Мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі қаржылар туралы
2020 жылға Шиелі ауданына мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде республикалық және облыстық бюджеттен жалпы
3 млрд. 390 млн. 354,8 мың теңге қаралды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 458 млн. 880,9 мың теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд. 904 млн. 473,9 мың теңге.
- «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінен 18 пәтерлі
4 тұрғын үй ұрылысы жұмысына 65 млн. 396 мың теңге жоспарланып, 47 млн 167,2 мың теңгесі игерілді. Игерілмеген қаржы 18 млн.
228,8 мың теңге. Жыл соңына дейін жоспарланған қаржы толығымен игеріледі.
- Аудандық маңызы бар "Жиделіарық ауылына кіре беріс" автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысына жаплы 66 млн. 9 мың теңге (республикалық бюджеттен – 61 млн. 9 мың теңге, облыстық бюджеттен 5 млн. теңге) жоспарланып, 65 млн. 996 мың теңгесі игерілді.
- Шиелі кенті Жүргенов көшесі №5 көпқабатты тұрғын үйді жаңғырту жұмыстарына 30 млн. 705,0 мың теңге жоспарланып, 9 млн. 211,5 мың теңгесі игерілді. Игерілмеу қаупі бар қаржы 21 млн. 493,5 мың теңге. Себебі көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары бүгінгі күнге дейін өз қаражаттары есебінен ішінара жаңғырту жұмыстарын жүргізгендерін айтып, республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға көпқабатты тұрғын үйдің шатырына ғана жаңғырту жұмыстарын жүргізуге келісім беріп отыр.
- Білім бөлімінен - Ақмая елді мекеніндегі №49 орта мектептің күрделі жөндеу жұмысына 221 млн. 230,4 мың теңге;
- Ақмая ауылдық округінен Ақмая елді мекеніне көше жарығы бағаналарын орнату жұмысына 1 млн. 966,5 мың теңге;
- Ақмая елді мекені Ы.Жақаев автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысына 43 млн. 778,7 мың теңге.
- Шиелі ауданы Тартоғай елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы жұмысына 441 млн. 474,3 мың теңге (республикалық бюджеттен – 377 млн. 282,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 64 млн. 192,3 мың теңге). Мемлекеттік сатып алудан 13 млн. 512,8 мың теңге үнемделген.
- Шиелі ауданы М.Шоқай(Сұлутөбе) елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы жұмысына 279 млн.
31,7 мың теңге (республикалық бюджеттен – 235 млн. 432,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 43 млн. 599,7 мың теңге) Мемлекеттік сатып алудан 60 млн. 871,5 мың теңге үнемделген.
- республикалық бюджет есебінен - 514 млн. 477,3 мың теңге;
- облыстық бюджеттің ішкі қарыздар есебінен - 1 млрд. 791 млн. 681,9 мың теңге бөлінді.
Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 18 объектіге мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстары жарияланып, бүгінгі күнге барлық объектінің қорытындысы шығып, жеңімпаз мердігерлер анықталған.
Анықталған 18 объект бойынша 298 млн. 817,5 мың теңге қаржы үнемделді. Оның республикалық бюджет есебінен 93 млн. 50,1 мың теңге толықтай бюджетке қайтарылды. Облыстық бюджеттің ішкі қарыздар есебінен 205 млн. 767,4 мың теңгенің бүгінгі күнге 123 млн 295,2 мың теңгесі бюджетке қайтарылды (қалдық 82 млн. 472,2 мың теңге). Бүгінгі күнге 10 объекті жұмысын толығымен аяқтап, 727 млн. 560,8 мың теңге игерілді (республикалық бюджеттен – 196 млн. 237,6 мың теңге, облыстық бюджеттен – 531 млн. 323,2 мың теңге).