Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтама

Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық

дамуы туралы анықтама

 

Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га.

Қазіргі таңда аудандағы 33 елді мекенде барлығы 85 615 адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында 35 771 адам, ауылдық елді – мекендерде               49 844  адам тұрады.

2025 жылдың 1 желтоқсанға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері статистика органдарымен қортындыланды.

Жалпы экономикалық тұрғыдан алғанда ауданда тұрақты жағдай қалыптасты.

Қаржы-салық саясаты.

Кірістер бойынша:

Аудандық бюджеттің кірісі 2025 жылдың 1 желтоқсанға болжамдалған 13 млрд. 485 млн. 568 мың теңгенің орнына                                        13 млрд. 671 млн. 666 мың. теңгеге немесе 101,4 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған  6 млрд. 88 млн. 380 мың. теңгенің орнына 7 млрд. 117 млн. 248 мың теңге болып 116,9  пайызға орындалды.

Шығыстар бойынша:

Аудан бюджеті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанға жалпы
13 млрд. 485 млн. 568 мың теңгеге жоспарланды. 11 айдың қорытындысымен 13 млрд. 460 млн. 275 мың теңгеге немесе 99,8 пайызға орындалды.  

Өнеркәсіп өнімін өндіру.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары ағымдағы жылдың 11 айында 71 млрд. 39 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді, 2024 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 100,3  пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемі 59 млрд 618 млн. теңгеге жетіп, 100.1 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі
73 млрд. 741 млн теңгені құрады немесе 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103.3  пайызды құрады.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 19 млрд. 572 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 131,8 пайызды құрады.

Жеке тұрғын үй құрылысы жалпы ауданы 74870 шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,2 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 14 млрд. 732 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,1 пайызды құрады.

Ауылшаруашылық саласы.

Аудан бойынша ауылшаруашылығы құрылымдары 52 млрд. 587 млн. теңгенің өнімін өндірді, былтырғы жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 103,6  пайызды  құрады.

2025 жылдың 1 желтоқсанғатірілей салмақта 4485 тонна ет, 12249 тонна сүт, 2307 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 103,5 пайызға, сүт 112,9 пайызға, жұмыртқа 123 пайызға  орындалған.

Мал шаруашылығы

          2025 жылдың 1 желтоқсанға ірі қара 85785 басты, уақ мал 135459 басты, жылқы 25746 басты, түйе 1867 басты, құс 30669 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 95.8 уақ мал 96,2 жылқы 97,5, түйе 100,3  пайызды құрады.

Шағын кәсіпкерлік.

2025 жылдың 1 желтоқсанға ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6429 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 99,5 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-4362, шаруа қожалық-1488, заңды тұлға-579) Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны  6241-і құрап, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің үлесі 97,1 %-ға жетті.

Әлеуметтік сала

Аудан бойынша халық саны 85 615. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36 501, жұмыспен қамтылған адам 34 668. Оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17 000 адам.

Жұмыссыздық деңгей (1 833 адам) 5,0 пайызды құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат
Дата публикации
12 декабря 2025