекемелерінен 150 қызметкерлерді В2 деңгейіне оқыту жүргізілуде.

1.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізу

 

 

1000

1000

Орындалды:

2026 жылдың ІІ жартыжылдығында сауалнама 18 жастан асқан 1000 аудан тұрғыны қамтылады.

2.

Түркі, славян жазбаларының күндерін мерекелеу  шеңберінде конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу

 

 

2

2

Орындалуда

1 мамыр- Бірлік күні мерекесіне орай аудандық мерекелік іс-шара жоспарлануда.

3.

Жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға көрнекі ақпаратты дұрыс жазу (акциялар, «Үздік маңдайша», «Үздік аудан», «Үздік көше» және т.б.), бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат)  мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру

 

 

3

3

2026 жылдың Наурыз айында Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту дамыту бөлімі және аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі бірлесіп, аудан орталығында орналасқан кәсіпкерлік орындарды аралау жұмысын ұйымдастырды. Аралау барысында аудан орталығындағы бірқатар жеке сауда үйлері мен дүкендер, дәмханалар және сән салондарына барып,  кәсіп иелеріне сыртқы безендіру талаптарын сақтау, көрнекі ақпараттарды заң талаптарына сәйкестендіру және жарықтандыру жүйелерін күшейту жөнінде нақты ұсыныстар берілді. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР  «Тіл туралы» Заңының 21-бабының тәртібі жайлы және кәсіпкерлік нысандардағы ескірген және талапқа сай келмейтін көрнекі ақпараттар мен маңдайша жазуларын ретке келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың маңдайшалардағы мәтіндердің сауатты, қатесіз жазылуы, мемлекеттік тілдің басымдығын сақтау, сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа тілдердегі нұсқалардың дұрыс әрі ретімен берілуі жөнінде нақты ұсынымдар берілді. Сонымен бірге, жазулардың ескіруі, бояуының өшуі немесе сыртқы келбетінің талапқа сай келмеуі ауданның сәулеттік келбетіне кері әсер ететіні түсіндірілді.Мұндай аралау жұмыстары ауданның сәулеттік келбетін жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталды.

 

Ескертпе: Қосымшадағы реттік саны Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының реттік санына сәйкес келеді.

 

 

Ақпарат
Дата публикации
07 апреля 2026