ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау  нәтижелері бойынша

 

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» КММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау  нәтижелері бойынша

 

31 наурыз 2025 жыл                                                                                    Шиелі кенті

 

КІРІСПЕ БӨЛІМІ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - Бөлім) қызметі болып табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығын және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды бөлімнің 2025 жылғы 24 ақпандағы №81/1 бұйрығымен құрылған келесі құрамдағы жұмыс тобы жүргізді:

Бөлім басшысының орынбасары Баймағанбетов Даулет Әлмағанбетұлы -                 топ жетекшісі;

Бөлімнің әлеуметтік төлемдер және қаржы-шаруашылық секторының меңгерушісі Абилова Айнур Рахметуллақызы – топ мүшесі;

Мүгедек және ардагерлермен жұмыс жасау секторының меңгерушісі Сейтжапбарова Айнаш Кембілбайқызы – топ мүшесі;

Жұмыспен қамту және әкімшілік секторының меңгерушісі Қожаева Айымжан Темірханқызы – топ мүшесі;

Жұмыспен қамту және әкімшілік секторының бас маманы Әбжапбар Мейрамбек Балтабекұлы – топ мүшесі;

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау 24.02.2025 - 28.02.2025 жыл аралығында жүргізілді.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен 2024 жыл мерзімі қамтылды.
  3. Бөлім басшысының орынбасары Д. Баймағанбетов топ жетекшісі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық жасау, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

 

СИПАТТАМА БӨЛІМІ:

І. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Бөлімнің құзіреті халықты жұмыспен  қамту, әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік төлемдердің көрсетілуін ұйымдастыру болып табылады.

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

Мекен-жайы: Шиелі ауданы, Шиелі кенті, М.Шоқай көшесі №53
 әкімшілік ғимарат.

  1. Бөлімнің қызметіне, оның ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыс тобы кодекстерді, заңдарды, бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын нормативтік құқықтық актілерді зерделеді.

Бөлім қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

«Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224- VII ҚРЗ Кодексі

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның отбасының жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №181 бұйрығы;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы             4 желтоқсандағы Заңы және басқа да қолданыстағы құқықтық актілер.

ІІІ. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

2024 жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер – 10 штаттық бірлік.

Штаттан тыс қызметкерлер саны – 24 бірлік.

Бос мемлекеттік қызметке жарияланған конкурстардың саны-1

          Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

Бөлім бойынша. 2024 жылы бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны-10 штат болып бекітілді.

         2024 жылы 2 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылып, мерзімінен бұрын алынбаған. 

2024 жылы 1 мемлекеттік қызметкер басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты жұмыстан босатылды.

Қазіргі таңда, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған мәлімеметтерге сәйкес, Бөлім қызметшілері әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылық әрекеттерін жасамағандықтары анықталды.

Шиелі ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Кадр мәселелерін реттеу барысында құқықтық мәселелер немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.2. Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII               ҚРЗ Кодексінің 54-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланатын көлік құралдарына және ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп шығуына ұлттық стандартқа сәйкес жағдай жасауға міндетті делінген;

1 ҰСЫНЫМ:  ҚР «Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 25-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланатын көлік құралдарына және ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп шығуына ұлттық стандартқа сәйкес жағдай жасауға міндетті делінген;

ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы                   24 сәуірдегі №235 бұйрығына сәйкес Халықтың жүріп-тұруы шектеу топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етілді, оны халықтың ілеуметтік қорғау органдары растайды делінген.

Қазіргі уақытта растауды жүргізуші жергілікті атқарушы орган ретінде әлеуметтік бөлімнің маманы жүргізіп келеді. Әлеуметтік салада біліктілік талаптары бойынша экономика, құқық, педагогика, және әлеуметтік бағыттағы мамандықтары бар қызметкерлер қызмет атқарады.

Жаңа салынған ғимараттың құрылыс нормаларына және стандарттарына сәйкестігін растауды құрылыс саласындағы мамандарға қызмет қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік саланың мамандары ғимараттың мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігінқұрылыс нормалары сәйкестігін қарап, оған қорытынды шығаруда құрылыс немесе сәулет саласының мамандарындай қорытынды бере алмайды. Яғни , әлеуметтік сала мамандары мүгедектігі бар адамдарға қолжетімділікті қарап, қорытынды шығару кезеңінде құрылыс және сәулет саласының мамандары болмағандықтан, аталған қорытынды бойынша құзырлы органдармен тексеру қорытындысы заңсыз болып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол берген деген қорытындыға келеді деп тұжырымдаймыз.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 сәуірдегі №235 бұйрығының                                        3-қосымшасындағы нысанға сәйкестік туралы декларацияның                                  13 қаңтарында «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етілді, аталған функцияны құрылыс немесе сәулет бөлімдерінің құзіретіне беру туралы өзгерісті енгізу ұсынылады.

2 ҰСЫНЫМ: Мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының талаптарына сәйкес мемлекеттік корпорацияның қызметтері өтінішпен қоса тіркелген құжаттардың электронды көшірмелерін қоса бере отырып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүйесінде электрондық өтінім рәсімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жолдайды.

Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызмет түрі бойынша шешімді қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарының келісімін күтеді.

Қағиданың 15-тармағында жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көзделген талаптарына сәйкестігін тексереді, оның ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы өтініште көрсетілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне сәйкес келетін тексеретіндігі белгіленген.

Тексеру барысында еңбекші көшіп келушілердің Қазақстан республикасына кірген және шыққан уақыттарында ішінара қателіктер кетуінен электронды ұсынылған құжаттардан нақты қанша уақытқа келгенін кейбір жағдайларда анықтау мүмкіндігі жоқ.

Сол себепті тиісті төленетін АЕК-тің нақты көлемін анықтау қиындық туғызады. Бұл жағдай «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша еңбекші көшіп келушілерге жұмыс беруші ҚР-ның азаматы ақпараттық жүйеге көшірмесі алынған құжаттардың толық енгізілмеуі рұқсат беруші орган маманын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі ықтимал.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетел жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне, қызметте еңбекші көшіп келушілердің ҚР-да келген кеткен уақытын нақты көрсететін функциялардың қажеттігін ескере келе интеграциялау ұсынылады, ҚР ІІМ-нің автоматтандырылған жүйесін интеграцияланған жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

«Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-сі:

Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі

Мемлекеттік қызметті көрсететін мамандар және жауапты мамандар

(сектор меңгерушісілері және бас мамандар)

Тәртіптік теріс қылықтың түрін анықтау

ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының               27-тармағына сәйкес тәртіптік теріс қылықтың түрлерін айқындап, нәтижесімен тәртіптік жаза қолдану көзделген.

Мәселен, мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасаған сәтте алынбаған тәртіптік жазасы болса, заңнама талаптарына сәйкес қатаң жазалар қолдану көрсетілген. Алайда, жұмыспен қамту және әкімшілік секторының маманы тәртіптік жаза қолдану барысында бұл талаптары қасақана немесе абайсыздан есепке алмаған жағдайда мемлекеттік қызметшіге жеңіл тәртіптік жаза қолдануға мүмкіндік туындайды.

Бұндай деректер 2024 жыл кезеңінде орын алмаған, дегенмен, алдағы уақытта орын алу мүмкіндігінің ықтималдығы төмен.

         

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу. (2024 жыл)

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы мүдделер қақтығысы орын алмаған.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету.

(мүгедек және ардагерлермен жұмыс жасау секторының қызметі, жұмыспен қамту шаралары және атаулы әлеуметтік көмек)

2024 жылы 14 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде                     284 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Электронды үкімет порталы арқылы – 1807, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 2024.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы                       15 сәуірдегі №123 бұйрығымен «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидасы» бекітілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап мемлекеттік қызметті көрсетуде.

Бөлім тарапынан 2024 жылы 2221 өтінім түскен, оның 1311-не еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берілген, 585-і ұзартылған және 325 бас тарту қызметтері көрсетілген.

  1. VI. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша еңбекші көшіп келушіге жұмыс істеуге рұқсат беру функциясы бар.

VII. Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Бақылау функциясы бөлім тарапынан көрсетілмейді.

VIII. Бюджет және қаржыны игеру, бөлу.

2024 жылы қаржыны игеру туралы мәлімет. (мың.теңге)

Бөлінген қаржы – 1511955,6 мың теңге

Игерілгені – 1511634,1 мың теңге

Игерілмегені – 321 мың теңге

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

2024 жыл бойынша: Бөлімнің сатып алу жоспары бойынша 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу - 4, баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы - 91, сәтсіз сатып алулар үшін бір көзден - 12, тікелей келісім шарт жасау арқылы бір көзден - 4, жалпы – 111.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

«Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Е-Собес, Е-Акимат, Е-Халық,                      Е-Қызмет, Еңбек нарығы және Е-өтініш автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен жұмыс жасайды.

  1. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Бөлімнің құжат айналымы бойынша:

2024 жылдың 12 айдың қорытындысымен аудан әкімдігінен жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер–161, бөлім басшысының атына жеке және заңды тұлғалардан–65 өтініш келіп түскен. Келіп түскен өтініштердің барлығы Заңдылыққа сәйкес мерзімінде жауап берілді.

Сонымен қатар, Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған жәшігі бөлім ғимаратының 1-ші қабатында орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы, «Электронды үкімет» веб порталы арқылы қызмет көрсету үлесін 100% болуына және заңмен көзделген мерзімде орындалуы қатаң тапсырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бөлім қызметкерлеріне және бөлімге қарасты орталық қызметкерлеріне жиналыс өткізіліп, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру, жақын туыстарының жұмыс істеуіне жол бермеу, тұлғалардан сыйлықтар қабылдау, «Пара алу және пара беру» деректеріне жол бермеу жөнінде қатаң ескертілді.

 

                                 ҰСЫНЫМДАР

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша:

1.1.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 сәуірдегі №235 бұйрығының 3-қосымшасындағы нысанға сәйкестік туралы декларацияның 13 қаңтарында «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етілді, аталған функцияны құрылыс немесе сәулет бөлімдерінің құзіретіне беру туралы өзгерісті енгізу ұсынылады;

1.2.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына:

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетел жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне, қызметте еңбекші көшіп келушілердің ҚР-да келген кеткен уақытын нақты көрсететін функциялардың қажеттігін ескере келе интеграциялау ұсынылады,               ҚР ІІМ-нің автоматтандырылған жүйесін интеграцияланған жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады.

2.Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкесіздіктерді жою бойынша ұсыныстарды орындау және уәкілетті органға хаттар жолдауға қатысты іс-шара жоспарын құру.

 «КЕЛІСІЛДІ»

 

Жұмыс тобының жетекшісі және мүшелері:

 

Жұмыс тобының жетекшісі                                       Д. Баймағанбетов

 

          Топ мүшесі:                                                                  А.Қожаева

 

Топ мүшесі:                                                                  А. Сейтжапбарова

 

Топ мүшесі:                                                                  А. Абилова

 

Топ мүшесі:                                                                  М. Әбжапбар

 

   

            Қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін ұсынылды:

 

 

          Бөлім басшысының орынбасары                             Д.Баймағанбетов
                                                                            

 

                                                                                                              «Бекітемін»

                                                                                      Шиелі ауданының  жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы

____________А. Төлегенов

«____»___________2024 ж

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

«Шиелі ауданының  жұмыспен  қамту және әлеуметтік                          бағдарламалар бөлімі» КММ-сі

 

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 24 сәуірдегі №235 бұйрығының 3-қосымшасындағы нысанға сәйкестік туралы декларацияның 13 қаңтарында «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қол жеткізу қамтамасыз етілді, аталған функцияны құрылыс немесе сәулет бөлімдерінің құзіретіне беру туралы өзгерісті енгізу ұсынылады;

Ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

А. Сейтжапбарова

С. Айтжанова

 

Жыл көлемінде

2.

«Шетел жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне, қызметтер еңбекші көшіп келушілердің ҚР-да келіп-кеткен уақытын нақты көрсететін функционалын енгізу туралы ҚР ІІМ-нің автоматтандырылған жүйесін интеграцияланған интеграциялау туралы.

Ұсыныс хаттың жобасын әзірлеу

 Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

А. Қожаева

М.Әбжапбар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 декабря 2025