Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы  «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №38/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

Шиелі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы

 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы»
№38/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

          «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қызылорда облысы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 496 905 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 6 597 326 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 82 423 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 52 500 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 2 764 656 мың теңге;

2) шығындар – 8 444 973 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – - 113 860 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 164 350 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 278 210 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1 165 792 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
- 1 165 792 мың теңге;

қарыздар түсімі – 164 350 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 330 142 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0.

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



Шешім
Дата публикации
28 января 2026