Шиелі ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы
16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Шиелі ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
- «Шиелі ауданы әкімдігінің жергілікті атқаршуы органдарының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы Шиелі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы
21 шілдедегі №312 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ. Каримовқа жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі А. Жандарбеков