Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық
дамуы туралы анықтама
Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.
Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 586 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35 626 адам, ауылдық елді – мекендерде 49 960 адам тұрады.
2026 жылдың 1 ақпанға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.
Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.
Қаржы-салық саясаты.
Кірістер бойынша:
Аудандық бюджеттің кірісі 2026 жылдың 1 ақпанға болжамдалған 469 млн. 481 мың теңгенің орнына 848 млн. 497 мың. теңгеге немесе 180,7 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 119 млн. 481 мың. теңгенің орнына 475 млн. 830 мың теңге болып 398,2 пайызға орындалды.
Шығыстар бойынша:
Аудан бюджеті 2026 жылдың 1 қаңтарға жалпы
469 млн. 481 мың теңгеге жоспарланды. Қаңтар айының қорытындысымен 468 млн. 928 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға орындалды.
Өнеркәсіп өнімін өндіру.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары 2026 жылдың 1 айында 4 млрд. 351 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 94,2 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 3 млрд 357 млн. теңгеге жетіп, 86,9 пайызды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
2 млрд. 68 млн теңгені құрады немесе 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,4 пайыз.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 193 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 318,6 пайызды құрады.
Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 5579 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,9 пайызды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 927 млн 200 мың теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,6 пайызды құрады.
Ауылшаруашылық саласы.
Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 1 млрд 22 млн. 700 мың теңгенің өнімін өндірді, 2025 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 104,9 пайызды құрады.
2026 жылдың 1 ақпанға тірілей салмақта 488,3 тонна ет, 706,2 тонна сүт, 202,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 104,3 пайызға, сүт 103,0 пайызға, жұмыртқа 262,3 пайызға орындалған.
Мал шаруашылығы
2026 жылдың 1 ақпанға ірі қара 79899 басты, уақ мал 114582 басты, жылқы 27639 басты, түйе 1825 басты, құс 26587 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 97,9 уақ мал 95,8 жылқы 106,3, түйе 113,0, құс 82,1 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік.
2026 жылдың 1 ақпанға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6205 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 98,1 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4116, шаруа қожалық-1513, заңды тұлға-572) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 6013-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 96,9 %-ға жетті.
Әлеуметтік сала
Аудан бойынша халық саны 85 586. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.
Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.