Аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің ХАТТАМАСЫ

Аудан әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістің

ХАТТАМАСЫ

 

Шиелі кенті                                                                                            2026 жылғы 06 қаңтар

                                                                                                                                 сағат: 10:00

 

Төрағалық еткен:

                                                 Аудан әкімі - А. Жандарбеков

Қатысқандар:

Аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім,

мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері

 

І. «Цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту туралы»

(А. Жандарбеков, Ғ. Каримов)

 

1.1 Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ғ. Каримов): Облыстық цифрлық технологиялар басқармасын құру жұмыстары жүргізілуіне орай, заң аясында аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдерге
қосымша функциялар жүктеу бойынша ұсыныстар әзірлеп ұсынсын. (мерзімі: 13.01.2026 жылға дейін).

***

 

ІІ. Қосымша мәселелер

(А. Жандарбеков, А. Алдабергенов, А. Дүйсенбаев, Ғ. Каримов, дербес бөлім,

мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері)

 

2.1. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Ғ. Каримов):

1) Аудан бойынша соңғы бір жылда білім және денсаулық саласында жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер есебін әзірлеп, аудан әкіміне ақпарат ұсынсын.  (мерзімі: 13.01.2026 жыл).

2) Күзгі мерзімді әскерге азаматтарды шақыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастырмаған және белгіленген межені орындамаған ауылдық округ әкімдерінің жауапкершілігін қарау жөнінде аудан әкіміне ұсыныс әзірлесін. (мерзімі: 08.01.2026 жылға дейін).

2.2. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы (Е. Абдрахманов к/б), Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (Ж. Ақбергенов), Кент және ауылдық округ әкімдері бірлесіп, Салық базасын ұлғайту мақсатында, аудан аумағында жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлерлік субъектілерін салық төлеушілер ретінде тіркеу жұмыстарын жандандырсын. (мерзімі: тұрақты).

2.3. Аудан әкімінің орынбасары (А. Алдабергенов), Аудандық экономика және қаржы бөлімі (М. Жұмаділ): Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің теңгеріміндегі ғимаратты Халыққа қызмет көрсету орталығының (ЦОН) теңгеріміне өткізу жұмыстарын жандандырып, заңға сәйкес шаралар қабылдасын. (мерзімі: 02.02.2026 жыл).

2.4. Шиелі кенті және Еңбекші, Жиделіарық, Керделі ауылдық округ әкімдері: Ауданда жаңадан ашылатын нысандардың айналасының және маршрут бойынша жол бойының санитарлық тазалығын қамтамасыз етсін. (мерзімі: 10.01.2026 жыл).

2.5. Аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (Ж. Ақбергенов), Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі (Н. Бағдатұлы): Аймақ басшысының қатысуымен жаңадан пайдалануға берілетін нысандарға жауапты мердігерлердің болуын қамтамасыз етсін. (мерзімі: 12.01.2026 жыл).

2.6. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Ғ. Аманжолов):
Тұрғын үй кілті табысталатын отбасылардың уақытылы болуын қамтамасыз етсін. (мерзімі: 12.01.2026 жыл).

2.7. Аудандық полиция бөлімі (Б. Муханов к/б): Аймақ басшысының іс-сапарына сәйкес бекітілген маршрут бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін. (мерзімі: 12.01.2026 жыл).

2.8. Аудандық ветеринариялық станциясы (Б. Бекхожаев к/б): Аймақ басшысының іс-сапарына сәйкес бекітілген маршрут бойынша жол бойында үй жануарлары мен иесіз ит-мысықтардың жүрмеуін қатаң бақылауда ұстасын. (мерзімі: 12.01.2026 жыл).

2.9. Осы тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарларына жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                    А. Жандарбеков

Хаттама
Дата публикации
09 января 2026