Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

ЖОБА

Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №381 «Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36907 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шиелі аудандық мәслихатының «Қызылорда облысының Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамыздағы №25/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29060 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
  2. Шиелі ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері 2026 жылға бір шаршы метр үшін айына
    25,0 теңге сомасында бекітілсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шиелі аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

       М. Турабаев

 

 

Шешім
Дата публикации
02 апреля 2026