Шиелі ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №34-қ Қаулысы

Шиелі ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №34-қ Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес,
сондай-ақ, «Қызылорда облысының білім басқармасының
«Шиелі ауданы бойынша бөлім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы №1-10/54 хатын қарап,
Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы Сапарбаев Табигатқа 2015 жылғы 23 желтоқсандағы жер учаскесін сатып алу –сату шарты негізінде жеке меншік құқығымен берілген, Шиелі кенті, Смайыл Кәрімбаев көшесі №37 мекенжайында орналасқан көлемі 0,0572 гектар объектілер құрылысы үшін (кадастрлық нөмірі 10-154-003-655) жер учаскесін
    «№46 А.С.Пушкин» атындағы мектеп лицейіне қосымша оқу ғимаратын салу мақсатында мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2026 жылғы 06 мамыр болып белгіленсін.
  3. Жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жүгінетін орын Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі №11 мекенжайда орналасқан «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі болып белгіленсін.
  4. «Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
  5. «Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шиелі ауданының әкімі                                                А. Жандарбеков

 

Қаулы
Дата публикации
10 февраля 2026