Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

     Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 наурыздағы №АСК-26/74 қаулысымен Ақтоған, Қоғалы ауылдық округтері әкімінің сайлауы 2026 жылғы 3 мамырға тағайындалды.

Бекітілген Ақтоған, Қоғалы ауылдық округтері әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 26 наурыздан басталады және 2026 жылғы 7 сәуір сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 12 сәуір сағат 18.00-де аяқталады.

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: 120700, Шиелі кенті, Ы.Жақаев көшесі, №1, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ғимараты, байланыс телефоны: 4-10-61, электронды поштасы tic_kzl_shl@saylau.kz.    

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: Дулатов Молдабай Оразбекович – төраға, Бурабаева Эльмира Базарбайқызы – төраға орынбасары, Оспанов Елжан Әшімханұлы – хатшы, мүшелері: Төрехан Фарида Алиханқызы, Бупежанов Талгат Уалиханович, Кенжесариев Серик Кадрияевич, Баймағанбетов Дәулет Әлмағанбетұлы

№282 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Ақтоған ауылдық округі, Досбол датқа ауылы, А.Құнанбаев көшесі №14, клуб үйі. Байланыс телефоны 5-19-81.

Комиссия құрамы: Жүзбаева Гүлбарам Зарқұмқызы – төраға, Тәжімбет Спандияр Өтегенұлы – төраға орынбасары, Омарова Ақнұр Байтұрсынқызы – хатшы. Комиссия мүшелері: Жәлиқызы Айгүл, Айымқұлов Жалғасхан Әділханұлы.

№272 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қоғалы ауылдық округi, Тұрсынбай датқа ауылы, А.Құнанбаев көшесі №4, №228 орта мектеп. Байланыс тел: 28-8-10.

Комиссия құрамы: Қожахметов Ануарбек Скендрович – төраға, Тойшыбаев Еркин Акылбаевич – төраға орынбасары, Караматова Нургул Нагызхановна – хатшы. Комиссия мүшелері: Қасымбеков Қалдыбай Анарбайұлы, Ахантаев Багдат Курманаевич, Нуралиева Айдана Сембаевна, Жунусова Бибинур Пазылхановна

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
26 марта 2026