2025 жылғы 21 желтоқсанда өткізілген Жуантөбе ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

2025 жылғы 21 желтоқсанда өткізілген

Жуантөбе ауылдық округі әкімін сайлаудың

қорытындысын анықтау және жариялау туралы

 

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және 2025 жылғы 21 желтоқсанда өткізілген Жуантөбе ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижесі туралы №295 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Примбетов Кайыркен Дайрабаевич Жуантөбе ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2025 жылғы 21 желтоқсанда өткізілген Жуантөбе ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                           М.Дулатов                 

 

Шиелі ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                          Е.Оспанов

 

АСК-25/

21.12.2025 ж.

 

Шешім
Дата публикации
22 декабря 2025