ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» КММ-нің

қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

 

30 мамыр 2025 жыл                                                                                  Шиелі кенті

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Бөлім) құрылымдық бөлімдерінің қызметі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы
    №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бөлімнің
 2025 жылғы 15 сәуірдегі №56 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

 

Рахманов Уалихан Уайдаұлы

Бөлім басшысының орынбасары, топ жетекшісі;

Жебегенов Жандос Жанәсілұлы

Бюджетті жоспарлау секторының меңгерушісі, топ мүшесі;

Казиева Ильмира Есенжоловна

 

 

Бюджеттің атқарылуы секторының меңгерушісі, топ мүшесі;

Абдисадиков Алиахмед Сейтпенбетович

 

Экономика және коммуналдық меншік секторының меңгерушісі, топ мүшесі;

Көбегенова Мира Сәрсенбайқызы

Бюджетті жоспарлау секторының бас маманы, топ мүшесі;

Ергазина Ғазиза Нұрланбекқызы

Бюджетті жоспарлау секторының бас маманы, топ мүшесі;

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауымен 2024 жылдың
    01 сәуірі мен 2025 жылдың 02 мамыр аралығындағы жұмыс кезеңі қамтылды;
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 04-15 сәуір аралығында жүргізілді;
  3. Бөлім басшысының орынбасары У.Рахманов топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық жасау, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

          СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Бөлімнің қызметін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерде
(әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Талданатын объект туралы мәліметтер:

Бөлімнің құзыреті шегінде стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау және аудандық бюджетті атқару, бухгалтерлік бюджеттік есепті және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жүргізу, Шиелі ауданының коммуналдық меншігін басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Шиелі ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Бөлім  өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

Мекен-жайы: Шиелі кенті, Т. Рысқұлов көшесі №6 Б.

  1. Бөлімнің қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлімде өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының                     2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы;

- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы
№790 қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы
18 қыркүйектегі №403 бұйрығы;

- «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 185 бұйрығы;

- «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірле және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы;

- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі;

- «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет»

- «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 06 қарашасындағы №72 бұйрығы;

          - «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы миниистрінің 2014 жылғы
18 қыркүйектегі № 403 бұйрығы.

          - «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
30 желтоқсандағы №195 бұйрығы. 

- Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқаруі туралы Заңы;

- «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы.;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

- «Мемлекеттік  мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығы;

-  «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.м. 02.08.2011 жылғы №390 бұйрығы;

- «Бюджеттік мониторинг жүргізу  нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 30.11.2016 жылғы  №629 бұйрығы;

- «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 15.06.2010 жылғы №281 бұйрығы;  

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлік құралдарын күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы
11 тамыздағы №1210 қаулысы.

- «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 75 бұйрығы.

Нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу нәтижесінде мынадай қызметтердің процестерін реттеу бойынша құқықтық олқылықтарды анықтады:

2.1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 185 бұйрығына сай мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының дерекқоры пайдаланылатындағы көрсетілген. Алайда қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталының баға модулі бойынша көптеген тауарлардың, қызметтердің бағасының орташа құнын анықтауда қиындықтар туындауда, себебі мемлекеттік сатып алу порталының баға модулінде көптеген тауарлар мен қызметтердің құны қамтылмағандықтан, бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған прайстардағы тауарлардың, қызметтердің нақты бағасы сол сомаларда тұратындығын дәлелдеу мүмкін емес. Сол себепті  бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің тауарлармен қызметтерге ұсынатын прайс парақтарының қымбат бағамен алып келуіне жағдай туғызады.

Ұсынылады. ҚР Қаржы министрінің №185 бұйрығымен бекітілген бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидасының 46-тармағында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлерін есептеу  «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағаналар деректерін пайдаланады. Осыған сәйкес бюджетті тиімді жоспарлау мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағаналар дерекқорын жетілдіру ұсынылады.

2.2. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі
№ 185 бұйрығына сай бюджеттік инвестициялық жобаларды, негізгі құралдарды жөндеуді  (жобалық сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысын) талап ететін жобаларды қоспағанда, 01-159 ерекшелік бойынша ғимараттарды, орын-жайларды жабдықтарды және басқа негiзгi құралдарды ұстау бойынша қызметтер көрсетуге жоспарланған шығыстарды негiздеу үшiн дефектi актiсi мен сметалық құжаттама қоса берілетіндігі көрсетілген. Алайда аталған қызметтер мен жұмыстарға жобалау сметалық құжаттар бойынша мемлекеттік сараптамалардың қорытындылары алынбайтындықтан және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарда  жобалау сарапшы мамандар көзделмегендіктен жобалау сметалық құжаттамаға негізсіз шығындар қосылып, жобаның қымбат бағада ұсынылу тәуекелі бар. «Мысалы ғимараттарды, орынжайларды ағымдағы жөндеу бойынша ұсынылған жобалық сметалық құжаттамада орындалатын жұмыстардың тізбесінен ауытқу немесе орындалатын жұмыстардың қайталануы сияқты бұзушылықтар орын алуы ықтимал».

Ұсынылады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылған жобалық сметалық құжаттамаларды зерделейтін жобалау сарапшы мамандармен қамтамасыз етіп, үлгілік штаттарын енгізіп беру сұралады.

2.3. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 1-бабына сәйкес бір терезе қағидаты ұғымы қабылданып, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын барынша шектеу көзделген.

Осы орайда, қызметті электронды түрде көрсету, сондай-ақ қызмет алушы мен қызмет берушінің арасында тиісті қарым-қатынасты болдырмау мақсатында «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын) ақпараттық жүйесі енгізілді.

Енді кезекте, мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсету кезінде мемлекеттік қызметті алушыны тыңдалымға шақыру орынсыз, себебі:

1) бұл сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне алып келу ықтималдығын;

2) бұл мемлекеттік органдағы қағазбастылықтың көбеюін;

3) бұл қызмет алушыны әуре-сарсаңға салу ықтималдығын жоғарлатады.           Ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде тыңдалым өткізу тәртібін алып тастау немесе оны барынша автоматтандыру  бағытында тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу беру қажет етіледі.

ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Кадрлық құрам бойынша 01.04 - 31.12.2024 жылдары аралығындағы  бөлім құрылымының штат саны 29 адамды құрады. (бөлім басшысы-1, бөлім басшысының  орынбасары-1, сектор меңгерушісі-3, бас маман-5, әдіскер маман-11, бөлімнің іс жүргізушісі -1, автокөлік жүргізуші-1, 3-қарауыл,  2-еден жуушы, 1-от жағушы бірлік (маусымдық)

Кадрлық құрам бойынша 2025 жылдың 3 айы бойынша  бөлім құрылымының штат саны 29 адамды құрады. (бөлім басшысы-1, бөлім басшысының  орынбасары-1, сектор меңгерушісі-3, бас маман-5, әдіскер маман-11, бөлімнің іс жүргізушісі -1, автокөлік жүргізуші-1, 3-қарауыл,  2-еден жуушы, 1-от жағушы бірлік (маусымдық) Есепті мерзімде, бөлім қызметкерлерінің әрекеттеріне және моральдық-этикалық жағынан шағымдар келіп түспеген.

Сондай-ақ, есепті кезеңде жұмыс нәтижелеріне қарамастан, талдау объектісінің лауазымды адамдарының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу дерегі болмаған.

Есепті кезеңде заңнаманың бұзылуын, жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шараларды қолданбау орын алған жоқ.

Жалпы, ішкі талдау барысында персоналды басқару бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Тәртіптік жауапкершілік 2024 жылдың II-жартыжылдығы бойынша мемлекеттік қызметшілерге қолданылмаған.

Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

Тәртіптік жауапкершілік 2025 жылдың І-тоқсанында мемлекеттік қызметшілерге қолданылмаған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі.

 

 

Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімі:

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Бөлім басшысы

 

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

 

«Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту негізгі шартқа қосымша келісім жасасу жолымен және одан әрі ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады» делінген. Яғни, жасасқан шартты шексіз рет ұзартып отырудың мүмкіндігі қарастырылған.

Өз кезегінде, Қағиданың 6-тармағының үшінші абзацына сәйкес Жалға алушының Шарттың қолдану мерзімін ұзарту жөніндегі өтінішіне теңгерім ұстаушы жазбаша бас тартпаған жағдайда, қосымша келісім арқылы негізгі Шарттың мерзімі ұзартылады. Бұл жағдайда, Жалға беруші тарапынан Шарт мерзімін ұзартуға келісім беру немесе бас тарту бойынша шешім қабылдаудың мүмкіндіктері қарастырылмаған.

Теңгерім ұстаушымен жалға алушының арасындағы өз ара келісөздер жүргізіп нысанның жалға алу мерзімін создыруға жол берілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

Шиелі ауданының

Бюджетті жоспарлау секторының меңгерушісі

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына сай бюджеттік инвестициялық жобаларды, негізгі құралдарды жөндеуді  (жобалық сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың немесе кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысын) талап ететін жобаларды қоспағанда, 01-159 ерекшелік бойынша ғимараттарды, орын-жайларды жабдықтарды және басқа негiзгi құралдарды ұстау бойынша қызметтер көрсетуге жоспарланған шығыстарды негiздеу үшiн дефектi актiсi мен сметалық құжаттама қоса берілетіндігі көрсетілген. Алайда аталған қызметтер мен жұмыстарға жобалау сметалық құжаттар бойынша мемлекеттік сараптамалардың қорытындылары алынбайтындықтан және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарда  жобалау сарапшы мамандар көзделмегендіктен жобалау сметалық құжаттамаға негізсіз шығындар қосылып, жобаның қымбат бағада ұсынылу тәуекелі бар. «Мысалы ғимараттарды, орынжайларды ағымдағы жөндеу бойынша ұсынылған жобалық сметалық құжаттамада орындалатын жұмыстардың тізбесінен ауытқу немесе орындалатын жұмыстардың қайталануы сияқты бұзушылықтар орын алуы ықтимал».

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы жоғары

 

ІV. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Бөлімді талдау кезінде сыйлықақы алу рәсімдеріне талдау жасалды. Бөлім басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметшілерден бастап штаттан тыс қызметкерлерге дейін сыйақы беріліп отырған.

Анықтама үшін: «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысының талаптарына сәйкес сыйақы және басқа да қаржылай көтермелеу шаралары жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алмаған. Кадрлық қамтамасыз ету қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактілер орын алмаған.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Бөлімде 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

Бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты шағымдар келіп түскен жоқ.

2024 жылдың II-жартыжылдығы бойынша 108 өтініш түсіп, дәлелді бас тартулар – 10.

2025 жылдың 3 айы бойынша 15 өтініш түсіп, дәлелді бас тартулар – 6.

  1. Рұқсат беру функцияларына іске асыру.

Бөлімде рұқсат беру функциялары тиісті заңдылыққа сәйкес жүзеге асырылуда.

Аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында Бөлімде сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтары орын алмады.

VII. Бақылау функцияларын іске асыру.

Бөлімде бақылау-қадағалау функциялары жүзеге асырылмайды.

VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Бөлім бойынша 01.04-31.12.2024 жылдары бойынша бөлінген бюджет қаражаты туралы мәлімет.

Бөлінген қаржы – 4566802;

Игерілген қаржы – 4648300;

Игерілмегені – 200,0.

2025 жылдың 3 айы бойынша

Бөлінген қаржы –5556765;

Игерілген қаржы – 4721117;

Игерілмегені – 12000.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

Мемлекеттік сатып алу мәселері.

01.04 - 31.12.2024 жылдары бойынша:

Бөлімнің мемлекеттік сатып алу жоспары «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімінің» 2024 жылға арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бөлім басшысының 2024 жылғы  30 қаңтарындағы №4 бұйрығымен бекітілген.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 45, бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасау арқылы – 15 шарт жасалған.

2025 жылдың 3 айы бойынша: Бөлімнің мемлекеттік сатып алу жоспары «Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлімінің» 2025 жылға арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бөлім басшысының 2025 жылғы 03 ақпанындағы №8 бұйрығымен бекітілген.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы – 53, бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасау арқылы – 23 шарт жасалған.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Бөлімде ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану жүйесі қарастырылмаған.

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты:

Шиелі ауданының экономика және қаржы бөлім басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдауды жүргізу кестесі, «сенім телефоны» бекітіліп, бөлімнің фейсбук парақшасында орналасқан.

01.04 - 31.12.2024 жылдары бойынша барлығы   өтініш келіп түскен. 

Жеке тұлғадан-1;

Заңды тұлғадан-2;

Ұжымдық – 0.       

2025 жылдың 3 айы бойынша:

Жеке тұлғадан- 3;

Заңды тұлғадан-;

Ұжымдық –0 .

Өтініштердің басым бөлігі «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша, кепілде тұрған жылжымайтын мүлікті кепілден шығару  мәселелері қаралады.

Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың  жолданымдарына заң бұзушылық туралы ұсынымдар келіп түскен жоқ.

Барлық өтініштер ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тиісті жауаптар берілуде.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың кері салдарын қалыптастыру мақсатында қазақ және орыс тілдерінде жазылған жадынамалар бөлімде көрнекті жерге ілінген.

Бөлімдегі жалпы құжат айналымы:

01.04 - 31.12.2024 жылдары бойынша барлығы: 4220; кіріс – 2670 , шығыс –1550.

2025 жылдың 3 айы бойынша барлығы:1444; кіріс -911, шығыс – 533.

Талдау нәтижесінде бөлімнің қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкестіктерді жою бойынша         ҰСЫНЫЛАДЫ:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жою мақсатында:

  1. ҚР Қаржы министрлігіне:

1.1. ҚР Қаржы министрінің №185 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларының 47-тармағында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлерін есептеу,  «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағаналар деректерін пайдаланады. Осыған сәйкес бюджетті тиімді жоспарлау мақсатында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағаналар дерекқорын жетілдіру ұсынылады.

1.2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылған жобалық сметалық құжаттамаларды зерделейтін жобалау сарапшы мамандармен қамтамасыз етіп, үлгілік штаттарын енгізіп беру сұралады.

  1. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне:

2.1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде тыңдалым өткізу тәртібін алып тастау немесе оны барынша автоматтандыру  бағытында тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу сұралады.

 Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмыс тобы мүшелері

Рахманов Уалихан Уайдаұлы

 

Бөлім басшысының                       орынбасары, топ жетекшісі;

 

Жебегенов Жандос Жанәсілұлы

 

 

Бюджетті жоспарлау секторының меңгерушісі, топ мүшесі;

 

Казиева Ильмира Есенжоловна

 

 

 

 

 

 

Бюджеттің атқарылуы секторының меңгерушісі, топ мүшесі;

Абдисадиков Алиахмед Сейтпенбетович

 

 

 

Экономика және коммуналдық меншік секторының меңгерушісі, топ мүшесі;

 

Көбегенова Мира Сәрсенбайқызы

 

 

Бюджетті жоспарлау секторының бас маманы, топ мүшесі;

 

Ергазина Ғазиза Нұрланбекқызы

 

 

Бюджетті жоспарлау секторының бас маманы, топ мүшесі;

 

Қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

      Бөлім  басшысы                                                              М. Жұмаділ

Дата публикации
12 декабря 2025