2025 жылғы 21 желтоқсанда өткізілген Жуантөбе ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2025 жылғы 21 желтоқсанда өткізілген Жуантөбе ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

          2025 жылғы 21 желтоқсанда Шиелі ауданының Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

          Жуантөбе ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №295 учаскелік сайлау комиссиясының және Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Жуантөбе ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 1983 адам енгізілген.

          Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 1263 адам.

          Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 12 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 9.

          Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам ұсынылып, дауысқа түсті.

Дауыс беру қорытындысымен: 

          Кандидат Байдүйсенов Тайыр Жомартұлы үшін – 154 дауыс, кандидат Құлмағанбетов Асылхан Нұржанұлы үшін – 73 дауыс, кандидат Примбетов Кайыркен Дайрабаевич үшін – 1020 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен – 7 дауыс берілді.

          Дауыс беру қорытындысымен Примбетов Кайыркен Дайрабаевич Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

            Примбетов Кайыркен Дайрабаевич 1990 жылы туған, ұлты қазақ, «Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, AMANAT партиясымен ұсынылған.

 

                    Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат
Дата публикации
22 декабря 2025