Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттар Байдүйсенов Тайыр Жомартұлын, Примбетов Кайыркен Дайрабаевичті, Құлмағанбетов Асылхан Нұржанұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттар Байдүйсенов Тайыр Жомартұлын, Примбетов Кайыркен Дайрабаевичті, Құлмағанбетов Асылхан Нұржанұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының
2)-тармақшасына сәйкес және Шиелі аудандық сайлау комиссиясы мен Шиелі ауданының полиция бөлімінің  2025 жылғы 28 қарашадағы №8-111/4871 санды хатын негізге алып, Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2025 жылдың 21 желтоқсанға тағайындалған Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің сайлауында Жуантөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттар Байдүйсенов Тайыр Жомартұлы, Примбетов Кайыркен Дайрабаевич, Құлмағанбетов Асылхан Нұржанұлы сайлаушылардың жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Жуантөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттар Байдүйсенов Тайыр Жомартұлын, Примбетов Кайыркен Дайрабаевичті, Құлмағанбетов Асылхан Нұржанұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Шиелі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы
    28 қарашадағы хаттамаларына сәйкес кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы шешім Шиелі ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Шиелі ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы

 

М.Дулатов

 

 

Шиелі  ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы

 

Е.Оспанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 қараша 2025 жыл

№29

Шешім
Дата публикации
28 ноября 2025