«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы №48/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 109-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 25 710 263, 1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2 223 894 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 18 775, 3 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 34 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 23 433 593, 8 мың теңге;
2) шығындар - 25 893 554, 1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 246 668,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 360 755 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 114 086,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) -- 429 960 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 429 960 мың теңге;
қарыздар түсімі - 360 755 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 114 086, 5 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары -183 291 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
|
М. Салқынбаев |
|
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы |
|
Б. Сыздық |