Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 615 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35622 адам, ауылдық елді – мекендерде 49993 адам тұрады.
2026 жылдың 1 наурызға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2026 жылдың 1 наурызға болжамдалған 2 млрд 400 млн. 323,4 мың теңгенің орнына 2 млрд 733 млн 301,3 мың. теңгеге немесе 113,9 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 1 млрд 197 млн. 308 мың теңгенің орнына 1 млрд 506 млн. 461,5 мың теңге болып 125,8 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті 2026 жылдың 1 наурызға жалпы
2 млрд 400 млн. 323,4 мың теңгеге жоспарланды. 2 айдың қорытындысымен 2 млрд 399 млн. 489,2 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2026 жылдың 2 айында 10 млрд. 519 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 93,3 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 8 млрд 816 млн. теңгеге жетіп, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 89,3 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
7 млрд. 124 млн теңгені құрады немесе 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73,2 пайызды құрады..
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 445 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 563,8 пайыз;
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 11627 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 2 млрд 105 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 1 млрд. 759 млн. теңгенің өнімін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 104,8 пайызды құрады.
Мал шаруашылығы
2026 жылдың 1 наурызға ірі қара 82353 басты, уақ мал 120484 басты, жылқы 28076 басты, түйе 1854 басты, құс 26587 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 103,5 уақ мал 102,0, жылқы 105,2 түйе 121,5, құс 88,3 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2026 жылдың 1 наурызға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6010 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 95,8 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-3924, шаруа қожалық-1502, заңды тұлға-584) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 5824-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,0 %-ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 615. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.