«Телікөл ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Телікөл ауылдық округінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 77 917 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 542 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 77 375 мың теңге;
2) шығындар - 77 917 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары - 0.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |